• Мое избранное
Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 634 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 484 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған Тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасы  (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 маусымдағы
№ 634 қаулысымен
бекітілген
Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты

Атауы

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы

30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 72-тармағы

Әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі





Іске асыру үшін жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі





Бағдарламаның мақсаты

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, өңдеу және көму жөнінде көрсетілетін қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылату, ТҚҚ өңдеу үлесін ұлғайту, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.

Бағдарламаның міндеттері

1. ТҚҚ өңдеу жүйесін жетілдіру

2. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жұмыс істеп тұрғандарын қалпына келтіру және санитариялық қағидалардың заманауи талаптарына сай келетін, тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау, сұрыптау, өңдеу және көму инфрақұрылымы күрделі жаңаларын салу

3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін жаңғырту

4. Қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу

5. Коммуналдық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру

6. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуді «жасыл» экономиканы дамыту қағидаттары мен тұжырымдамасы шеңберінде және соларға сәйкес өңдеуді енгізіп, жүйелі түрде өрістету

7. Қауіпті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу

8. Қауіпті тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру

9. Ірі габаритті қалдықтарды пайда болу көзінен бөлек жинауды жаппай енгізу

10. Басқа тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін жетілдіру

11. Автомобиль шиналарын, пайдаланылған автомобильдерді кәдеге жарату жүйесін жетілдіру

Бағдарламаны іске асыру мерзімі мен кезеңдері

2014 – 2050 жылдар

1-кезең 2014 – 2020 жылдар

2-кезең 2021 – 2030 жылдар

3-кезең 2031 – 2050 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Бағдарлама мақсаттарын іске асыру үшін мынадай нысаналы индикаторға қол жеткізіледі:

Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен қамту – 2030 жылға дейін 100%.

Қоқысты санитариялық сақтау – 2030 жылға дейін 95%.

Өңделген қалдықтардың үлесі – 2050 жылға дейін 50%.

Қаржыландыру көздері мен көлемі





Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 2014 – 2050 жылдары 128 424,53 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

1-кезең бойынша (2014 – 2020 жылдар):

республикалық бюджет – 884,53* млн. теңге, жергілікті бюджет (2015 – 2020 жылдар) – 52 589** млн. теңге;

жеке инвестициялар – 74 951*** млн. теңге.

Ескертпе:

* - республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың Республикалық бюджет комиссиясы қолдаған көлемі;

** - Бағдарламаның 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шараларын іске асыру бойынша қаржыландырудың нақты көлемі тиісті жылға арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде әрбір өңір бойынша нақты есептердің негізінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жобаларына құйылатын инвестицияларды негіздеу» деген 040 бюджеттік бағдарламасының шеңберінде әзірленген ТҚҚ секторын жаңғырту инвестицияларының негіздемесі жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде айқындалатын болады;

*** - жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен іске асыру кезіндегі инвесторлардың ақша қаражаты.

2. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада ТҚҚ басқару саласын жетілдіру негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленген.
Осы Бағдарлама тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге; тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, өңдеу және көму жөнінде көрсетілетін қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылатуға; заманауи технологиялар мен басқару әдістерінің негізінде ТҚҚ секторын жаңғыртуға; сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған.
Бағдарламаны іске асыру ТҚҚ-мен жұмыс істеу саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылатады, жиналатын және өңделетін қайталама материалдық ресурстардың санын ұлғайтады, ТҚҚ энергетикалық әлеуетін барынша пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ ТҚҚ-мен жұмыс істеу нәтижесінде қоршаған ортаға тигізілетін келеңсіз әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Сол арқылы, Бағдарлама Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыс сапасы мен жағдайларын айтарлықтай жақсартатын болады.
Іске асыру мерзімдері жағынан Бағдарлама ұзақ мерзімді болып табылады.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Сектордың жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ елдің әлеуметтік экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына осы сектордың әсерін бағалау
Қазақстанда жинақталған ТҚҚ-ның жалпы көлемі 100 млн. тоннаға жуық, бұл ретте, жыл сайын тағы да 5 – 6 млн. тоннаға жуық ТҚҚ жинақталады. 2025 жылға қарай бұл цифрлар 8 млн. тоннаға дейін өсуі мүмкін, бұл ретте, пайда болатын қалдықтар полигондарға алдын ала сұрыпталмай және залалсыздандырылмай орналастырылады.
Төмендегі кестеде полигондарға ТҚҚ орналастыру көлемін және өңірлер бөлінісінде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау нормаларын бөлу көрсетілген (ірі 16 қала үшін).
                                                      1-кесте
 

Қала

2012 жылдың соңындағы халық саны, мың адам 1

2012 ж. полигондарға ТҚҚ орналастыру 2

Бір адамға шаққандағы ТҚҚ жинақтау нормасы 3

мың тонна

жылына м 3 /адам

Астана

778,198

326,4

2,16

Алматы

1475,429

549,12

2,55

Ақтау

180,885

109,7

2

Ақтөбе

420,567

360,6

0,47

Атырау

272,071

44,07

0,56

Қарағанды

478,952

132,85

1,87

Қостанай

219,224

152,73

1,17

Орал

271,361

108,5

2,3

Шымкент

662,1

64,55

1,7

Павлодар

342,435

94,47

1,30

Көкшетау

152,006

57,7

1,16

Өскемен

309,5

45,6

1,98

Талдықорған

156,162

17

2,77

Тараз

343,275

34,96

0,54

Қызылорда

253,960

36,1

1,7

Петропавл

206,043

62

2,07

Ескертпе – ТҚҚ жалпы орналастыруға кәдеге жаратуға жататын автомобильдер мен сарқынды суларды өңдеуден қалған қалдықтар қосылмаған; 
      1   www.stat.kz сайтының статистикалық деректеріне сәйкес; 
      2  – облыстық экология департаменттерінің есептеріне сәйкес; 
      3  – ЖАО ақпараты бойынша. 
Халықаралық практикада ТҚҚ үш бөлікке жіктелген, олар ТҚҚ ортақ құрамына кіретін, бірақ өңдеу және/немесе көму тәсіліне қарай өзара ерекшеленетін үш «қалдық легіне» сәйкес келеді.
1. Коммуналдық қалдықтар.
2. Қауіпті ТҚҚ – адамның тыныс-тіршілігінің нәтижесінде қалыптасатын тұтыну қалдықтары, сондай-ақ қалыптасу сипаты осыған ұқсас, өзінің құрамы мен қасиетіне қарай қауіпті қалдықтарға жатқызылуы мүмкін өндіріс қалдықтары. Оларға мынадай қалдықтар жатқызылады:
- пайдаланылған батареялар мен аккумуляторлар;
- пайдаланылған электр жабдығы мен электронды жабдық;
- құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті лампалар мен термометрлер);
- медициналық және ветеринариялық қалдықтар;
- тұрмыстық химия қалдықтары;
- құрамында асбест бар қалдықтар;
- адамның тыныс-тіршілігінің нәтижесінде қалыптасатын басқа да қауіпті қалдықтар.
3. Басқа ТҚҚ – қауіпті болып табылмайтын, бірақ жинау, шығару және кәдеге жарату үшін бірінші лектен өзгеше тәсілдерді қолдану талап етілетіндіктен, аралас қалдықтарға жатқызуға болмайтын қалдықтар. «Басқа ТҚҚ» мынадай қалдықтар жатқызылады:
- құрылыс қалдықтары;
- ірі габаритті қалдықтар;
- кәдеге жаратуға жататын автомобильдер;
- пайдаланылған автомобиль шиналары;
- сарқынды суларды өңдеуден қалған қалдықтар.
Өңірлер бөлінісінде халықтың жан басына шаққандағы ТҚҚ жинақтау нормаларының ауқымы өте кең – жылына 80-нен 400 кг/адам асады, мұның өзі деректерді жинау және есептілікті жасау процесінде сәйкессіздіктердің орын алуына әкелуі мүмкін. Қазақстандағы ТҚҚ полигондарының бәрінде дерлік қалдықтарды қабылдау аймағында таразы жоқ екенін атап өту керек, яғни тоннажы текше метрді тоннаға ауыстыру жолымен белгіленеді әрі бұл ретте үлес салмағының бір м3 шаққанда 250-ден 300 кг дейінгі мәні қолданылады. Еуропа елдерінің тәжірибесі бойынша үлес салмақ бір м3 шаққанда 100 – 150 кг құрайды.
Келесі кестеде 2011 жылы Қазақстанның 9 қаласындағы талдау бойынша қалалық жерлердегі ТҚҚ-ның морфологиялық құрамы келтірілген, мұны «Fichtner» компаниясы ұсынған.
                                                      2-кесте
 

Қалдықтардың түрі (фракциясы)

ҚР 9 өңірі бойынша орта есеппен үлесі, %

1

Тамақ қалдықтары

37

2

Қағаз бен картон

25

3

Пластмасса

15

4

Шыны

6

5

Тоқыма

6

6

Резеңке

3

7

Металдар

3

8

Ағаш қалдықтары

3

9

Өзгелері

2

10

Жиыны

100

Өңірлер бойынша морфологиялық құрамды зерделеу туралы деректерді талдау деректердің алшақтығы өте үлкен екенін көрсетіп отыр. Орташаландырылған морфологиялық құрамды негізге алсақ, ТҚҚ құрамындағы қайталама материалдық ресурстардың саны шамамен 500 мың тонна қағаз бен картонды, 300 мың тонна шыныны, 200 мың тонна металдарды, 500 мың тонна пластмассаны құрайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ТҚҚ-ны қалдықтардың қалыптасу «көзінен» бөлек жинау жүйелі деңгейде жолға қойылмаған, сондықтан қалдықтарды қалыптасу көзінде бөлу, қалдықтарды бөлек-бөлек шығару, қалпына келтірілген материалдарды қайта өңдеу және сату жүйелеріне бүкіл ел бойынша кешенді экономикалық талдау жүргізу мүмкін емес.
Қазақстан аумағында барлық дерлік қалдықтар қоқыс үйінділеріне көму үшін шығарылады, бұл ретте, бүгінгі таңда Астана қаласында жұмыс істеп тұрған ТҚҚ полигонынан басқа бір де бір ТҚҚ үйіндісі санитариялық қағидалардың талаптары мен көмудің экологиялық стандарттарына сәйкес келмейді.