Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
1. «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 211-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы « » № қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысымен бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу
| Р/с № | Іс-шаралар атауы | Жауапты мемлекеттік органдар | Саны | Сомасы, мың теңге |
| 1 | Кәсіптік стандарттарды әзірлеу | ИДМ | 28 | 26 387 |
| 2 | Кәсіптік стандарттарды әзірлеу | ДСӘДМ | 26 | 19 607 |
| 3 | Кәсіптік стандарттарды әзірлеу | ІІМ | 1 | 475 |
| 4 | Кәсіптік стандарттарды әзірлеу | МСМ | 4 | 2 901 |
| 5 | Кәсіптік стандарттарды әзірлеу | БҒМ | 5 | 5 250 |
| 6 | Кәсіптік стандарттарды әзірлеу | ҰЭМ | 24 | 25 200 |
| 7 | Кәсіптік стандарттарды әзірлеу | Әділетмині | 2 | 879 |
|
| Барлығы: |
| 90 | 80 699 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.
«Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
| № р/с | Құрылымдық элементтің атауы | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме. Тапсырмаға сілтеме жасаудан басқа: 1) түзетудің мәнін; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| 1 | Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу | Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
| Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
| 1-қатар бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға байланысты және м емлекеттік сатып алулар өткізу нәтижесінде: - 1417 мың тенге. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 05-07/2250-И хаты; -1596 мың теңге үнемделді. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылғы 16 қазандағы №13-1/3-5150 хаты; - БАА (10 КС)-IT-мамандықтары және 1 КС (кино) әзірлену алынып тасталды; 2-қатар бойынша: ДСӘДМ КС әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алулар өткізу нәтижесінде: -еңбек саласы бойынша– 3493 мың теңге; -денсаулық сақтау саласы бойынша – 4200 мың теңге үнемделді; Сондай-ақ, 6 КС-ті әзірлеу алынып тасталды (банк кепілдігін енгізбегені үшін); 3-қатар бойынша: Мемлекеттік сатып алулар өткізу нәтижесінде 575,0 мың тенге үнемделді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 39-39-67/62-И хаты; 4-қатар бойынша: Мемлекеттік сатып алулар өткізу нәтижесінде 1 299,0 мың тенге үнемделді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 02-36/729 хаты); 7-қатар бойынша: Мемлкеттік сатып алу нәтижесінде 1221,0 мың тенге үнемделді. Қазақстан Республикасының Әділетминінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1-33/И-2968 хаты). | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| № п/п | Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
| 2. | Жобаны қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi | Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабына сәйкес |
| 3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды |
| 4. | Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
| Жоқ |
| 5. | Жобаны, қабылдаудың нақты мақсаттары, күтiлетiн нәтижелердiң мерзiмi және болжанатын тиiмдiлiгi | Еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында |
| 6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Үкiметтiң бұрын қабылданған кесiмдерi және олардың iске асырылу нәтижелерi туралы мәлiметтер | Көзделмеген |
| 7. | 3аңнаманы кейiннен жобаға сәйкес келтiру қажеттiгi | Қажеттілігі жоқ |
| 8. | Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргiзiлген жағдайда оның нәтижелерi | Жүргiзiлген жоқ |
| 9. | Өзге де мәліметтер | Өзге де мәліметтер жоқ |
| 10 | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі | Иә |
| 11 | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.mzsr.gov.kz веб-сайтында орналастырылған |
| 12 | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.mzsr.gov.kz веб-сайтында орналастырылған; «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына пресс-релиз |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова 2014 жылғы «___» __________