Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
"Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 1417 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу жағдайында теңгерімдеуші нарық субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау тетігін пысықтау, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр жүйесіндегі электр энергиясын өндіру-тұтынудағы теңгерімсіздіктің нақты шамаларын айқындау, реттеуші қуатқа қажеттілігін нақтылау, теңгерімдеуші электр энергиясының бағалар ауқымын айқындау мақсатында теңгерімдеуші нарықтың жұмысы 2016 жылға дейін имитациялық режимде жүзеге асырылады.».
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |