Bestprofi Logo

Қаулы № 490 от 2013-05-15г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015 г.

Документ на казахском языке

"Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 490 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 24.06.2015 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 425-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесінде:

5, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) өндірістік-шаруашылық құрылыстарды, оның ішінде тауарларды немесе материалдарды сақтау үшін айрықша жағдайларды, сондай-ақ құрылыс және пайдалану кезіндегі өрт-жарылыс қауіпсіздігін, аэрацияны, ылғалдылықты, температуралық режимді белгілі бір деңгейде ұстаудың айрықша жағдайларын қамтамасыз етуге, дірілді және өзге де арнайы талаптарды шектеуге бағытталған басқа да арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін жеке тұрған қоймалар мен сақтау орындарын қоса алғанда, жауапкершілігі бірінші (күшейтілген) және екінші (қалыпты) деңгейге жататын өндірістік мақсаттағы барлық ғимараттар мен құрылыстар жатады.

Өндірістік мақсаттағы техникалық жағынан күрделі объектілерге (өндірістік-шаруашылық құрылыстарды қоса алғанда) жауапкершілігі үшінші (төмендетілген) деңгейдегі барлық құрылыстар, оның ішінде контейнерді және блоктарды пайдаланып жасалатын ұтқыр кешендер жатпайды.

7. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жауапкершілігі екінші (қалыпты) деңгейдегі мынадай ғимараттар мен құрылыстар жатпайды:

1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе арнайы жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандарда (аймақтарда) салынып жатқандарды қоспағанда, жер үстіндегі биіктігі 3 қабаттан аспайтын тұрғын үйлер;

2) келушілерді (көрермендер, клиенттер, науқастар, жолаушылар, сатып алушылар, қонақүйде және тағы сол сияқты тұратындар), сондай-ақ оларға қызмет көрсетуші қызметкерлер мен персоналды қоса алғанда, ішкі үй-жайларында бір мезгілде 50-ден аспайтын адам болатын, жер үстіндегі биіктігі 2 қабаттан аспайтын қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

3) бір мезгілде саны 10 бірліктен аспайтын көлік құралына қызмет көрсететін жеке тұрған бір қабатты автосервис пункттері, сондай-ақ сыйымдылығы 15 автомобильден аспайтын жер үсті немесе жер асты гараж-тұрақтар.

Техникалық жағынан күрделі объектілерге жауапкершілігі үшінші (төмендетілген) деңгейдегі барлық құрылыстар, оның ішінде контейнерді және блоктарды пайдаланып жасалатын ұтқыр кешендер, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған құрылыстар жатқызылмайды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание