Осы редакция 29.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 Қаулысы
"Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың берiлiп отырған Тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - өкiлеттi органдар) Тiзбеге сәйкес республикалық кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын оларды мемлекеттiк басқару органдары болып белгiленсiн.
Өкiлеттi органдар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың Тiзбесi бекiтiлгеннен соң екi ай мерзiм iшiнде кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн және олардың басшыларымен контракт жасасын.