Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 23.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – кәсiпорын) таратылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – мекеме) құрылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Toggle Dropdown
1) мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, таратылатын кәсiпорын кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүліктi мекемеге берудi қамтамасыз етсiн;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
4. Мекеменi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асыратыны белгiленсiн.
Toggle Dropdown
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнің «Достық үйі – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1313 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 544-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 403 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. «Республикалық мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлiмдегi 25-тармақ алынып тасталсын.
Toggle Dropdown
4. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
Toggle Dropdown
1-бөлімде:
Toggle Dropdown
| 1. | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде: | 1153 |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде: | 984 |
Toggle Dropdown
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
| 1. | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде: | 1190,5 |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде: | 1021,5 |
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
| Достық үйi - Этносаралық қатынастар орталығы | 37,5 |