• Мое избранное
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 573 Жарлығы

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 17.08.2019 жылғы № 120 Жарлығына сәйкес
Редакция 25.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.01.2012 жылғы № 257 Жарлығымен (12.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі; 
2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті                                       Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 21 сәуірдегі
 N 573 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының ТІЗБЕСІ
Тізбе өзгертілді ҚР Президентінің 12.06.2010 жылғы № 996 Жарлығымен (21.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
3. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
3-жол жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.08.2015 жылғы № 75 Жарлығына сәйкес (27.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
5. Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
6. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 
7. Қазақ ұлттық өнер университеті
8. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы  
9. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті 
10. Қазақ ұлттық хореография академиясы
Тізбе 10-жолмен толықтырылды ҚР Президентінің 29.08.2016 жылғы № 313 Жарлығына сәйкес
11. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Тізбе 11-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 25.12.2018 жылғы № 805 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 21 сәуірдегі
N 573 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 27.01.2012 жылғы № 257 Жарлығымен (12.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату тәртібін айқындайды.
2. Қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі
2. Қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның басшысы  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келіскені туралы ақпаратты, сондай-ақ ұсынылып отырған тағайындаудың немесе босатудың себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын қызметке тағайындау үшін кандидатураны немесе қызметтен босату туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.02.2018 жылғы № 643 Жарлығына сәйкес (29.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын қызметке тағайындау үшін ұсынылып отырған кандидатура немесе қызметтен босату туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына тиісті ұсыныс енгізіледі.
4. Мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының лауазымына ұсынылатын кандидатураны тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның басшысы қол қойған мінездеме;
2) кадрлар есебі бойынша жеке парақ;
3) ғылыми еңбектер тізімі;
4) білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының көшірмесі. 
Лауазымға тағайындау туралы ұсыныста мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидаттың қысқаша іскерлік және жеке қасиетінің мінездемесі беріледі. 
Мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының лауазымынан босату туралы ұсынысқа аттестаттау комиссиясының хаттамасы қоса беріледі.
5. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын атқаратын лауазымынан босатуы мүмкін.
3. Аттестаттаудан өтудің тәртібі
  • 1
6. Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысының алғашқы аттестаттаудан өтуі оның қызметке тағайындалған күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін өткізіледі. 
Мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын аттестаттаудан өткізуді аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүргізеді. Комиссияның құрамын қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік орган бекітеді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі. 
Қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның басшысы Комиссияның төрағасы болып табылады.
7. Аттестаттаудан өтуден бір ай бұрын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары Комиссияның төрағасына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі мақұлдаған негізгі жұмыс қорытындылары туралы есеп;
2) жоғары оқу орнын дамыту перспективасына арналған қызмет бағдарламасы;
3) есепті кезеңдегі ғылыми еңбектердің тізімі.
8. Комиссияның отырысында мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары туралы қысқаша есебі және жоғары оқу орнының перспективаға арналған қызмет бағдарламасы тыңдалады.
9. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын тыңдау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді;
3) қайта аттестаттаудан өтуі тиіс.
10. Комиссияның атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдауы аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады және атқаратын лауазымынан босатуға ұсыныс енгізу үшін негіз болады.
11. Қайта аттестаттау осы Ережелерде айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген сәттен бастап алты айдан кейін өткізіледі. Комиссия қайта аттестаттауды жүргізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
12. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. 
Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасы берген дауыс шешуші болып саналады. 
Шешім, егер Комиссия отырысына Комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
13. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссия төрағасы қол қояды және мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының аттестаттау парағына және қызмет ету тізіміне енгізіледі.
14. Комиссия атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдаған жағдайда хаттама қызметтен босату туралы ұсыныспен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жіберіледі.
15. Мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының Комиссия шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына құқығы бар.