Toggle Dropdown
1
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері және Қазақ ССР Министрлер Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 19.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. «Орман көшеттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) таратылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
Toggle Dropdown
3. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
Toggle Dropdown
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы биологиялық әртүрлілікті және тектік қорды сақтау мақсатында өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғауды, тұрақты пайдалануды, өсімін молайтуды және жасанды түрде өсіруді, сондай-ақ табиғатты (дендрологиялық саябақты) қорғауды қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып айқындалсын.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғам таратылғаннан кейін қалған мүлікті Кәсіпорынға берсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кәсіпорынның жалпы алаңы 365,43 гектар жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
Toggle Dropdown
2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
8. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) «Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары Академиясының ғылыми-зерттеу орталығын Алматы қаласынан Көкшетау облысына көшіру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1959 жылғы 5 мамырдағы № 386 қаулысы;
Toggle Dropdown
2) «Есік орман машина-мелиоративті стансасын тапсыру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1976 жылғы 30 тамыздағы № 400 қаулысы;
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң «Үлгі-тәжiрибелiк орман көшеттiгi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 тамыздағы № 843 қаулысы.
Toggle Dropdown
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 221 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке қалдыратын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Алматы облысы» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 25-1-жол алып тасталсын.
Toggle Dropdown
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнің Ғылым комитеті» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 222-34-жол алып тасталсын.
Toggle Dropdown
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-21-жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«16-21. Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы»;
Toggle Dropdown
«Акционерлiк қоғамдар» деген 3-бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 19-жол алып тасталсын.
Toggle Dropdown
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 221 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
1
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріның санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Toggle Dropdown
| Жер пайдаланушының атауы | Жалпы алаңы, гектар | Оның ішінде: |
| орман көмкерген | ауыл шаруашылығы алқаптары | орман белдеулері | өзге жерлер |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 365,43 | 62,0 | 254,73 | 14 | 34,7 |