• Мое избранное
«Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы
  «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы ___) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидалары ;
2) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
3) бірінші санаттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
4) екінші санаттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны;
5) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
6) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
7) етті тұқымды аталық бұқа ұрығының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
8) етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондарының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
9) биязы және биязылау жүнді тұқымды қойдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
10) ұяң жүнді және қылшық жүнді тұқымды қойдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
11) қаракөл тұқымды қойдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
12) сүтті тұқымды ешкінің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
13) түбіт тұқымды ешкінің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
14) жүнді тұқымды ешкінің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
15) шошқаның асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
16) зауыттық тұқымды жылқының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
17) өнімділік бағыттағы жылқының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
18) түйенің асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
19) құстардың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
20) түйеқұстың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
21) теңбіл бұғының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
22) маралдың асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
23) аналық бал араның асыл тұқымдық куәлігінің нысаны ;
24) балықтың асыл тұқымды дарағының асыл тұқымдық куәлігінің нысаны  бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан РеспубликасыАуыл
шаруашылығы министрінің
20__ жылғы «___» ___________
№_____ бұйрығымен бекітілген
Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл
тұқымдық куәліктерді беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру тәртібін айқындайды.
2. Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) түріне байланысты асыл тұқымдық куәліктер жеке немесе партияларға (серияға):
1) асыл тұқымды малдың әрқайсысына жеке;
2) асыл тұқымды өнім (материал) (ұрық, эмбрион, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапан, уылдырық, құртшабақтар және жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттеріне) партиясына (сериясына) беріледі.
3. Асыл тұқымдық куәлікті толтыру мемлекеттік және орыс тілдерінде, баспа әріптермен түзетусіз жүргізіледі.
4. Асыл тұқымдық куәліктің бланкісі типографиялық әдіспен нөмірленеді және қорғау дәрежесімен қамтамасыз етіледі.
2. Асыл тұқымды өнімдердің (материалдың) барлық түрлеріне асыл
тұқымдық куәліктерді беру тәртібі
5. Асыл тұқымдық куәлікті асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне беруді асыл тұқымды ірі қара малды қоспағанда, асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар, асыл тұқымдық репродукторлар, асыл тұқымдық орталық, дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған асыл тұқымды зауыттар, асыл тұқымды шаруашылықтар, асыл тұқымды репродукторлар, асыл тұқымды орталықтар және (немесе) асыл тұқымды малдың ұрығын сату жөніндегі дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.
6. Асыл тұқымды зауыт, асыл тұқымды шаруашылық және асыл тұқымдық репродуктор, асыл тұқымды зауыт, асыл тұқымды шаруашылық және асыл тұқымды репродуктор басшысының тиісті өкімімен уәкілеттік берілген тұлға бұрыштама қойған, сондай-ақ басшының өзі бұрыштама қойып, мөрімен расталған асыл тұқымдық куәліктің түпнұсқасын береді.
7. Асыл тұқымды орталықтар және асыл тұқымды малдың ұрығын сату бойынша дистрибьютерлік орталықтар ұрықтарды немесе эмбриондарды сату кезінде қолда бар ұрыққа (эмбрионға) асыл тұқымдық куәліктің түпнұсқасы негізінде сатып алушыға өзінің мөрімен расталған асыл тұқымдық куәліктің көшірмесін береді.