Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы ___________
№ өкіміне
ҚОСЫМША
«Еңбек» (Труд)» ордені
«Еңбек» (Труд) ордені он алты сәуле тәріздес айшықты жұлдызды білдіретін негізден: сәулелері бидай масақтарымен көмкерілген сәуле тәріздес он алты композицияны білдіретін сегіз қырлы қондырмадан тұрады. Сегіз сәулеге үшбұрышты, жылтыр, көгілдір түстегі фианит орналастырылған. Сол сәулелердің гильоширленген бетіне жылтыр ювелирлік эмаль құйылған; өрілген орнаментті білдіретін қондырма-сақина; араларына көк эмаль құйылған күннің сәулесін білдіретін қондырма-шығыршық және көгілдір фонда «ЕҢБЕК» деген жазуы бар лента; ортасындағы қондырманың фактураланған бетіне еңбек символдары – мұнай бұрғылау мұнарасы, құятын шөміш және электр өткізу желілерінің мұнарасы салынған. Орден белгісі құлақша мен шығыршық арқылы қызыл муарлы лентамен қапталған ені 34 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғанады. Лентаның жиектеріне ені 2 мм, жиектерінен 1 мм-ден шығып тұратын көк жолақтар орналастырылған. Лентаның ортасына ені 8 мм көгілдір жолақ қойылған, ал оның жиектеріне 1 мм қашықтықта ені 2 мм ақ жолақтар орналастырылған. Планканың артқы жағына визорлық бекіткіші бар түйреуіш бекітілген, сол арқылы белгі киімге қадалады. Белгінің негізі мен орталық қондырма сұр түсті металдан (оксидтелген күміс) жасалады. Сегіз қырлы қондырма, шығыршық-қондырма, сақина-қондырма сары түсті металдан (алтындалған күміс) жасалады. Планка алтын түсті металдан (мыс-мырыш қорытпа – латунь) жасалады. |