• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2013 жылғы есеп бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2013 жылғы есеп бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2014 жылғы маусымның 10-ы № 835

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 134-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2013 жылғы есеп бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2013 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ақпарат ретінде ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2013 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев