• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015 г

Отправить по почте

Су ресурстарын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 246-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9664 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.07.2015 жылғы № 19-1/615 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2)-тармақшасына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса берілген:
1)«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2)«Экономика салаларында су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Биологиялық және су ресурстары департаменті Балық шаруашылығы комитетімен және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
4.Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров