• Мое избранное
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 843 Жарлығы

Редакция 23.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкесҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 09.10.2015 жылғы № 97 Жарлығына сәйкес (18.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 30.09.2016 жылғы № 348 Жарлығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.12.2016 жылғы № 393 Жарлығына сәйкес (30.09.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев