• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жоғары аттестаттау комиссиясы туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жоғары аттестаттау комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 50 бұйрығы

Редакция 18.10.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 49-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жоғары аттестаттау комиссиясы құрылсын (одан әрі - Жоғары аттестаттау комиссиясы).
2. Қоса беріліп отырған:
1) Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамы;
2) Жоғары аттестаттау комиссиясы туралы Ереже.
3. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жоғары аттестаттау комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2010 жылғы 14 маусымдағы № 462оа бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 50 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамы
Төраға:
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары;
Төрағаның орынбасары:
Кадр жұмысы департаментінің бастығы;
Мүшелері:
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты басшысының орынбасары;
Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы;
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы;
Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы;
Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментінің бастығы;
Қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы С. Есқараев атындағы Заңдылық, құқық тәртібі және прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру Институтының директоры.
Хатшы:
Кадр жұмысы департаментінің қызметкері.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 50 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жоғары аттестаттау комиссиясы туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жоғары аттестаттау комиссиясының (одан әрі - Жоғары аттестаттау комиссиясы) құқықтық мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді.
2. Жоғары аттестаттау комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Жоғары аттестаттау комиссиясының міндеттері
3. Жоғары аттестаттау комиссиясының міндеттері мыналар болып табылады:
1) аттестаттауды өткізу:
Бас Прокурордың орынбасарларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлерін;
облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды, олардың орынбасарларын;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Төрағасын және оның орынбасарларын;
Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректорын және проректорларын;
1-тармақшаның бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 18.10.2016 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (27.05.2014 ж. редакцияны қараңыз)
аудандық/қалалық прокурорларды және оларға теңестірілген прокурорларды.
2) прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің аттестаттау комиссияларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
3. Жоғары аттестаттау комиссиясының құқықтары
4. Жоғары аттестаттау комиссиясы мыналарға құқылы:
1) көшпелі отырыс өткізуге;
2) прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінен, сондай-ақ Жоғары аттестаттау комиссиясының қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға;
3) прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің аттестаттау комиссиялары төрағаларының есептерін тыңдауға.
4. Жоғары аттестаттау комиссиясының қызметін ұйымдастыру
5. Жоғары аттестаттау комиссиясының қызметін Кадр жұмысы департаменті қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы қамтамасыз етеді.
6. Жоғары аттестаттау комиссиясының Төрағасы:
Жоғары аттестаттау комиссиясының қызметіне басшылық жасайды және үйлестіреді;
отырыстарды өткізудің күн тәртібін, орны мен уақытын белгілейді;
аттестаттауға жататын қызметкерлердің тізімін бекітеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеуді тапсыру үшін тестілеу сұрақтарын бекітеді;
комиссияның ұсынымдарына, шешімдері мен басқа да құжаттарына қол қояды;
осы Ережеде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7. Жоғары аттестаттау комиссиясының Төрағасының орынбасары комиссия отырыстарына дайындықты және оны өткізуді қамтамасыз етеді, төраға болмаған кезде оның міндеттерін атқарады.
8. Жоғары аттестаттау комиссиясының мүшелері құқылы:
Жоғары аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесі бойынша ұсыныстар енгізуге;
Жоғары аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға;
Жоғары аттестаттау комиссиясының Төрағасының шешімі бойынша дауыс беруге қатысу құқығымен прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің аттестаттау комиссияларына қатысуға.
9. Жоғары аттестаттау комиссиясының мүшелері міндетті:
комиссияның отырыстарына қатысуға;
өздерінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қарау кезінде адал және объективті болуға;
өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде өзіне мәлім болған аттестатталушының жеке өмірі туралы ақпараттардың құпиялығын, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға;
өзіне қатысты шешім қабылданып отырған аттестатталушының кәсіби жарамдылығы туралы мәселені шешу кезінде, егер ол оның жақын туысы немесе танысы болып табылса, өзінен бас тартуды мәлімдеуге;
хаттамалық шешімдерді өз қолымен куәландыруға;
комиссияның қызметімен байланысты төрағаның тапсырмаларын орындауға.
10. Жоғары аттестаттау комиссиясының хатшысы:
аттестаттауды өткізудің кестесін әзірлейді;
комиссияға түскен материалдармен жұмыстарды ұйымдастырады, оларды төрағаға баяндайды, олармен комиссия мүшелерін таныстырады;
алты айдың ішінде бір рет аттестаттауға жататын қызметкерлерді айқындайды;
кезекті отырыс, қаралатын мәселелер, оны өткізудің уақыты мен орны туралы комиссия мүшелеріне хабарлайды;
комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді, комиссия қабылдаған шешімдер мен ұсынымдарды өз қолымен куәландырады;
комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды және комиссия шешімдерін іске асырады;
комиссияның қызметімен байланысты басқа да өкілеттікті орындайды.
11. Жоғары аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі оған қатысқан кезде заңды болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Жоғары аттестаттау комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Жоғары аттестаттау комиссиясының отырысына келмеген мүшелерінің орнын алмастыруға жол берілмейді.
Жоғары аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу кезінде дыбыстық, бейне жазу құралдары қолданылуы мүмкін, ол туралы аттестатталушыға аттестаттау өткізу басталғанға дейін хабарланады.
12. Жоғары аттестаттау комиссиясының мүшелері жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.