• Мое избранное
Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 869 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
«Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 17.03.2015 жылғы № 207 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 869 қаулысымен
бекітілген
Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық-өлшеу жүйесі – бұл жылу энергиясын есепке алу деректерін өлшеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және беру үшін өлшеу және аппараттық-бағдарламалық кешен құралдарының жиынтығы;
2) бу есептеуіш – ағын жылдамдығының бағытына перпендикуляр қиып өту арқылы құбырда ағатын бу массасын (көлемін) өлшеуге арналған өлшегіш аспап;
3) есепке алу аспаптарының ақаулы болу уақыты – есепке алу торабы аспаптарының ақаулы күйде болған уақыт интервалы;
4) есепке алу торабы аспаптарының жұмыс уақыты – аспаптар көрсеткіштері негізінде жылу энергиясын және жылу жеткізгішінің массасын (көлемін) есепке алу, сондай-ақ оның температурасы мен қысымына бақылау жүргізілетін уақыт интервалы;
5) есепке алу торабы – тұтынушыға төлеуге ұсыну үшін жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар мен құрылғылар жүйесі;
6) жылу есептеуіш – жылу энергиясының санын айқындауға және жылу жеткізгішінің массасы мен параметрлерін өлшеуге арналған аспап немесе аспаптар жиынтығы;
7) жылу есептегіш – жылу энергиясының санын жылу жеткізгішінің массасы (көлемі), температурасы және қысымы туралы кіріс ақпарат негізінде есептеуді қамтамасыз ететін құрылғы;
8) жылумен жабдықтау – тұтынушыларға жылу энергиясын беру жөніндегі іс-шаралар;
9) жылумен жабдықтаудың (ыстық сумен жабдықтаудың) ашық жүйесі – жылу желісінен ыстық суды бұру арқылы жылумен жабдықтауға және ыстық сумен жабдықтауға арналған инженерлік құрылыстардың технологиялық байланысқан кешені;
10) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу көздерінің, жылу желілерінің және жылу тұтыну қондырғыларының жиынтығы;
11) жылу жеткізгіші – жылу энергиясын беру үшін жылумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын зат (су, бу);
12) жылу желісінің баланстық тиесілігі – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымның және тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге заңды негізде тиесілі жылу желісінің учаскесі;
13) жылу желісінің баланстық тиесілігінің шекарасы – баланстық тиесілігіне сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасындағы жылу желісінің бөлініс нүктесі (сызығы);
14) жылу жеткізгіштің шығысы – уақыт бірлігі ішінде құбырдың көлденең қиылысы арқылы өткен жылу жеткізгішінің массасы (көлемі);
15) жылу жүктемесі – уақыт бірлігі ішінде жылу тұтыну қондырғысы қабылдай алатын жылу энергиясының саны;
16) жылу көзі – өз қажеттіліктері және/немесе шарт негізінде іске асыру үшін жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын энергия өндіруші кәсіпорын;
17) жылу пункті – жылу тұтыну жүйесін жылу желісіне қосуға және жылу жүктемелері жүйелерінің түрлері бойынша жылу жеткізгішін таратуға арналған құрылғылар кешені;
18) жылу тұтынудың жабық жүйесі – тұтынушылардың жылу жеткізгішінің жылу энергиясын оны жылу желісінен іріктеу арқылы пайдалануы көзделмейтін жылу тұтыну жүйесі;
19) жылу тұтыну жүйесін қосудың тәуелсіз схемасы – жылу желісінен келетін жылу жеткізгіші жылу тұтыну жүйесінде одан әрі пайдаланылатын қайталама жылу жеткізгішін жылытатын, тұтынушының жылу пунктінде орнатылған жылу алмастырғыш арқылы өткен кезде жылу тұтыну жүйесін жылу желісіне қосу схемасы;
20) жылу тұтынудың ашық жүйесі – жылу жеткізгішін жылу энергиясын тұтынушылар жүйеден ішінара немесе толық іріктейтін жылу тұтыну жүйесі;
21) жылу тұтыну жүйесі – бір немесе бірнеше жылу жүктемелерінің түрлерін тұтынуға арналған жылу тұтыну қондырғыларының кешені;
22) жылу желісі – жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы;
23) жылу тұтыну қондырғысы – жылу энергиясын тұтынушының қажеттілігі үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішін пайдалануға арналған құрылғы;
24) жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу тұтынатын қондырғылардың термодинамикалық параметрлері (температурасы, қысымы) өзгеретін, жылу жеткізгіші беретін энергия;
25) жылу энергиясының және жылу жеткізгішінің параметрлерін тіркеу – есепке алу аспаптарының өлшенетін шаманы цифрлық немесе графикалық нысанда, қағаз немесе электрондық тасығышта тіркеуі;
26) тұтынушы – жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
27) шығын өлшегіш құрылғы – құбырда ағатын жылу жеткізгішінің бір сәттік шығынын өлшеуге арналған құрылғы;
28) энергия беруші ұйым – жылу энергиясын шарттар негізінде беруді жүзеге асыратын ұйым;
29) энергиямен жабдықтаушы ұйым – жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым.
3. Жылу энергиясының мөлшерін есепке алу және жылу жеткізгішінің параметрлерін бақылау үшін автономдық аспаптар жиынтықтары және/немесе жылу энергиясын есепке алудың ақпараттық-өлшеу жүйелері пайдаланылады.
Жылу көзінен шығатын магистральға жалғыз тұтынушы қосылған және осы магистраль оның теңгерімінде тұрған жағдайда, тараптардың өзара келісімі бойынша жылу көзін есепке алу торабында орнатылған есепке алу аспаптары бойынша тұтынылатын жылу энергиясын есепке алу жүргізіледі.
4. Энергия беруші ұйымның және тұтынушының жылу энергиясы мен жылу жеткізгіші үшін есептеулер бойынша, сондай-ақ жылу энергиясы мен жылу жеткізгішін жіберу және тұтыну режимдерін сақтау бойынша өзара міндеттемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысымен бекітілген Жылу энергиясын беру және/немесе салу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт талаптарына сәйкес шарт жасасу жолымен жүзеге асырылады.
5. Жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алумен байланысты есептеулерді орындау кезінде жылу жеткізгішінің жылу физикалық қасиеттері туралы анықтамалық деректерді пайдалану қажет.
6. Тұтынушыға энергия беруші ұйыммен келісім бойынша жылу энергиясы мен жылу жеткізгіші санын айқындау үшін, сондай-ақ жылу жеткізгішінің параметрлерін бақылау үшін, бұл ретте есепке алу технологиясын бұзбай және өлшемдердің дәлдігі мен сапасына әсер етпей, аспаптарды есепке алу торабында орнатуға жол беріледі.
Қосымша орнатылған аспаптардың көрсеткіштері тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы өзара есеп айырысулар кезінде пайдаланылмайды.
7. Жылу энергиясын барлық тұтынушылардың жылу тұтыну жүйелері энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясын есептеу үшін қажетті аспаптармен қамтамасыз етіледі. Жылу энергиясын есептеу үшін есепке алу аспаптарымен энергия беруші ұйым қамтамасыз етеді.
8. Жылу энергиясын жіберуді есепке алу осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған есепке алу торабында жүзеге асырылады.
9. Осы Қағидалардың формулаларында және мәтінінде мынадай өлшем бірліктері қолданылады:
1) қысым – Па (кгс/см 2 );
2) температура - о С;