• Мое избранное
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.05.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 Қаулысы

Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 9 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 19.04.2016 жылғы № 234 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 94-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2012 жылғы № 357 Қаулысымен (01.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.12.2015 жылғы № 1001 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2010 жылғы № 1520 Қаулысымен (26.10.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.03.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;
3) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.
  • 1
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2010 жылғы 10 маусымдағы
 № 556 қаулысымен
 бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.07.2010 жылғы № 711 Қаулысымен (10.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.10.2010 жылғы № 1111 Қаулысымен (03.08.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2011 жылғы № 784 Қаулысымен (31.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1424 Қаулысымен (11.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.12.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2012 жылғы № 357 Қаулысымен (01.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.04.2012 жылғы № 541 Қаулысымен (27.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.09.2012 жылғы № 1190 Қаулысымен (28.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2013 жылғы № 498 Қаулысымен (12.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1596 Қаулысымен (17.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2014 жылғы № 279 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2014 жылғы № 790 Қаулысымен (31.03.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы № 168 Қаулысымен (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы № қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерін уәкілетті орган 004 «Оператор мен қаржы агентінің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен төлейді.
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өзара жасалған Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру 047 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға берілетін нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.12.2015 жылғы № 1001 Қаулысымен (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
         6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Банк - Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
2) Даму банкі - «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және/немесе оның аффилирленген Лизингтік компаниясы;
3) Банк-төлем агенті - Лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және Лизингтік компанияның Жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
4) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;
5) ИИДМБ - Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
6) субсидиялау шарты - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Қаржы агенттігі/Лизингтік компания мен Кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі Кәсіпкердің Банк/Лизнгтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
7) қаржылық лизинг шарты - Лизингтік компания/Банк пен Кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Лизингтік компания/Банк Кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
8) банктік қарыз шарты - Банк пен Кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша Банк Кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
9) Лизингтік компания - Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
10) лизингтік мәміле (лизинг) - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылының жиынтығы;
11) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі - қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
12) ЭҚЖЖ (бұдан әрі - Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторлары) - Бағдарламаға № 1 қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
13) Кәсіпкер - өз қызметін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
14) жоба - бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде Кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит/лизингтік мәміле алуға болады;
15) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі - облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
16) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
17) Субсидиялау - Кәсіпкердің Банкке/Лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын Кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
18) Субсидиялар - өтеусіз және қайтарымсыз негізде Қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының негізінде Кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде Банкке/Лизингтік компанияға төлейтін кезеңді төлемдер;
19) тұрақтандырушы немесе дағдарыса қарсы бағдарламалар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039,
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085,
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулыларын,
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындау шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар;
20) Уәкілетті орган - кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
21) қаржы агенттігі - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
3. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары