«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 529 қаулысы
Редакция 19.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындарға қатысты тиісті саланы басқару жөніндегі уәкілетті орган;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындар жарғыларын бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорындарды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 529 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (29.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
реттік нөмірлері 8 және 19-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35 және 36-жолдармен толықтырылсын:
«35. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе қаласы;
36. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Семей қаласы».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (05.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысымен (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2022 жылдан бастап)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |