Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1100 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 5 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2016 жылғы № 846 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) салааралық және ведомствоаралық сипаттағы маңызды міндеттерді шешу мақсатында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған салалық бағдарламаларды әзірлейді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Салалық бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оларды әзірлеу кезінде осы қаулыда белгіленген талаптар сақталады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салалық бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1. Салалық бағдарламалардың тізбесі
7-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган салалық бағдарламалар тізбесін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының тұжырымдалған стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырады және түзетеді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Салалық бағдарламалардың тізбесі бағдарламалардың атауын, салалық бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуін, салалық бағдарламалардың іске асырылу мерзімдерін қамтуға тиіс.
Салалық бағдарламалардың тізбесінде көзделмеген салалық бағдарламаларды әзірлеуге және бекітуге жол берілмейді.
Салалық бағдарламалар тізбесінің жобасы Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспары бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізіледі.
Салалық бағдарламалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша қалыптастырылады.
Салалық бағдарламалар тізбесін түзету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын мониторингілеу мен бағалау нәтижелері бойынша және салалық бағдарламалар аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.Салалық бағдарлама мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында әзірлену;
2) салааралық және ведомствоаралық сипаттағы маңызды міндеттерді іске асыруға бағдарлануы;
3) игілік алушылардың нысаналы тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлану;
4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін мақсаттардың, міндеттердің, нысаналы индикаторлар мен шаралардың мерзімдері, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген жүйесін қамту;
5) шаралардың атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен дәйектілігі нақты айқындалғанын, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлану қамтамасыз ету;
6) қаржы, еңбек және техникалық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10.Салалық бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) паспорты (негізгі параметрлері);
2) кіріспе;
3) ағымдағы жағдайды талдау;
4) бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері;
5) бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар;
6) бағдарламаны іске асыру кезеңдері;
7) қажетті ресурстар;
8) бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.»;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде мыналар көрсетіледі:»;
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салалық бағдарламалар іс-шаралар бойынша қаржыландырудың болжанатын көлемдері, оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Салалық бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленеді.
Іс-шаралар жоспары осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) «Салалық бағдарламаның атауы» деген жолда салалық бағдарламаның толық атауы көрсетіледі;
2) бірінші бағанда салалық бағдарлама мақсатының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
3) екінші бағанда жазылу реттілігі «Бағдарламаның іске асырылу мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштер, іс-шаралар келтіріледі;
4) үшінші бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі;
5) төртінші бағанда жоспарланған орындалу мерзімдері көрсетіледі;
6) бесінші бағанда іс-шараның аяқталу нысаны көрсетіледі;
7) алтыншы бағанда салалық бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар, олардың ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) көрсетіледі;
8) жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бағандарда:
«Нысаналы индикаторлар» деген жолда салалық бағдарламаның мақсатына қол жеткізілу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін, санмен өлшенетін мәндер көрсетіледі;
«Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолда міндеттің шешілу дәрежесін сипаттайтын санмен өлшенетін нәтижелердің мәндері көрсетіледі;
«Іс-шаралар» деген жолда салалық бағдарламаны іске асырудың әрбір жылы бөлінісінде, шығыстар көлемі көрсетіледі, мың теңге;
9) он үшінші бағанда болжанатын шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі, мың теңге;
10) он төртінші бағанда болжанатын сомалардың қаржыландыру көздері көрсетіледі:
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік кепілмен тартылатын мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздері;
11) бесінші, он үшінші және он төртінші бағандарынан «Нысаналы индикатор», «Нәтижелер көрсеткіштері» деген жолдар толтырылмайды.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Салалық бағдарламаны оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және инвестиция және индустриялық-инновациялық даму бөлігінде индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органмен келіседі.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган және осы бағдарламаны іске асыруға қатысқан бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган салалық бағдарламалардың іске асырылуы жөніндегі мониторингінің, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының негізінде жүзеге асырады.»;
көрсетілген Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1100 қаулысына қосымша Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне қосымша
______________________________________іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(салалық бағдарламаның атауы)
Р/с № |
Іс-шара |
Өлшем бірлігі |
Орындау мерзімдері |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауап-тылар |
Оның ішінде жылдар бойынша |
Қаржыланыру көздері |
||||||
1-жыл |
2-жыл |
3-жыл |
4-жыл |
5-жыл |
n-жыл |
Барлығы |
|
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
Мақсат |
||||||||||||
|
Нысаналы индикатор |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Міндет |
||||||||||||
|
Нәтижелер көрсеткіштері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Іс-шара |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
… |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |