• Мое избранное
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 893 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
«Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 18.03.2015 жылғы № 210 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 30 маусымдағы
 № 893 қаулысымен
 бекітілген
  • 2
Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының (бұдан әрі – персонал) техникалық пайдалану қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бiлімді біліктілік тексеру – электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру;
2) біліктілік комиссиясы – тексерілетін адамның атқаратын лауазымына лайықтығын анықтау, сондай-ақ атқаратын лауазымы бойынша қауіпсіздік тобын растау үшін уәкілетті органның шешімімен құрылған комиссия;
3) персонал – электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және тұтынушыларды энергиямен сенімді жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары мен мамандары;
4) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Білімді біліктілік тексеру тәртібі
3. Біліктілік тексеруді жүргізу кестесін уәкілетті орган 15 қаңтарға дейін ағымдағы күнтізбелік жылға бекітеді және білімді біліктілік тексеру жүргізілгенге дейін үш ай бұрын ұйымдарға хабарлайды.
4. Электр энергетикасы саласындағы біліктілікті тексеру:
1) бiлiмді бастапқы тексеру;
2) білімді мерзімдік тексеру;
3) білімді кезектен тыс тексеру болып бөлінеді.
5. Білімді бастапқы тексеру лауазымға тағайындалғаннан кейін бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс өтілі, білімі және қызметке тағайындау бұйрықтың көшірмесі көрсетілген ұйым хатының Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне (бұдан әрі – МЭҚБК) келіп түсуі МЭҚБК-нің білімді бастапқы тексеруді ұйымдастыруға және тестілеу өткізуге арналған өтінімдерді ресімдеуі үшін, сондай-ақ мерзімді тексеру кестесіне енгізу үшін негіз болып табылады.
6. Білімді бастапқы және кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізуге өтінім осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген нысан бойынша ресімделеді.
7. МЭҚБК біліктілік комиссиясының төрағасы бекіткен білімді мерзімді тексеру жүргізу кестесі персоналдың білімін мерзімді тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге негіз болып табылады.
8. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру мынадай:
1) өндірісте жазатайым оқиғаларға жол берген;
2) Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – МЭҚБК АД) инспекторлары жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік қағидалары талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталған, сондай-ақ технологиялық бұзушылыққа немесе жазатайым оқиғаға алып келген электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын бұзуға жол берілген;
3) персоналдың ағат іс-әрекетінің салдарынан жабдықтардың бүлінуіне жол берілген; басқа энергия тұтынушыларды шектеуге және ажыратуға әкеп соқтырған белгіленген энергия тұтыну режимі бұзылған;автоматика, релелік немесе технологиялық қорғау құрылғыларының, байланыс құралдары жалған немесе дұрыс емес жұмыс істеген; техникалық қызмет көрсету мен жабдықтарды жөндеу жұмыстары қанағаттанғысыз ұйымдастырылған; монтаждауда ақау болған; жөндеуде ақау болған жағдайларда;
4) энергетикалық кәсіпорындардың шешімі бойынша:
техникалық пайдалану қағидаларының және қауіпсіздік қағидаларының өрескел бұзушылықтары, персоналдың оларды жеткілікті білмеуі анықталған кезде;
жаңа жабдық пайдалануға берілген немесе оны қайта жаңартқан, басты электрлік және технологиялық схемалар өзгерген кезде тағайындалады.
9. Білімді кезектен тыс тексеру білімді мерзімдік біліктілік тексеру мерзімдерін ауыстырмайды.
10. Білімді біліктілік тексеру 2 кезеңнен тұрады:
1) тестілеу;
2) әңгімелесу.
11. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру кезінде тестілеу техникалық қамтамасыз ету мен тәуелсіз біліктілігін тексеруді жүргізетін заңды тұлға (бұдан әрі – тестілеу орталығы) мен энергетикалық кәсіпорын арасындағы шарт бойынша жүргізіледі.
12. Білімді бастапқы және мерзімдік біліктілік тексеру кезінде тестілеу МЭҚБК мен тестілеу орталығының арасындағы шарт бойынша жүргізіледі.
13. Тестілеу тексерілетін адамның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен жүргізіледі.
14. Басшылар үшін тестілеу сұрақтарының саны 120 сұрақты құрайды.
15. Мамандар үшін тестілеу сұрақтарының саны 100 сұрақты құрайды.
16. Тестілеу уақыты 2 сағатты құрайды.
17. Білімді біліктілік тексерудің тестілеу сұрақтарының тізбесін уәкілетті орган әзірлеп бекітеді. Тест сұрақтарының тізбесі жыл сайын 30 пайызға жаңартылып отырады.
18. Тестілеу нәтижелерін оң деп санау үшін негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттердегі сұрақтар санының 85 %-ын құрайды.
Тестілеу орталығының жауапты адамының мөрі және жеке қолы бар тестілеудің қорытынды нәтижелері тексерілетін адамның қолына беріледі.
19. Тестілеу нәтижелері қанағаттанғысыз болған кезде комиссия хаттама ресімдейді және бірінші тестілеу өткізілген күннен бастап екі аптадан бұрын емес және бір айдан кеш емес мерзімге қайта тестілеу тағайындайды. Қайта тестілеу бір реттен артық өткізілмейді.
20. Тестілеудің нәтижелері қайтадан теріс болған жағдайда МЭҚБК немесе МЭҚБК АД энергетикалық кәсіпорынға тестілеудің нәтижелері туралы ұйым басшылығы мен иеленушісіне хабарлайтын хат жібереді.
21. Әңгімелесу нәтижелері осы Қағидалардың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес білімді біліктілік тексеру комиссиясы отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді.
22. Егер тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болса, персонал білімді біліктілік тексерудің келесі кезеңіне жіберілмейді.
23. Әңгімелесу тестілеуден кейін 10 күн ішінде жүргізіледі.
24. Әңгімелесу өткізу үшін 2 деңгейден тұратын комиссия құрылады: