Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 412 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 шілдеде № 9652 тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7 бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен мамандар даярлауға 2014 - 2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә.Сыздықова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен жоғарғы медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлау бойынша білім беру қызметін көрсетуге шарт жасасуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) жасалған шарттарға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын: бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 412 бұйрығына
қосымша
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды
даярлауға 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысы