Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 1000 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 654-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларында:
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті;
2) квотаның өзгеруін негіздейтін есептерді тапсырады.
5. Квотаның ұлғаюына байланысты парниктік газдар шығарындыларына квоталарды қайта қарау белгіленген базалық деңгейден ұлттық жоспардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңде жүргізілген өзгертулер бойынша қаралады.»;
6-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Уәкілетті органға ұсынылған материалдардың толық еместігі және дәйексіздігі квотаны өзгертуден бас тарту үшін негіз болып табылады.»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |