• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 01.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысы      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2001 № 514 қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.    
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
 N 1428 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк бюджеттiк қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ЕРЕЖЕ
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.04.2001 № 514 қаулысымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерiне шығыстарын өтеудің тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшiн, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыру және қайта даярлану  белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады. 
Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жұмысы жеке еңбек шартымен (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығымен) негізделген құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2005 № 783, 25 (17.02.2005 жылғы редакцияны қараңыз).03.2008 № 283 Қаулыларымен.(01.01.2006 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде баратын жерi мен мекеменiң атауын, iссапардың мерзiмi мен мақсатын көрсете отырып, орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттiк мекемелердiң басшылары жүргiзедi. Iссапарға жiберiлген қызметкерге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы қол қойған iссапар куәлiгi берiледi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.03.2008 № 283 Қаулысымен. (28.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық атқарушы органның басшысымен келiсiм бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекемелердiң басшылары анықтайды, алайда, ол жолда жүру уақытын есептемегенде, 40 күннен (біліктіліктің кәсіби деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болса) аспауы тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi орталық атқарушы органның басшысымен келiсiм бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 16.05.2012 № 630 Қаулысымен. (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қызметкерлердiң бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған ұйымдарға iссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиiс. Іссапар мерзiмiн ұзартуға ерекше жағдайларда (көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиiстi бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етiледi.
5. Іссапарда болған нақты уақыты баратын жерiне келген күнi және барған жерiнен кеткен күнi туралы iссапар куәлiгіндегі белгілер бойынша анықталады. Егер қызметкер әртүрлi елдi мекендерге iссапарға жiберiлсе, келген күнi және кеткен күнi туралы белгiлер олардың әрқайсысында жасалады. 
Іссапарға кеткен және iссапардан келген қызметкерлердi тiркеу, сондай-ақ осы мемлекеттiк мекемеге iссапарға келген адамдарды тiркеу осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша арнайы журналдарда жүргізiледi. 
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы бұйрық шығару арқылы iссапар куәлiктерiне белгілер жасауға және көрсетiлген арнайы журналдарды жүргiзуге жауапты адамды тағайындайды.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.03.2008 № 283 Қаулысымен. (28.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Іссапарға жiберiлушiнiң тұрақты жұмыс орнынан поезбен, ұшақпен, автобуспен немесе басқа да көлiк құралымен кеткен күнi - iссапарға кеткен күн, ал келген күн - көрсетiлген көлiк құралының тұрақты жұмыс орнына келген күнi болып саналады. Іссапарға шыққан күн 24 сағатқа дейiн қоса алғанда көлiк жүрген жағдайда - ағымдағы тәулiк, ал 00 сағат және одан кейiн жүрген жағдайда - келесi тәулiк болып саналады. 
Егер шығатын станция (вокзал, айлақ немесе әуежай) елдi мекеннен жырақта орналасса, онда iссапарға кету күнi жоғарыда көрсетiлген тәсiлмен көлiк жүретiн орынға жету үшiн қажеттi уақыт ескерiле отырып, есептеледi. 
Қызметкердің тұрақты жұмыс орнына келген поездың, автобустың немесе басқа да көлік құралының нақты келiп жеткен күні іссапардан келген күн болып саналады, көліктің келген жерiнен елдi мекенге дейін жүру уақыты ескерiледi.
Поезд, автобус немесе басқа да көлiк құралы уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда, тасымалдаушы жолаушының өтінішімен оған поезд, автобус немесе басқа да көлік құралының кешіккені туралы куәландыратын құжат бередi.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.02.2005 № 146, 16.05.2012 № 630 Қаулыларымен. (18.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Iссапарда жүрген қызметкерлерге олар iссапарға жiберілген мемлекеттiк мекемелердiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi қолданылады.
8. Iссапарға жiберiлген қызметкерлер iссапарының бүкiл уақыты бойы жұмыс (лауазым) орны мен iссапар уақытындағы, оның iшiнде, жолда жүру уақытындағы да орташа жалақысы сақталады. 
Қызметкердiң iссапарда жүрген уақытындағы орташа жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша белгiленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күнi үшiн сақталады. 
Iссапарда бөлу күнiнiң нақты саны, қызметкерге iссапар куәлiгi берiлген сәт немесе iссапар туралы бұйрықта көзделген кету күніне қарамастан, поезд немесе басқа да көлiктiң жүрген күнiнен бастап, iссапарға жiберiлушi онымен барған немесе оралған поезд немесе басқа да көлiк құралы (тиiстi жағдайларда елдi мекеннен көлiк құралы жүретiн жерге жетуге және қайтуға қажеттi уақыт ескерілiп келген) күнi есептеледi. 
Қызметкер iссапардан тұрақты жұмыс орнына жұмыс күнi аяқталмай келген жағдайда, осы күнi жұмысқа келу уақыты мәселесi әкiмшiлiкпен уағдаласып, шешiледi.
9. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:
1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;