Toggle Dropdown
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес, қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығымен бекітілген
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізудің осы қағидалары «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 2-тармағын және 14-бабының 10-тармағын іске асыруды қамтамасыз етеді.
2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуді (бұдан әрі – «А» корпусының кадр резерві) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан жүзеге асырады.
3. «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына (бұдан әрі – «А» корпусының лауазымы) конкурстық іріктеуді «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтар арасынан осы лауазымға тағайындау құқығы бар адам (орган) жүзеге асырады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кадр резервіне іріктеусіз және конкурстық іріктеусіз Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен орналаса алады.
2. «А» корпусының кадр резервін жасақтау
5. «А» корпусының кадр резервін жасақтау бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1) «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
3) кандидаттарды тестілеу;
4) кандидаттармен әңгімелесу;
5) Ұлттық комиссияның шешімдері негізінде «А» корпусының кадр резервіне алу;
6. Азаматтар «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу шығындарын өздер i н i ң жеке қаражаты есеб i нен жүрг i зед i .
7. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу мемлекеттік органдардың «А» корпусының лауазымдарына орналасу қажеттігі, «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың саны ескерілген Ұлттық комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, екі жылда бір реттен жиі өткізілмейді.
7-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. «А» корпусының кадр резервіне алынатын адамдар санын Ұлттық комиссия белгілейді.
3. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялау
9. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын интернет-ресурста және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
10. Хабарландыру нысанын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және кандидаттарға қойылатын талаптарды, құжаттарды қабылдау мерзімін, құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның байланыс деректерін (почта мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, электрондық почта мекенжайы) қамтиды.
4. Құжаттарды қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау
11. «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
11-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;
4) нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған не заңнамада белгіленген өзге де тәртіппен расталған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;
5) «А» корпусының кадр резервіне кандидатты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіби және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;
6) өмірбаян;
7) Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.
12. Ұсынымхатты беру құқығына:
12-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) мемлекеттік саяси қызметшілер;
2) Қазақстан Республикасы Сенаты, Мәжілісі депутаттары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың мәслихат хатшылары;
3) лауазымға осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен не Ұлттық комиссия жасақтаған «А» корпусының кадр резервінен тағайындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;
4) Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісімімен тағайындалатын ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институтының басқарма төрағалары ие.
Азаматтарға ұсынымхат бергеннен кейін оларға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, бұрын ұсынымхат берген адамның ұсынымхаты Ұлттық комиссия шешімі негізінде қарауға қабылданбайды.
13. Осы Қағидалардың 11-тармағы 1)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса немесе құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келмесе, кандидатты «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.
13-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14. Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
15. Құжаттар «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қолма-қол, почтамен немесе электрондық почта арқылы қабылданады.
15-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі.
Құжаттар электрондық почта арқылы жіберілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын тестілеу басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірмей ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестілеуге жіберілмейді.
16. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге де құжаттарды ұсынған кандидаттар тізімі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
17. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4-тармағының және 13-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкестігін қарайды.
17-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қарау қорытындылары бойынша бес жұмыс күні ішінде кандидаттарды тестілеуге қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
18-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19. Бас тарту жағдайларында кандидаттарға бес жұмыс күні ішінде дәлелді жауап беріледі. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар кандидаттарға қайтарылады.
19-1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің тестілеуге жіберуден бас тарту туралы шешіміне кандидат мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға кандидат тиісінше хабарландырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады.
4-бөлім 19-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидаларда тиісінше хабарландыру деп адамның өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне қолхатпен беру арқылы хат, тапсырыс хат немесе жеделхат табыстап, хабарландыру түсініледі.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган түскен шағымды түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарап, кандидатты тестілеуге қатысуға жіберу не жіберуден бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.
4. Тестілеу
20. Кандидаттарды тестілеуге жіберу туралы шешім мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және айқындайтын интернет-ресурста жарияланатын тізім түрінде ресімделеді.
21. Кандидаттар тестілеуден мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жасаған кесте негізінде бір ай ішінде өтеді. Тестілеу кестесі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында тестілеу өткізудің басталу күніне дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.
22. Тестілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тәртіпте өткізіледі.
23. Ұлттық комиссия тестілеуден оң нәтиже алған кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдауға қажетті өзге де мәліметтер тізбесін айқындайды.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі (бұдан әрі – Ұлттық комиссияның жұмыс органы) осы тізбені мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
24. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген тізбе негізінде тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрату жолдайды, олар Ұлттық комиссия белгілеген мерзімдер ішінде мәліметтер ұсынады.
24-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
25. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, егер Ұлттық комиссия өзгеше белгілемесе, осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардан мәліметтерді алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органына тестілеуден оң нәтижелер алған кандидаттардың тізімін жолдайды.
25-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы тізімге кандидаттардың құжаттары, олардың тестілеу нәтижелері және осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес айқындалатын өзге де мәліметтер қоса беріледі.
26. Ұлттық комиссияның жұмыс органы кандидаттар құжаттарының алдын ала қаралуын қамтамасыз етеді.
27. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның жұмыс органы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесу өткізу кестесін жасайды.
28. Әңгімелесуге жіберуден бас тартылған жағдайларда кандидаттарға осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қайтарылады.
5. Әңгімелесу
29. Әңгімелесу өткізу кестесі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында оны өткізуге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланады.
30. Әңгімелесу өткізу тәртібін Ұлттық комиссия айқындайды. Әңгімелесу өткізуді ұйымдастыруды Ұлттық комиссияның жұмыс органы қамтамасыз етеді.
Ұлттық комиссия айқындайтын жағдайларда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиялары әңгімелесу өткізеді және Ұлттық комиссияға ұсыныстар енгізеді.
31. Ұлттық комиссия кандидаттардың құжаттарын, олардың тестілеу нәтижелері және осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес айқындалатын өзге де мәліметтерді қарайды және әңгімелесу өткізеді.
32. Әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидатты «А» корпусының кадр резервіне алу не алудан бас тарту туралы шешім көрсетілетін әңгімелесу парағы толтырылады. Әңгімелесу парағының нысанын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
33. Қажет болғанда Ұлттық комиссияның жұмыс органы әңгімелесуге құжаттар мен өзге де материалдарды дайындау үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тартады.
6. «А» корпусының кадр резервіне алу
34. «А» корпусының кадр резервіне алу туралы ұсынымдарды шығаруды Ұлттық комиссия жүзеге асырады.
35. Ұлттық комиссияның шешімдері негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервін жасақтайды.
36. «А» корпусының кадр резервіне алынған адамдар тізімі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын интернет-ресурста бес жұмыс күні ішінде жарияланады.
36-1. Ұлттық комиссия ұсынған азаматтар «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініштерінде өздері көрсеткен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы бойынша «А» корпусының кадр резервіне алынады.
6-бөлім 36-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ұлттық комиссия азаматтарды олардың келісімі болған және олар арнайы біліктілік талаптарына сай келген жағдайда «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының басқа санаты, санатындағы тобы бойынша кадр резервіне алу үшін ұсыным жасауға құқылы.
7. «А» корпусының бос және уақытша бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу
37. «А» корпусының бос және уақытша бос лауазымына конкурстық іріктеуді осы лауазымға тағайындауға құқығы бар адам (орган), не ол уәкілеттік берген адам өткізеді.
37-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тағайындауларды Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асыратын «А» корпусының лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізеді.
Егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өзгеше белгілемесе, тағайындауларды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асыратын «А» корпусының лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі өткізеді.
38. Мемлекеттік органнан жазбаша сұрату алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың (бұдан әрі – «А» корпусының резервшілері) тізімін және олардың білімі, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаты, санатындағы тобы, кадр резервіне алыну сәтіндегі атқаратын лауазымдары туралы мәліметтер, сондай-ақ олардың еңбек қызметі туралы құжаттың электрондық нұсқасын ұсынады.
38-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
39. «А» корпусының лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу осы лауазымға тағайындау құқығы бар адамның шешімі бойынша құжаттарды қарау және/немесе әңгімелесу өткізу арқылы жүзеге асырылады.
«А» корпусының лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізетін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) кандидаттармен әңгімелесу өткізген жағдайда, кандидаттарды әңгімелесу өткізу орны мен уақыты туралы оны өткізу күніне дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарландыру, «А» корпусының осы лауазымының функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін сұрақтар тізбесін әзірлеу қамтамасыз етіледі.
Кандидаттармен әңгімелесуді осы лауазымға тағайындау құқығы бар адам жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарда әңгімелесуді осы мемлекеттік органдардың басшылары айқындайтын лауазымды адамдар өткізеді.
Әңгімелесуді алқалы түрде өткізу кезінде оның қорытындылары мен қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді.
39-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына «А» корпусының резервшілерін тағайындау, олар «А» корпусының кадр резервіне алынған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты, санатындағы тобы шегінде арнайы біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда және олардың келісімімен жүзеге асырылады.
7-бөлім 39-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«А» корпусының резервшілері «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының төменгі санатына, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бір санатындағы төменгі тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін.
«А» корпусының резервшілері Ұлттық комиссияның келісімімен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының жоғары санатына, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бір санатындағы жоғары тобына арнайы біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және олардың келісімімен тағайындалуы мүмкін.
40. «А» корпусының лауазымына тағайындау қолданыстағы заңнаманың талаптары ескеріле отырып, осы лауазымға тағайындау құқығы бар адамның (органның) шешімімен жүзеге асырылады.
40-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«А» корпусының лауазымына тағайындауды растайтын құжаттың көшірмесі лауазымға тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.