• Мое избранное
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 588 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
«Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 27.03.2015 жылғы № 237 Бұйрығын қараңыз
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 7 мамырдағы
 № 588 қаулысымен
 бекітілген
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
инвестициялық бағдарлама – экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастар кіретін, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, түгел жаңғыртуға және реконструкциялауға бағытталған қаражат салу және қайтару бағдарламасы;
мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар жеке немесе заңды тұлға;
мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган).
2. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
3. Инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге дейін мұнай өнімдерін өндіруші тұжырымдаманы әзірлейді.
4. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:
оның техникалық бөлігін қоса алғанда, инвестициялық бағдарламаның сипаттамасы;
инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатының тұжырымы;
инвестициялық бағдарламаны іске асырудың алдын ала күнтізбелік жоспарын белгілеу;
инвестициялық бағдарламаның қаржы-экономикалық нәтижелерінің құнын алдын ала есептеу және бағалау;
инвестициялық бағдарламаның тәуекелін алдын ала бағалау;
техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеудің, қажетті консультациялық қызметтің (қажет болған жағдайда) құнын есептеу.
5. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын уәкілетті орган күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды.
6. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын қарайды және мазмұнына қатысты лер болған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын пысықтауды талап ететін бөлімдерге негізді лерді көрсете отырып, пысықтауға қайтарады.
7. Ұсынылған тұжырымдаманың мазмұнына лер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын мақұлдайды.
8. Мақұлданған инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы мұнай өнімдерін өндірушіге оның негізінде инвестициялық бағдарламаны әзірлеу үшін жіберіледі.
  • 1
9. Инвестициялық бағдарламалар мынадай өлшемдерге сай келуі тиіс:
1) ең аз қаржы-экономикалық тәуекелдер;
2) төмен нормативтік және/немесе нормативтен тыс шығындар;
3) жобаның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің оң мәндері – табыстың (кірістіліктің) ішкі нормасы;
4) нарық конъюнктурасына және төлем қабілетті сұраныстың болуына сәйкес оны барынша пайдалану мақсатында заем ресурстарын қарызға алу мен өтеу схемасын оңтайландырумен, өндірістік шығындарды азайтумен, өндірісті әртараптандырумен қамтамасыз етілуі тиіс инвестицияларды өтеудің ең аз мерзімдері;
5) өндірілетін мұнай өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру.
  • 1
10. Инвестициялық бағдарламаның мазмұны мынадай құрылымға сай келуі тиіс:
1) мұнай өнімдерін өндірушінің қысқаша сипаттамасы:
заңды тұлғаның атауы;
ұйымдық-құқықтық нысан, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;
заңды тұлғаның басшысы;
заңды тұлғаның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық почтасы;
заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негізгі өндірістік көрсеткіштері. Соңғы есептік кезеңге мұнай өнімдерін өндірушінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есебі;
2) инвестициялық бағдарламаның қысқаша сипаттамасы:
жобаның атауы;
жобаның негізгі мақсаттары;
жобаға тікелей қатысушылар;
жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);
қысқаша мазмұны: шығарылуы болжанатын өнім, болуы мүмкін түрлендіру спектрін, мақсаты мен қолдану саласын көрсете отырып, тауардың немесе қызметтердің қысқаша сипаттамасы; болжанатын жобаның сипаты: жаңасын құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру немесе кеңейту; жоба бойынша техникалық құжаттаманың болуы (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдықтарды жеткізуге арналған шарттар мен келісімшарттардың көшірмелері; жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері; ғимараттарды, құрылыстарды жалдауға арналған шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар); жоба бойынша іске асыру мен шектеулердің ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса), патенттердің, рұқсаттардың болуы, экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткізу нарығы мен шикізат, су - энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс бойынша шектеулер мен ұсыныстар, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндігі, шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі, технологиялық үдерістердің экологиялық тазалығына қойылатын талаптар;
жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері: өз қаражаты;
қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық етуші субъектілердің тартылған қаражаты) және/немесе грант;
жобаны іске асыру мерзімдері (инвестицияны жүзеге асыру сәтінен бастап (ай (жыл);
3) инвестициялық бағдарламаның техникалық бөлімі:
жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;
технологиялық шешімді таңдау негіздемесі: жобаның орналасу орнын және көлемін (ауқымын) таңдау негіздемесі (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасу қолайлылығы); ілеспе инфрақұрылым мен көліктік мүмкіндіктер; қазіргі үй-жайларды пайдалану немесе қайта жаңарту мүмкіндіктері; жоба бойынша тауарларды өндіру (қызметтер көрсету) көлемін анықтайтын факторлар;
Осы Қағидалардың 1-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы (ұқсастармен салыстыруда тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету үшін ұсынылатын техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтеме);
шикізат ресурстарын пайдалану ұтымдылығының дәрежесі: шикізатты өңдеу дәрежесі; өндірістің рециклдігі (қалдықтарды өңдеу); жергілікті шикізатты пайдалану;
Осы Қағидалардың 1-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес жобаны іске асыру кестесі;
4) инвестициялық бағдарламаның коммерциялық бөлімі:
шикізат пен жабдықтарды жеткізу: шикізат нарығын (отандық және импорттық) талдау; пайдаланылатын шикізат түрлерінің тізбесі; көлік шығыстарын есепке ала отырып, бағалардың қол жетімділігі мен деңгейі;
жабдықтарды шығаратын жеткізушілерді таңдау: қажетті жабдықтар тізбесі және оған қойылатын негізгі техникалық талаптар; әлемдік және жергілікті нарықтардағы жабдықтар мен технологиялардың жаңалығы;
көлік шығыстарын, монтаждау мен іске қосу-жөндеу жұмыстарын есепке ала отырып жабдықтардың құны; жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда); қосалқы бөлшектермен немесе жұмсалатын материалдармен жабдықтау көздері;
маркетинг: осы Қағидалардың 1-қосымшасының 3-кестесіне сәйкес шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемдерінің тізбесі;
қолданыстағы шектеулерді (квота, лицензиялар және т.б.) есепке ала отырып, өткізу нарықтарын болжамдау - (нарық сыйымдылығы): ішкі және сыртқы нарықтардағы әлеуетті төлем қабілетті сұраныс, қазіргі уақыттағы оны қанағаттандыру дәрежесі: жеткізу қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдердегі қандай елдерге көзделіп отырғанын көрсете отырып өткізу арналары;
нарықта ұқсас, өзара ауыстырылатын немесе өзара толықтырылатын тауарлардың, қызметтердің бар-жоғы, оларды өндірудің болашақтағы өсуін бағалау, соңғы бірнеше жылдағы тауарлар импортының және/немесе экспортының серпіні, көлемі мен бағалары, негізгі бәсекелестері және олардың нарықтағы үлес салмағы;
болуы мүмкін әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі нәтижесіндегі нарық болжамы;
өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар: тауарларды жеткізуге арналған келісімшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің бағалары деңгейінің болжамдық бағалау;
коммерциялық тәуекел факторлары және негізгі маркетингтік іс-шаралар;
5) инвестициялық бағдарламаның ұйымдық бөлімі:
тартылатын ұйымдар: жобаны салушы; жабдықтарды өндірушілер; жабдықтарды жеткізушілер; қаржыландыратын ұйым; делдалдар;
жобаны іске асыру үдерісінде оған қатысушылар арасындағы міндеттер мен жауапкершілікті бөлу;
ұйымдық құрылым және тауарлар сапасының менеджмент және бақылау жүйелері;
6) инвестициялық бағдарламаның әлеуметтік бөлімі:
еңбек ресурстарындағы жобаның қажеттіліктері (қажетті саны және біліктілігі): қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы; біліктілік көмегін тарту қажеттілігі, оның ішінде импорт;
жобаның халықты жұмыспен қамтуға және білім беру деңгейін арттыруға әсері;
7) инвестициялық бағдарламаның қаржылық бөлімі:
инвестицияларды бағалау: толық инвестициялық шығындар (негізгі және айналым капиталына инвестициялар); жобаны қаржыландыру және инвестиция құрылымы (инвестицияның жалпы көлемін бағалау: жобаны іске асыру үшін қаржының жеткіліктілігі, инвестиция құрылымы, қаржыландыру схемасы және шарттары, пайданың болжамды пайдаланылуы); инвестициялық бағдарламаның іске асырылуының ықпалы мұнай және газ конденсатын өңдеу жөніндегі қызмет бағасына әсері;
тәуекелдерді бағалау: тәуекелдер түрлері, тәуекел дәрежесі (дисконт ставкасы);
қаржылық талдау: жобаның қаржылық үлгісі: үлгілерді инвестициялық артықшылықтарды ескермей-ақ және тиісті инвестициялық артықшылықтарды ескере отырып есептеу. Мыналарды: жобаның әрекет ету цикліндегі таза дисконтталған табысын (NPV); жобаның әрекет ету цикліндегі ішкі кірістілік нормасын (IRR); жобаның өзін-өзі ақтау мерзімін (жай және дисконтталған); жобаның әрекет етуінің әр жылына жай пайда нормасын (рентабельдігін); түрлері бойынша бюджетке төленетін салықтар, кедендік баждар мен төлемдерді; төленетін салықтардың барлық түрлері бойынша бюджеттік тиімділіктің жиынтық есебін;
8) инвестициялық бағдарламаның экологиялық бөлімі:
жоба технологияларының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;
9) инвестициялық бағдарламаның экономикалық бөлімі:
жобаның ел экономикасының қажеттілігіне (даму бағдарламасына, басқа да бағдарламалық құжаттарға) сәйкестігі: халық тұтынатын азық-түлік тауарларын және азық-түліктік емес тауарлардың шығарылуын ұлғайту; импортты алмастыру (қабылданған импорт алмастыру бағдарламаларына сәйкестігі); экспортты ұлғайту; жаңа жұмыс орындарын құру; халықтың білімін және біліктілік деңгейін арттыру; озық технологияларды игеру, «ноу-хау» жобаны іске асырудан мультипликатордың нәтижесі; сапа жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарына сәйкес келетін өндірісін ұйымдастыру.
3. Инвестициялық бағдарламаларды келісу және бекіту тәртібі
11. Осы Қағидалардың 9,  10-тармақтарына сәйкес әзірленген инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына және бекітуіне ұсынылады.
12. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде инвестициялық бағдарламаны бағдарламаға енгізілетін іс-шаралар бойынша жұмыстардың құнын растайтын негіздеуші материалдармен қоса, табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жібереді.
13. Табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны түскен күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды және инвестициялық бағдарламаны келісу туралы жауапты уәкілетті органға жібереді.
14. Қажет болған жағдайда уәкілетті органдар мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
15. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
16. лер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның жобасын табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді.
17. Инвестициялық бағдарламаға лер болған жағдайда, уәкілетті орган пысықтауды талап ететін инвестициялық бағдарламаның бөлімдеріне негізделген лерді көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны мұнай өнімдерін өндірушіге пысықтау үшін қайтарады.
18. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама жобасының лерін ескере отырып пысықтайды және оны уәкілетті органға қайта қарау үшін жібереді.
19. Уәкілетті орган мен табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның инвестициялық бағдарламаны қайта қарау мерзімі осы Қағидалардың 13,  14-тармақтарында белгіленген мерзімнен аспауы тиіс.
4. Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есептілікті
 ұсыну тәртібі
20. Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру кезінде мұнай өнімдерін өндіруші мынадай есептілікті:
1) уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаның технологиялық бөлігін іске асыру туралы есепті;
2) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаның қаржы-экономикалық бөлігін іске асыру туралы есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жартыжылдық негізде ұсынады.
21. Мұнай өнімдерін өндірушілер уәкілетті органға мынадай мәліметтерді қамтитын мәтіндік есепті:
1) есептік кезеңде іске қосылған технологиялық қондырғылар туралы ақпаратты;
2) инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өнімдердің сапалық сипаттамасының өзгерістері туралы ақпаратты ұсынады.
22. Мұнай өнімдерін өндірушілер табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын іске асыру туралы есепті береді.
Инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепке инвестициялық бағдарламаны іске асыруды растайтын құжаттар (тиісті шарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер (№ 2 нысаны), орындалған жұмыстардың құны және шығындар туралы анықтама (№ КС-3 нысаны), шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдау актілері, ішкі жүкқұжаттар, мұнай өнімдерін өндірушілердің пайдалануға беру және балансқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтары) қоса беріледі.
Қажет болған жағдайда уәкілетті органдар мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
23. Ұсынылатын құжаттардың әрбір парағына мұнай өнімдерін өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды, оған растайтын құжат қоса беріледі, ал қаржылық құжаттарға бас бухгалтер қол қояды.
Инвестициялық бағдарламаларды
 әзірлеу, бекіту және келісу,
 сондай-ақ олардың іске асырылуы
 туралы есептілікті ұсыну қағидаларына
 1-қосымша
  • 1
1-кесте
Көрсеткіштердің атауы Көрсеткіштердің мәні
Ұсынылатын үлгі Аналогтар

1.
   

2.
   
  • 1
2-кесте
Іс-шаралардың атауы Іс-шараның іске асырылу кезеңі _____ жыл Іс-шараның жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері)
  І тоқ. ІІ тоқ. ІІІ тоқ. ІV тоқ. Өлшем бірл. Техникалық параметрлері Өлшем бірл. Инвестициялар сомасы Өлшем бірл. Инвест. көзі
1.              
2.              
  • 1
3-кесте
Тауарлардың атауы Өндіріс көлемі құндық мәнде (мың теңге) Өндіріс көлемі заттай мәнде Өнім белгісі Ескертпе
Қолданыстағы Жаңа
1.          
2.          
Инвестициялық
 бағдарламаларды әзірлеу,
 бекіту және келісу, сондай-ақ
 олардың іске асырылуы
 туралы есептілікті ұсыну
 қағидаларына 2-қосымша
________________________________инвестициялық бағдарламасының  (Мұнай өнімдерін өндірушінің атауы)  іске асырылуы туралы есеп 
 Инвестициялық бағдарламаның атауы _____________ (қолданылу мерзімін көрсете отырып)
 Кім бекітті _____________________ (бұйрықтың күні, нөмірі)
р/с № Іс-шараның атауы Іс-шараның іске асырылу мерзімі Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері)
    I тоқсан II тоқсан III тоқсан IV тоқсан Өлшем бірлігі Техникалық параметрлер Өлшем бірлігі Инвестициялар сомасы Өлшем бірлігі Инвестициялар көзі
                       
кестенің жалғасы
Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің орындалуы, нақты параметрлері (көрсеткіштері) (өсімі бойынша қорытындысымен) Ауытқуы Ауытқу себебі
Өлшем бірлігі Техникалық параметрлер Өлшем бірлігі Инвестициялар сомасы Өлшем бірлігі Инвестициялар көзі