• Мое избранное
«Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 5 қарашадағы 2014 жылғы № 12475 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
2014 жылғы 15 қазандағы
№ 9-2-6/3730-И хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылық министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – қағида) қарап, келесіні хабарлаймыз:
  1. Қағиданың 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «7. Асыл тұқымды жануарлардың ұрығын өткізу жөніндегі асыл тұқымды орталықтар мен дистрибьютерлік орталықтар асыл тұқымды жануарлардың ұрығын немесе эмбриондарын өткізу кезінде сатып алушыға қолда бар асыл тұқымдық куәлік түпнұсқасының негізінде асыл тұқымды жануарға, ұрыққа (эмбрионға) өз мөрлерімен куәландырылған асыл тұқымдық куәліктердің көшірмелерін береді». Бұл шара асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтар өздерінің өндірістік қызметімен ерекшеленетіндіктерінен туындайды. Сонымен асыл тұқымды орталықтар ұрықтарды басқа орталықтардан (отандық немесе шетелдік) сатып алатындықтарымен қатар, өздері де асыл тұқымды өндірушілерден (бұқалардан, қошқарлардан және т.б.) ұрық алады, ал дистрибьютерлік орталықтар тек өздері отандық немесе шетелдік орталықтардан сатып алатын ұрықтарды өткізуді жүргізеді. Осыдан туындайтыны, асыл тұқымды орталықтарда өндіруші жануардың өзіне асыл тұқымдық куәлік бар болуы тиіс, ал дистрибьютерлік орталықта асыл тұқымды орталықпен берілген ұрыққа асыл тұқымдық куәліктің түпнұсқасының бар болуы жеткілікті;
  2. Бұйрық жобасында, атап айтқанда, 3) және 4) тармақшаларда бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымдық куәліктер бойынша ірі қара мал тұқымдарының өнімділіктерінің бағыттары көрсетілмеген. Осы норманың әртекті оқылуының алдын алу мақсатында 3) және 4) тармақшаларды «етті тұқымдар» сөздерімен толықтыруды ұсынамыз;
3. Қағида жобасында өнімділіктің қандай бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал бірінші және екінші санатқа, сүттіге, сүтті-еттіге немесе еттіге бөлінуі тиістілігі көрсетілмеген. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» ҚРЗ 23-1) және 23-2) тармақшаларының нормаларына сәйкес, өнімділіктерінің бағыттарына қарамастан барлық ірі қара мал екі санатқа бөлінген болуы тиіс;
  4. Бірінші және екінші санаттағы ірі қара малға асыл тұқымдық куәліктердің ұсынылып отырған нысандарында малдың асыл тұқымдылығы туралы деректер енгізілмеген, ал жануарлар мен асыл тұқымды материалдардың асыл тұқымдық куәліктерінің басқа нысандарында асыл тұқымдылықты көрсету қарастырылған. Осыған орай, бірінші және екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал нысандарын жануарлардың асыл тұқымдылығы туралы деректермен толықтыру қажет деп санаймыз.  
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының негізінде дәлелді жауап берулеріңізді сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің
Хатшылығы Хатшысының орынбасары М. Өксікбаев