• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Мұнай және газ кәсіпшілігінің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 70 бұйрығына 12-қосымша

«Мұнай және газ кәсіпшілігінің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 704 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Кәсіби стандарт:
1) к әсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды әзірлеуге, еңбек нарығының қазіргі қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
2) қызметкерлерді басқару саласында кең ауқымды міндеттерді шешуге;
3) білім беру стандарттарын, о қу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
4) кәсіби даярлықтарына бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауға арналған;
2. Кәсіби стандартты негізгі пайдаланушылар:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерін басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру ба ғдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.
4. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
2) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
3) кәсіп – арнайы дайындық пен жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
4) жұмысшы кәсібі – материалдық құндылықтарды жасау, өнім (қызметтер, жұмыстар) шығару процесімен тікелей айналысатын, сонымен қатар жөндеу, жүктерді алып өту, жолаушыларды тасымалдау, материалдық қызметтер көрсетумен айналысатын жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі.
5) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын қарастыратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
6) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының және оларды орындауға қажетті құзыреттерінің тұтас жиынтығынан құралған кәсіби қызмет саласының бөлігі;
7) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестілігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыретіне) қойылатын талаптар деңгейі;
8) біліктілік – қызметкердің нақты бір жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындығының дәрежесі;
9) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметінде білімін, білігі мен дағдысын қолдану қабілеті;
10) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі.
5. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
КҚ – кәсіби қызмет;
ҚТ – қызмет түрі; 
КС – кәсіби стандарт;
ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;
СБШ – Салалық біліктілік шеңбері (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 13-қараша 2013 жылы №8904 тіркелген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 18-қазан 2013 жылғы №184 "Мұнай және газ саласы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы" бұйрығы);
БТБА – ҚР Жұмыс және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
КМЖ – ҚР 01-2005 КМЖ ҚР Кәсіптердің мемлекеттік жіктеуіші
ҮБС - Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары;
ЖҚҚ - жеке бас қауіпсіздік құалдары;
БӨҚ - бақылау-өлшеу құралдары;
КМШ - концентрацияның мүмкін шегі;
МЖ - мамандықтар жіктеуіші.
2. КС паспорты
6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызмет саласы): «Мұнай және газ кәсіпшілігінің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу».
7. Экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: құбырлар мен жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. 
Кәсіби стандарт «Мұнай және газ кәсіпшілігінің жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби қызмет саласында еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
8. Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілді.
Стандарт талаптары осы саланың мынадай қызмет түрлері мен кәсіптеріне қатысты қолданылады: мұнай кәсіпшілігі жабдығын жөндеуші слесарь, техник-механик.
3. Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкалары
1-параграф. Мұнай кәсіпшілігі жабдығын жөндеуші слесарь
9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 2-4.
10. Ықтимал лауазым атауы: слесарь- жөндеуші, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарь, мұнай кәсіпшілігі жабдығын жөндеуші слесарь.
11. 2-қосымшаға сәйкес «Мұнай кәсіпшілігі жабдығын жөндеуші слесарь» кәсібі субъектіні мұнай кәсіпшілігінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша негізгі функцияларды іске асырумен байланысты міндеттерді білуге және орындай алуға міндеттейді.
Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы кәсіби стандарттың 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.