• Мое избранное
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қАғидалары мен шартын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.03.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07 тамыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8678 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 наурыздан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 жылғы № 83 Бұйрығына сәйкес
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6061 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 251-255 (26100) санында жарияланған);
2) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6952 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 356-357 (26751) санында жарияланған).
3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы М. Орынханов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
___________ Е. Егемберді
2013 жылғы 5 тамыз
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2013 жылғы 7 тамыздағы
№ 323 бұйрығына 1-қосымша
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленген және педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін тұлғаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын анықтайды.
2. Бұл Қағидалар аттестаттау «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларына қолданылмайды.
3. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар - «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымдағы тұлғалар.
4. Аттестаттау міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыру;
3) қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыру.
5. Білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудың негізгі принциптері алқалық, ашықтық, жүйелілік, айқындық, объективтілік болып табылады.
6. Аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі критерийі аттестатталушының оған жүктелген міндеттерді орындау қабілеттілігі болып табылады.
7. Аттестаттауға жүкті әйелдерден басқа барлық қызметшілер жатады.
8. Аттестатталушы аттестаттаудан үш жылда бір рет өтетін білім және ғылым ұйымдарының басшыларын қоспағанда, атқаратын лауазымында болғанда әрбір бес жыл өткен соң өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі.
Бала күту демалысындағы қызметшілер қызметке шыққаннан кейін алты айдан соң аттестатталады.
9. Қызметшілерді аттестаттау олардың өтініштері негізінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өткізіледі.
2. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру
10. Аттестаттау өткізуге дайындықты орган басшысының тапсырмасы бойынша аттестаттау органының кадрлық қызметі ұйымдастырады және мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) аттестатталушыға қажетті құжаттарды дайындау;
2) аттестаттау өткізу кестесін әзірлеу;
3) аттестаттау комиссияларының құрамын анықтау;
4) аттестаттау өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру.
11. Кадрлық қызмет алты ай ішінде бір рет аттестаттауға жататын қызметшілерді анықтайды.
12. Ұйым басшысы кадрлық қызметтің ұсынысы бойынша аттестатталатын тұлғалардың тізімі, аттестаттау кестесі мен аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілетін бұйрық шығарады.
13. Аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, аттестаттау комиссиясының хатшысы және мүшелері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем емес тақ санды құрайды. Аттестаттау комиссиясының мүшелерінен төраға және хатшы тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және қызметіне, қабылдаған шешімдеріне жауапты болады.
14. Аттестаттау комиссиясының құрамына әртүрлі бөлімшелердің, оның ішінде ұйымдардың кадрлық және заң қызметтерінің басшылары, ұйым қызметкерлерінің өкілі, сондай-ақ басқа да қызметшілер қосылады.
15. Аттестаттау комиссиясының мүшесі қатыспаған жағдайда орнын алмастыруға жол берілмейді.
16. Аттестаттау комиссиясының хатшысы кадр қызметінің басшысы анықтайтын кадр қызметінің өкілі болып табылады.
17. Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдейді. Хатшы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, аттестаттау комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.
18. Ұйым басшысы лауазымындағы қызметкерді аттестаттауды өткізу үшін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды тұлға құрады.
19. Аттестаттау комиссиясының мүшесі жалпы негіздегі аттестаттаудан өтеді.
20. Аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылатын аттестатталушы қызметкер өз кандидатурасын қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
21. Кадр қызметі қызметкерлерге аттестаттау өткізудің мерзімі туралы ол басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей жазбаша хабарлайды.
22. Аттестаттауға жататын қызметкердің тікелей басшысы қызметтік мінездемені ресімдейді және оны кадр қызметіне жолдайды.
23. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметкер қызметінің кәсіби, тұлғалық қасиеттерін және нәтижесін объективті бағалауға негізделеді.