• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.  
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.  
3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар  
1. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бағдарламасында «Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген 4-бөлім:
7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығарылу.  
Қатысушы Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығарылу үшін Сауықтыру кеңесінің жұмыс органына жүгінеді. Өтінішке кредиторлар комитетінің келісімі және Бағдарламаға қатысушының бұдан әрі есептерді келтіре өз бетімен кредиттерді (қарыздарды) өтеу мүмкіндігі және қызмет көрсетуге ықтимал мүмкіндігінің бар екендігі туралы қаржы ұйымдарының жазбаша қорытындысы қоса беріледі.  
Қатысушының Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығарылу туралы өтінішін алғаннан кейін Жұмыс органы осы мәселені Сауықтыру кеңесінде қарауға бастамашылық етеді.
Ұсынылған материалдар, сондай-ақ өткен жылдар бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарларын іске асыру мониторингі нәтижесі негізінде Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығару туралы шешім шығарады.  
Бағдарламадан қатысушы мерзімінен бұрын шығарылған кезде республикалық бюджеттен алынған субсидияларды қайтару жүргізілмейді.  
Сауықтыру кеңесі Бағдарламадан қатысушыны мерзімінен бұрын шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына, меншік иесіне және қатысушыға субсидиялау шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.  
Субсидиялау шарты бұзылғаннан кейін Бағдарлама қатысушысы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде қорытынды есепті қоса алып жеделдетілген оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.»;
2. «Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ережеде:
4-тармақтың 4-2) тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«4-2) Бағдарламадан қатысушыны мерзімінен бұрын шығару туралы шешім шығарады;».
3. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 755-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасында:
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Субсидиялау мынадай:
Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінiң шешiмi бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылған;
Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінiң шешiмi бойынша қатысушы Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығарылған;
қатысушы кредит және/немесе лизингтiк операциялар бойынша негiзгi борышты мерзiмiнен бұрын iшiнара (толық) өтеген, облигацияларды мерзiмнен бұрын толық сатып алған жағдайларда тоқтатылады.
26. Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы (Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығару туралы) шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі операторды сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді тоқтату туралы жазбаша хабардар етеді және субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына және бес жұмыс күні ішінде қатысушыға және қатысушының меншік иелеріне субсидиялау шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.»
 _____________________________
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2014 жылғы
« » № қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 755-құжат).
2. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 553 қаулысы.
3. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысы.
4. «Салалық органдардың кәсіпорынның Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 711 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 569-құжат).
5. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 шілдедегі № 783 қаулысы (2011ж. 14.09. «Казахстанкая правда», №294-295 (26685-26686); «Егемен Қазақстан» 2011ж. 14.09. №433-435 (26828); Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2011ж, №46, 621-құжат).
6. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекiту және «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 қыркүйектегi № 1031 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2011ж, №53, 755-бап; 2011ж. 14.09. «Казахстанская правда», 294-295 (26685-26686; «Егемен Қазақстан» 2011ж,19.09. №433-435 (26828).  
7. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 19 қарашадағы № 1355 қаулысы.
8. «Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 409 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1016 қаулысы (2012 ж. 11.08. «Казахстанкая правда», №262-263 (27081-27082); «Егемен Қазақстан» 2012ж. 08.11. №495-500 (27573); Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2012 ж, №65, 913-құжат).
10. «Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1663 қаулысы.
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 224 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №20, 332-құжат).
12. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 275 қаулысы.
13. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31желтоқсандағы № 1473 қаулысы.
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 117 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 8, 77-құжат).  
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 495 қаулысы.
  __________________________________________
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
 

Құрылымдық бөлім



Қолданыстағы редакция



Ұсынылатын редакция

Негіздеме

«Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама)

4-бөлімнің

7-тармағы

Жоқ

7. Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығарылу.

Қатысушы Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығарылу үшін Сауықтыру кеңесінің жұмыс органына жүгінеді. Өтінішке кредиторлар комитетінің келісімі және Бағдарламаға қатысушының бұдан әрі сәйкесінше есептерді келтіре өз бетімен кредиттерді (қарыздарды) өтеу м үмкіндігі және қызмет көрсетуге ықтимал мүмкіндігінің бар екендігі туралы қаржы ұйымдарының жазбаша қорытындысы қоса беріледі.

Қатысушының Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығарылу туралы өтінішін алғаннан кейін Жұмыс органы осы мәселені Сауықтыру бойынша кеңесте қарауға бастамашылық етеді.

Ұсынылған материалдар, сондай-ақ өткен жылдар бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарларын іске асыру мониторингі нәтижесі негізінде, Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығару туралы шешім қабылдайды.

Бағдарламадан қатысушы мерзімінен бұрын шығарылған кезде республикалық бюджеттен алынған субсидияларды қайтару жүргізілмейді.

Сауықтыру кеңесі Бағдарламадан қатысушыны мерзімінен бұрын шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына, меншік иесіне және қатысушыға субсидиялау шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Субсидиялау шарты бұзылғаннан кейін Бағдарлама қатысушысы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде қорытынды есепті қоса алып жеделдетілген оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

Кредиторлар комитеті келіскен, сондай-ақ бұдан әрі өз бетімен кредиттерді (қарыздарды) өтеген және қызмет көрсеткен жағдайда Қатысушыларға Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығу туралы мүмкіндік беру мақсатында

Бағдарламадан қатысушы мерзімінен бұрын шығарылған кезде республикалық бюджеттен алынған субсидияларды қайтару жүргізілмейді.

Бірақ өткен жылдар бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарларын іске асыру мониторингі нәтижесі негізінде Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығаруға қарсы болуы мүмкін. Егер де өткен жылдар бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарлары орындалмаған жағдайда Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығаруғашешім қабылдауға құқылы. Осындай жағдайда төленген субсидиялар мемлекетке қайтарылуы тиіс.





Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысымен бекітілген Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы

4-тармақ

4. Осы міндетті орындау үшін Кеңес: ……………………….

4-2) Жоқ

…………..

4. Осы міндетті орындау үшін Кеңес:

……………………….

4-2) Бағдарламадан қатысушыны мерзімінен бұрын шығару туралы не одан бас тарту туралы шешім шығарады ;

…………..

Қатысушыларға Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін беру мақсатында

Бағдарламадан қатысушы мерзімінен бұрын шығарылған кезде республикалық бюджеттен алынған субсидияларды қайтару жүргізілмейді.

Бірақ өткен жылдар бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарларын іске асыру мониторингі нәтижесі негізінде Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығаруға қарсы болуы мүмкін. Егер де өткен жылдар бойынша оңалту (сауықтыру) жоспарлары орындалмаған жағдайда Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығаруғашешім қабылдауға құқылы. Осындай жағдайда төленген субсидиялар мемлекетке қайтарылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі №1031 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасы

25 -тармақ

25. Субсидиялау мынадай:

Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінiң шешiмi бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылған;

қатысушы кредит және/немесе лизингтiк операциялар бойынша негiзгi борышты мерзiмiнен бұрын iшiнара (толық) өтеген, облигацияларды мерзiмнен бұрын толық сатып алған жағдайларда тоқтатылады.

25. Субсидиялау мынадай:

Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінiң шешiмi бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылған;

Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінiң шешiмi бойынша қатысушы Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығарылған;

қатысушы кредит және/немесе лизингтiк операциялар бойынша негiзгi борышты мерзiмiнен бұрын iшiнара (толық) өтеген, облигацияларды мерзiмнен бұрын толық сатып алған жағдайларда тоқтатылады.



Бағдарламадан қатысушы мерзімінен бұрын шыққан кезде республикалық бюджеттен субсидиялауды тоқтату тетігін орнату мақсатында







2 6 -тармақ

26. Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі операторды сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді тоқтату туралы жазбаша хабардар етеді және субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына және бес жұмыс күні ішінде қатысушыға субсидиялау шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.

26. Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы (Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығару туралы) шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі операторды сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеуді тоқтату туралы жазбаша хабардар етеді және субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына және бес жұмыс күні ішінде қатысушыға және қатысушының меншік иелеріне субсидиялау шартын бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Бағдарламадан қатысушы мерзімінен бұрын шыққан кезде республикалық бюджеттен субсидиялауды тоқтату тетігін орнату мақсатында



Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Дәленов 
2014 жылғы « »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты



1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) қатысушыларына кредиторлар комитетінің келісімі болған шартында Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығу, сондай-ақ бұдан әрі дербес өтеу және кредиттерге (займдар) қызмет көрсету мүмкіндіктерін ұсыну үшін.

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдағы № 20-20/1115//62-9.51-2 тапсырмасы.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік–экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

  1. 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) сәйкес.

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшін жойылды деп тану

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

1. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысы;

2. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 553 қаулысы;

3. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысы;

4. «Салалық органдардың кәсіпорынның Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 711 қаулысы

5. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 шілдедегі № 783 қаулысы;

6. «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасы (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) шеңберiнде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекiту және «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 қыркүйектегi № 1031 қаулысы;

7. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 19 қарашадағы № 1355 қаулысы;

8. «Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 409 қаулысы;

9. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1016 қаулысы;

10. «Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1663 қаулысы;

11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 224 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №20, 332-бап);

12. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 275 қаулысы;

13. «Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1473 қаулысы;

14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 117 қаулысы;

15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 495 қаулысы.

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкестікке келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Қосымша сараптама жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ



10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге

Рұқсат етіледі

11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсындағы «Ақпараттық материалдар» деген бетінде, «Нормативтік құқықтық актілер» деген бөлімнің «Кеңінен талқылануға жататын нормативтік құқықтық актілердің жобалары» деген кіші бөлімінде орналастырылған www. minfin.gov.kz.

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Кеңінен талқылауға ұсынылған «Нормативтік құқықтық кесімдерінің жобалары» бөлімінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында орналастырылған

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р. Дәленов 
2014 жыл « »