Bestprofi Logo

Қаулы № 66 от 2009-03-27г./Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi агенттiгi

Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 66 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5670 болып енгізілді.

"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 66 қаулысымен бекітілді

Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық

Осы Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) ислам банктері (бұдан әрі – банктер) үшін пруденциалдық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейді.

Пруденциалдық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:

банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері;

меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;

бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;

банктің негізгі қаражатқа және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті;

банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру;

банк қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті.

Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 жылғы № 172 Қаулысымен (31.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

1. Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері

1-тарау жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (28.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

1. 1. Банктің жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) белгіленген.

2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін жағдайда ғана сатып алады.

2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 79 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.06.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды

2. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті

2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 жылғы № 172 Қаулысымен (31.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капиталдың және банк инвестицияларын шегергендегі екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.

3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 жылғы № 172 Қаулысымен (31.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 жылғы № 294 Қаулысымен (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.05.2014 жылғы № 79 Қаулысымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.06.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды

Банктің инвестициялары акцияларын немесе жарғылық капиталында қатысу үлестерiн банк заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талабымен өндiрiстiк және сауда қызметiн қаржыландыру кезінде иеленген заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталда қатысу үлестерiне) банктiң салымын қоспағанда, банктiң заңды тұлға акцияларына салымдарын (жарғылық капиталда қатысу үлестерiн) бiлдiредi.

Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларынан басқа уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингілік агенттіктер) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларында таниды.

Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:

Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);

Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);

Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);

Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);

Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);

Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;

Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

Ислам жеке секторды дамыту корпорациясы (ICD).

4. Бiрiншi деңгейдегi капитал мынадай сома ретiнде есептеледi:

4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 жылғы № 294 Қаулысымен (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.02.2014 жылдан бастап)

сатып алынған меншiктi акцияларды шегергендегi төленген жарғылық капитал;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание