Toggle Dropdown
«Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
«Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 22) тармақшасына және «Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
__________________Ә. Исекешев
« _____ » _____________ 2015 жылы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика минист рі
___________________ Е. Досаев
« ____ » ___________ 2015 жылы
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
«Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және өнім беретін әрі өнім бермейтін жануарларды азықтандыруға арналған азық және азық қоспаларының қауіпсіздігіне, сондай-ақ шикізатқа, бастапқы материалдарға, реагенттерге және оларды өндіру, өткізу, тасымалдау, қолдану, сақтау және жою процестеріне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
Техникалық регламент жануарларға арналған азық, жартылай фабрикаттар немесе пайдаланылатын технологиялардың ерекшеліктеріне қарамастан басқа да азықтарды өндіруге арналған шикізат ретінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын), сондай-ақ айналымға арналған жем-шөпке және жем-шөп қоспаларына қолданылады.
Осы Техникалық регламенттің күші әсер ететін өнім түрлері мен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша оның кодтары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
Осы Техникалық регламент жеке қолдануға арналған және генетикалық түрлендірілген өсімдік және/немесе басқа шикізаттан дайындалған, үйде (фермерлік) дайындалған жем-шөпке және жем-шөп қоспаларына қолданылмайды.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары жем-шөпті және жем-шөп қоспаларын өндіруге (дайындауға), тасымалдауға, сақтауға, сатуға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.
3. Өндіру (дайындау), сақтау және қолдану процесінде жем-шөп және жем-шөп қоспалары, сондай-ақ шикізат мынадай жағдайларда жануарлардың, мал шаруашылығының өнімін пайдаланатын адамдардың денсаулығына және өміріне қатер тудыруы мүмкін:
1) радиациясы жоғары немесе құрамында ауыр металдардың тұздары бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға немесе геохимиялық аудандарға жақын дайындау кезінде қауіптілік туындағанда;
2) санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін сапасыз немесе жасанды шикізатты және буып-түю материалын пайдаланғанда;
3) жануарлардың улануына ықпал ететін азықтарды өңдеудің (патогендік микроорганизмдердің көбеюі, уыттардың жиналуы) технологиялық режимдерін сақтамағанда;
4) кеміргіштермен, жәндіктермен күрес құралдарын дұрыс қолданбағанда және сақтамағанда;
5) құрамында химиялық заттардың (консерванттардың) мөлшері жоғары консервіленген азықтарды қолданғанда.
4. Ықтимал зиянды әсердің алдын алу жөніндегі тәуекелді басқару мынадай сатыларда жүзеге асырылады:
1) жем-шөп және жем-шөп қоспаларын дайындау;
2) жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндірудің (дайындаудың) технологиялық процестері;
3) жем-шөп және жем-шөп қоспаларын тасымалдау және сақтау;
4) жем-шөп және жем-шөп қоспаларын кәдеге жарату және жою.
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігі - азық және азық қоспаларын әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қатердің болмауы;
жем-шөптік құндылық - олар болған кезде жануарлардың қажетті заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігі қанағаттандырылатын азық қасиеттерінің жиынтығы;
жануарлар - үй, жабайы, зоосаябақ, цирктік, зертханалық, сәндік, терісі бағалы, теңіз жануарлары мен басқа гидробионттардың, құстардың, аралардың, балықтардың барлық түрлері;
жарамдылық мерзімі - жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру (дайындау), айналымы процестерінің (сатыларының) шарттарын сақтау кезінде мақсатты пайдалану үшін жем-шөп және жем-шөп қоспасы қауіпсіз болып саналатын кезең;
құрама жем - белгілі бір түрі, типі және өнімділігі бойынша жануарларды толық азықтандыруды қамтамасыз ететін түрлі жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қажетті мөлшеріне дейін қоспалардан тазартылған және ұсақталған қоспа;
металл магнитті қоспа - магнитке тартылуға қабілетті жем-шөпте және жем-шөп қоспасында қамтылған түрлі өлшемді және пішінді металл бөлшектері;
өнімділігі жоғары жануарлар - мал шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылған немесе пайдаланылуы мүмкін жануарлар;
өнімділігі аз жануарлар - мал шаруашылығы өнімдерін алу үшін мақсатты пайдаланылмайтын жануарлар;
пішен - шөпті сусыздандыру нәтижесінде алынған және құрамында ылғалдың үлес салмағы 17%-дан аспайтын азық;
пішендеме - кемінде 40% ылғалдыққа дейін дегдітілген және анаэробты жағдайларда сақталған вегетацияның ерте фазаларында жиналған шөптерден дайындалған азық;
патогендік микрофлора - жануарлардың ауруын қоздыруға қабілетті микроорганизмдер;
жол берілмейтін қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін өнім қауіпсіздігінің деңгейінен асып түсетін қатер;
сақтау мерзімі - жем-шөп және жем-шөп қоспалары белгіленген сақтау шарттарын сақтаған кезде нормативтік құжаттамада көрсетілген сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін сақтайтын уақыт кезеңі;
түйіршіктелген азық - нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес құрамында құрғақ заттары бар цилиндр немесе тік бұрыш пішінді белгілі бір өлшемде престелген майда ұсақталған жем;
қатер - жем-шөп және жем-шөп қоспаларының жануарлар саулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және жануарлардың өмірі мен саулығына қауіп тудыруға әкелетін осы әсердің салдары;
уыттылық - жануарлардың ауруына немесе жаппай қырылуын тудыруы мүмкін улы заттар құрамының рұқсат етілген деңгейден жоғары болуын сипаттайтын азық және азық қоспаларының қасиеті;
шикізат - жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру (пайдалану) үшін қолданылатын өсімдіктерден, жануарлардан, микробиология, химия және минералдардан алынатын объектілер;
ірі азық - құрамында 22%-дан аспайтын ылғал және 1 кг құрғақ затта 0,65 азықтық бірлік болатын азық.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жем-шөп және жем-шөп қоспалары айналымының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6. Ішкі сауда объектілерінде жем-шөп және жем-шөп қоспаларын сату және қолдану, сондай-ақ әкелу (импорттау) кезінде жем-шөп және жем-шөп қоспаларының нақты түрлеріне қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес азық және азық қоспаларын қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті үй-жайлар мен жағдайлар болуы қажет.
7. Қазақстан Республикасының аумағында жем-шөп және жем-шөп қоспаларының айналымы кезіндегі негізгі шарттар мыналар болып табылады:
1) жем-шөп және жем-шөп қоспаларының осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі;
2) жем-шөп және жем-шөп қоспаларының сәйкестігін растау (сәйкестік сертификаты және (немесе) сәйкестік белгісі немесе сәйкестік туралы декларация) құжатының болуы;
3) дайындаушының, жеткізушінің және (немесе) сатушының таңбалауында және (немесе) ілеспе құжаттарында азық және азық қоспалары туралы ақпараттың болуы.
Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын сақтау және сату шарттары, мерзімі кез келген ластану және бұзылу ықтималдығын жоюға тиіс.
Сату мерзімін жем-шөп және жем-шөп қоспаларын стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес өндіруші (дайындаушы) белгілейді.
8. Сатуға мыналар жіберілмейді:
1) жарамдылық мерзімі өткен жем-шөп және жем-шөп қоспалары;
2) анық бұзылу белгілері бар жем-шөп және жем-шөп қоспалары;
3) шығарылған жерін растайтын құжаттары жоқ немесе оларға қатысты ақпараты жоқ жем-шөп және жем-шөп қоспалары;
4) ұсынылған құжаттарда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмейтін жем-шөп және жем-шөп қоспалары;
5) Техникалық регламентте көзделген мәліметтерді көрсете отырып таңбаланбаған жем-шөп және жем-шөп қоспалары.
Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын сату кезінде арнайы жабдықтар, сондай-ақ таңбаланған сауда мүкәммалы (палаулықтар, тістеуіктер, қалақшалар және басқалары) қолданылады. Тікелей орамсыз материалдар таразыларында буып-түйілмеген азық және азық қоспаларын өлшеуге рұқсат етілмейді.
9. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) азық және азық қоспалары Қазақстан Республикасындағы жем-шөп және жем-шөп қоспаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелуге және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
10. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын әкелу (импорттау) стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген олардың қауіпсіздігі мен сапалық көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз ететін шарттарды сақтау арқылы жүзеге асырылады.
4. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізаттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
11. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру (дайындау) үшін жануарлар мен адамдардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген, жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз мекендерден (аумақтардан) алынған шикізаттарды пайдалануға тыйым салынады.
Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын жануарлардан алынған тіндерден өндіруге (дайындауға) тыйым салынады.
12. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіруге (дайындауға) арналған шикізаттарды дайындау, сақтау және тасымалдау шарттары Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
13. Сүрленген азық (кептірілген азық, пішендеме, сүрлем) табиғи немесе өңделген түрде жем-шөп ретінде және жем-шөп және жем-шөп қоспаларының толық рационды құрамында шикізат ретінде қолданылады.
Кептірілген азық стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтік құжаттарда белгіленген сапа көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Көгеру, улы өсімдіктердің бөтен иіс белгілері болмауы тиіс.
Ірі азық (пішен, сабан) таза түрде және түйіршіктелген жем-шөп өндіруге арналған жем-шөп қоспасының құрамында шикізат ретінде қолданылады. Ірі жем-шөп құрамында көтерген бөліктер, улы өсімдіктер (жатаған кекіре, қоянбеде), бөтен иістер (борсыған, зең, шіріген), патогендік саңырауқұлақтар мен иеркөк болмауы тиіс.
Шикізат - құрама жем мен дәнді бұршақты азық дақылдарын (жаздық сиыржоңышқа, ноқат, азықтық бұршақтар, жасымық, азықтық бөрібұршақ, соя, бұршақ) өндіру үшін азықтық мақсаттарға жеткізілетін астық (бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, тары, жержаңғақ, күнбағыс дәндері, тритикале) құрамында қастауыш, қара күйе, зиянкестер мен бөтен қоспалар болмауы тиіс. Шикізат ретінде қолданылатын астық тиісті Техникалық регламентте белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс.
Шикізат - тамыртүйнекжеміс және бақша (азық) дақылдарында көгеру белгілері болмауы және құрамындағы қауіпті және улы заттар белгіленген нормадан аспауы тиіс.
14. Шикізатты, жабдықты, буып-түю және қосалқы материалдарды (бұдан әрі - материалдар) сақтау дайын өнімнің (азық және азық қоспаларының) қауіпсіздігі мен оның жолай ластану мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Шикізат пен материалдарды сақтау кезінде, бірінші кезекте басқалардан ерте сақтауға түскен шикізат пен материалдарды қоймадан шығаруды көздейтін ротация жүйесі қолданылуға тиіс. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын сақтау үшін жәндіктер мен кеміргіштерді өткізбейтін арнайы үй-жайлар (имараттар) қолданылуы тиіс.
15. Консервіленетін ашытқылардың, ферменттердің, пробиотикалық дақылдардың, сүттің және сарысудың (құрғақ) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды орындауды оларды дайындаушылар қамтамасыз етуі тиіс. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын дайындауға арналған бұл өнімнің әрбір партиясы белгіленген нысандағы ветеринариялық құжаттармен қоса берілуі тиіс.
5. Азық және азық қоспаларын өндірудің (дайындаудың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
16. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес жұмыс аймағының ауасында өзіне жарықтандырудың, микроклиматтың, шудың, тербелістің және шаң мен зиянды заттардың қажетті деңгейін белгілеуді қамтиды.
17. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіруге арналған технологиялық жабдықтар Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
18. Технологиялық процестердің (кептіру, ұсақтау, түйіршіктеу, консервілейтін заттарды, ашытқыларды енгізу, булау, пастерлеу, стерильдеу) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар осы өнімге нормативтік-техникалық құжаттаманың нормалары мен талаптарын сақтауды көздейді. Технологиялық процестердің қауіпсіздігіне олардың сақталуына өндірістік бақылау жүргізу жолымен кепілдік беріледі.
19. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру (дайындау) кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) өнімділігі жоғары күйіс қайыратын жануарларға арналған жем-шөп құрамында балық және сүтқоректілерге жатпайтын басқа гидробионттарды қоспағанда, кез келген жануардан алынған құрамдас бөліктер болмауы тиіс;
2) өнімділігі жоғары құстарға арналған жем-щөп құрамында күйіс қайыратын жануарлардың, жыртқыш жануарлардың, сондай-ақ құстардың құрамдас бөліктері болмауы тиіс;
3) өнімділігі жоғары шошқаларға арналған жем-шөп құрамында күйіс қайыратын жануарлардың, жыртқыш жануарлардың және шошқалардың құрамдас бөліктері болмауы тиіс;
4) ірі қараның губка тәрізді энцефалопатиясы бойынша қолайсыз елдерден әкелінген өнімділігі жоғары жануарларға арналған азық құрамында балық пен сүтқоректілерге жатпайтын басқа гидробионттарды қоспағанда, кез келген жануардан алынған құрамдас бөліктер болмауы тиіс.
Консервіленген азықтар қауіпсіздігінің өлшемдері, оның ішінде өнеркәсіптік стерильділік консервілердің нақты түрі, сондай-ақ жануарлардың саулығы үшін қауіпті микроорганизмдер мен микробтық уыттар үшін белгіленген сақтау температурасында дамуға қабілетті микроорганизмдердің жоқтығы болып табылады.
20. Өндіру (дайындау) кезіндегі жем-шөп және жем-шөп қоспаларының сапасы мен қауіпсіздігі жеке өндірістік бақылау мен ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу арқылы тексеріледі.
21. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының құрамындағы уытты элементтер, патогендік микроорганизмдер, микотоксиндер, нитриттер, нитраттар, пестицидтер, гербицидтер, радионуклидтер, маркерлік полихлорланған бифенилдер ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен рұқсат етілген ветеринарлық нормативтерден (көрсеткіштерден) аспауы тиіс.
22. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген (дайындалған) және әкелінген (импортталған) жем-шөп және жем-шөп қоспалары Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуі тиіс.
6. Азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) жөніндегі объектілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
23. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру (дайындау) жөніндегі объектілерді орналастыру ветеринарлық-санитарлық қорытынды болған кезде жүзеге асырылады.
24. Барлық объектілерге Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік нөмірлер беріледі.
25. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын өндіру (дайындау) объектісі жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлы аумаққа орналастырылады және ветеринарлық-санитарлық ережелер талаптарын сақтай отырып пайдаланылады.
26. Ғимараттар және өндірістік имараттар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) технологиялық желі мен нормативтік құжаттарға сәйкес шикізаттар мен материалдар өндіру (дайындау), сақтау үшін жабдықтарды орналастыру мүмкіндігі;
2) шикізат дайындау, азық және азық қоспаларын өндіру (дайындау) және сақтау үшін микроорганизмдермен, балшықпен, реактивтермен, басқа да ластану түрлерімен ластануды болдырмау үшін қалқалармен бөлу және/немесе жеке үй-жайлар;
3) өндірістік, қосалқы және тұрмыстық үй-жайлар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған қолданыстағы нормативтерге сәйкес экрандау немесе құстардың, жануарлардың және жәндіктердің кіруінен қорғайтын басқа да шаралар талап етілетін үй-жайларды тиімді желдету.
27. Өндірістік ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау арнаулы бөлінген және мынадай талаптарға жауап беретін тиісті түрде ұйымдастырылған ұйытқы бөлімшесінде жүргізіледі:
1) үй-жайлардан оқшауланған негізгі тұтынушы цехтармен бірге бір өндірістік корпуста орналасуы;
2) ұйытқылар мен дақылдарды микроорганизмдерден, бактериофагалардан және басқа да ластағыштардан қорғауды қамтамасыз ететін жағдай жасалатын және ұсталатын жеке үй-жайлардың болуы;
3) ағынды-сорғыш желдеткіштің және (немесе) ауаны тазартатын және өңдейтін басқа тиімді жүйенің болуы.
Өндірістік ұйытқы және белсенді бакконцентраттар дайындау (жасау) кезінде ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың сапасын бақылау өндірістік бақылау бөлімшелерінің өндірістік циклының барлық кезеңінде жүзеге асырылады.
28. Өндіріс (дайындау) объектілері:
1) қоршаған орта мен өнеркәсіптік қызметті ластайтын объектілерден;
2) су тасқыны болуы мүмкін өңірлерден;
3) зиянкестер шабуылына ұшырауы мүмкін аудандардан;
4) өндірістік қалдықтар (қатты немесе сұйық) тиімді жойылмайтын аудандардан алыс орналасуы тиіс.
7. Азық және азық қоспаларын сақтау, тасымалдау, таңбалау және буып-түю кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар
29. Жем-шөп және жем-шөп қоспалары белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде жануарлар тұтыну үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда арнайы қоймалық үй-жайларда сақталады.
30. Өндіруші (дайындаушы) жем-шөп және жем-шөп қоспаларының түріне және өндіру (дайындау) тәсіліне байланысты жарамдылық мерзімін, оларды сақтау және тасымалдау шарттарын белгілейді.
Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын жанар-жағармай материалдарымен және ерекше иісі бар тамақ өнімдермен бірге сақтауға және тасымалдауға рұқсат етілмейді.
31. Жем-шөп және жем-шөп қоспалары ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен азық қорларының зиянкестерімен залалданбаған құрғақ, таза көлік құралдарымен тасымалданады.
32. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларын таңбалау, буып-түю Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
8. Азық және азық қоспаларын жою кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар
33. Жем-шөп және жем-шөп қоспалары мынадай жағдайларда айналымнан алынып тасталады:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы мен осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) олардың шыққан жері мен қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттары келмесе;
3) бұзылу, ластану, жағымсыз иістің анық белгілері болғанда;
4) жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары табылғанда.
34. Айналымнан алынған азық және азық қоспалары ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтуге тиіс, оның нәтижесі бойынша олардың қауіпсіздігі анықталады.
35. Ветеринарлық-санитарлық сараптаманың нәтижесі бойынша жануарлардың саулығына қауіпті деп танылған азық және азық қоспаларын жою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Азық және азық қоспаларының сәйкестігін растау
36. Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Үйлестірілген нормативтік құжаттардың тізбесі
37. Осы Техникалық регламент белгілеген талаптарды орындауды қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттардың тізбесі (дәлелдеме базасы) осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.
38. Өнімге арналған стандарттарда Осы Техникалық регламенттің талаптары орындау үшін міндетті болып табылады.
39. Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз ететін жем-шөп және жем-шөп қоспалары бойынша қолданылатын қолданыстағы стандарттарды үйлестіру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
11. Қолданысқа енгізілу мерзімі мен шарттары
40. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
41. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар осы Техникалық регламентке сәйкес келтірілгенге дейін осы Техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
«Жем-шөп және жем-шөп
қоспаларының қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентіне 1-қосымша
Техникалық регламенттің күші қолданылатын өнім түрлерінің тізбесі
| Р/с № | Өнім түрлері | СЭҚ ТН коды |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | Жемдік астық:
1) бидай
2) арпа
3) қара бидай
4) жүгері
5) тары
6) құмай жүгері
7) жер жаңғақ
8) күнбағыс дәні
9) тритикале
10) сұлы |
1001
1003 00
1002 00 000
1005 |
| 2 | Дәнді-бұршақты азықтық дақылдар:
1) жаздық сиыржоңышқа
2) ноқат
3) азықтық бұршақтар
4) ұсақ дәнді жасымық
5) әйкен
6) азықтық бөрібұршақ
7) соя
8) бұршақ | 0708
1214 0713 50 000 0 |
| 3 | Ағаш көгінен жасалған витаминдік ұн, азықтық балдырлы ұн және жарма |
|
| 4 | Ұн тарту жарма өнеркәсібінің азықтық өнімі:
1) кеуектер
2) азықтық ұн | 1103
1214 90 |
| 5 | Май шайқау өнеркәсібінің азықтық өнімдері
Күнжаралар:
1) соя
2) жержаңғақ
3) күнбағыс
4) мақта
5) зығыр
6) рапс
7) қара сора
8) сарбас
9) күнжіт
Шроттар:
10) соя
11) жержаңғақ
12) күнбағыс
13) мақта
14) зығыр
15) рапс
16) қара сора
17) майкене
18) жүгері |
2306 90 900 0
2304 00 000
2305 00 000 0
2306 30 000 0
2306 10 000 0
2306 20 000 0
2306 41 000 0 |
| 6 | Жүгері азықтық тұнба гидраты | 2306 70 000 0 |
| 7 | Сыра қайнататын өнеркәсіптің азықтық
өнімі:
1) арпа уыты
2) сыра сағы
3) мия өскіні | 2303 30 000 0 |
| 8 | Крахмалсірне өнеркәсібінің азықтық
өнімі:
1) жүгері жемі
2) бидай жемі
3) жүгері глютені | 2303 10 100 |
| 9 | Спирт өндірісінің азықтық өнімі:
1) астық картоп бардасы
2) меласса шөбі |
2303 30 000 0 |
| 10 | Қант өнеркәсібінің азықтық өнімі:
1) қызылша жомы
2) сірне
3) меласса |
2303 20 110 0
2309 90 910 0 |
| 11 | Астық былжыры |
|
| 12 | Жүгері былжыры |
|
| 13 | Бидай былжыры |
|
| 14 | Арпа былжыры |
|
| 15 | Қара бидай былжыры |
|
| 16 | Картоп былжыры |
|
| 17 | Консерві және көкөніс кептіретін
өнеркәсіптің жемдік өнімі:
1) жеміс сығындысы
2) жидек сығындысы
3) көкөніс сығындысы |
2308 00 400 0 |
| 18 | Құрама жемдерді өндіру үшін қолданы-
латын мал шаруашылығының өнімі және
оны қайта өңдеудің жанама өнімдері
1) ет және құс өңдеу өнеркәсібінің
азықтық өнімдері:
ет ұны
ет-сүйек ұны
қанды ұн
сүйек ұны
гидролизді қауырсын
сүйек жартылай фабрикаты
жануарлардан алынатын азықтық май
2) балық өнеркәсібінің азықтық өнімі:
балықтан жасалған азықтық ұн
сүт көректілерден жасалған
шаян тәрізділер мен омыртқасыздар |
1506 00 000
1516
1503 00 900 0
1504
0307 60 000 0 |
| 19 | Сүт өнеркәсібінің азықтық өнімі:
1) майсызданған құрғақ сүт (кек сүт)
2) құрғақ сарысу
3) құрғақ табиғи сүтті ауыстырғышы
(ТСА) |
0402
2105 00 |
| 20 | Белокты-витаминді және амид-витаминді
қоспалар |
|
| 21 | Микробиологиялық өнеркәсіп өнімі:
1) азықтық ашытқылар
2) ферменттер
3) амин қышқылдар
4) витаминдер |
|
| 22 | Минералды азықтық қоспалар:
1) әк ұны
2) азықтық бор
3) ұлутас
4) азықтық кальций фосфаты
5) цеолиттер, бентониттер |
2309 90 970 0 |
| 23 | Органикалық синтез өнімі
1) азықтық метионин |
2309 90 930 0 |
| 24 | Өнім беретін құстар (тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар,
қырғауылдар, бөденелер, түйеқұстар,
мысыр тауығы) үшін толық рационды
құрама жемдер |
|
| 25 | Жабайы құсқа арналған құрама азықтар
концентраттар |
|
| 26 | Шошқаға арналған құрама жем концентраттары:
1) еметін торайларға арналған
2) шошқаларды бақылауға жемдеуге
арналған
3) шошқаларды бекондық жемдеуге
арналған толық үлесті құрама жемдер
4) шошқаларға арналған толық үлесті
құрама жемдер |
|
| 27 | Ірі қараға арналған құрама жем
концентраттары |
|
| 28 | Қойларға арналған құрама жем концентраттары |
|
| 29 | Жылқыға арналған құрама жем
концентраттары:
1) жұмысшы аттарға арналған құрама
жем-концентранттар
2) асыл тұқымды биелерге арналған
түйіршіктелген құрама жем- концентранттар
3) жаттыққан және спорттық аттарға
арналған түйіршіктелген құрама жем-
концентранттар
4) бордақыланатын аттарға арналған
түйіршіктелген құрама жем-концен-
транттар
5) етті аттардың төлдерін өсіруге
және ет алдыруға арналған жем-
концентранттар
6) сауын биелерге арналған жем-
концентранттар |
|
| 30 | Терісі қымбат аңдарға арналған (түлкілер, поляр түлкісі, бұлғын, су
күзені) құрама жем-концентранттар |
|
| 31 | Үй қояндары мен сазкәмшәтқа арналған
құрама жем-концентранттар |
|
| 32 | Тоған балықтарға (сеголеткалар, асыл
тұқымды төлдер, тағандық тұқы
балықтарының аталықтары, екі жастағылары, үш жасатағылары және
патшабалық) арналған құрама жем-
концентранттар |
|
| 33 | Албырт, бекіре балықтар үшін құрама
жем-концентранттар |
|
| 34 | Өнім бермейтін жануарларға арналған құрғақ және құнарландырылған:
1) ит пен мысықтар
2) сәнді құстар
3) аквариум балықтары
4) кеміргіштер |
2309 10 900 0 |
| 35 | Премикстер |
|
«Жем-шөп және жем-шөп
қоспаларының қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентіне 2-қосымша
Үйлестірілген нормативтік құжаттар тізбесі
ГОСТ 80-96 Күнбағыс күнжарасы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 2081-92 Карбамид. Техникалық шарттар.
ГОСТ 2116-2000 Балықтан, теңіз сүт қоректілерінен, шаян тәрізділер және омыртқасыздардан алынған азықтық ұн. Техникалық шарттар.
ГОСТ 2929-75 Сұлы талқаны. Техникалық шарттар.
ГОСТ 4808-87 Пішен. Техникалық шарттар.
ГОСТ 5060-86 Сыра қайнататын арпа. Техникалық шарттар.
ГОСТ 6201-68 Тегістелген бұршақ. Техникалық шарттар.
ГОСТ 6484-96 Стеарин техникалық қышқылы (стеарин). Техникалық шарттар.
ГОСТ 9419-78 Реактивтер. Стеарин қышқылы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 7067-88 Жаздық сиыржоңышқа. Техникалық шарттар.
ГОСТ 7169-66 Бидай кеуектері. Техникалық шарттар.
ГОСТ 7170-66 Қара бидай кеуектері. Техникалық шарттар.
ГОСТ 9265-72 Жұмысшы аттарға арналған құрама жем-концентранттар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 9268-90 Ірі қараға арналған құрама жем-концентранттар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 10199-81 Қойларға арналған азық-қоспалары. Техникалық шарттар.
ГОСТ 10385-88 Тоспа тұқы балықтарына арналған құрама азықтар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 10417-88 Азықтық бұршақтар. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 10418-88 Ұсақ дәнді жасымық. Дайындама және жеткізу кезіндегі талаптар.
ГОСТ 10419-88 Әйкен. Дайындама және жеткізу кезіндегі талаптар.
ГОСТ 10853-88 Зәйтүн дәндері. Зиянкестермен жұқтырылуын анықтау әдісі.
ГОСТ 11321-89 Азықтық бөрібұршақ. Дайындама және жеткізу кезіндегі талаптар.
ГОСТ 12220-96 Тостирленген азықтық соя шроты. Техникалық шарттар.
ГОСТ 13496.0-80 Құрама жем, шикізат. Сынамаларды іріктеу әдістері.
ГОСТ ИСО 5725.1-2003 Құрама жем, құрама жем шикізаты. Азықта және азық қоспаларында және тағамдық шикізатта полихлорланған бифенилдерді анықтау әдісі.
ГОСТ 13496.1-98 Құрама жем, құрама жем шикізаты. Құрамындағы натрий және натрий хлоридін анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.2-91 Азық, құрама жем, құрама жем шикізаты. Шикі клетчатканы анықтау әдісі.
ГОСТ 13496.3-92 (ИСО 6496-83) Құрама жем, құрама жем шикізаты. Ылғалды анықтау әдісі.
ГОСТ 13496.4-93 Азық, құрама жем, құрама жем шикізаты. Құрамындағы
азотты және шикі протеинді анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.5-70 Құрама жем. Қастауышты анықтау әдісі.
ГОСТ 13496.6-71 Құрама жем. Микроскопиялық саңырауқұлақтарды бөлу әдісі.
ГОСТ 13496.7-97 Жемдік астық, оны қайта өңдеу өнімдері, құрама жем. Уыттылықты анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.8-72 Құрама жем. Тарту ірілігі мен құрамындағы дақылды және жабайы өсімдіктердің тартылмаған тұқымын анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.9-96 Құрама жем. Металл магнитті қоспаларды анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.10-74 Құрама жем. Құрамындағы басты саңырауқұлақтар спораларын анықтау әдісі.
ГОСТ 13496.12-98 Құрама жем, құрама жем шикізаты. Жалпы қышқылдығын анықтау әдісі.
ГОСТ 13496.13-75 Құрама жем. Иісті, нан қорлары зиянкестерін анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.14-87 Азық, құрама жем, құрама жем шикізаты. Құрамындағы тұз қышқылында ерімейтін күлді анықтау әдісі.
ГОСТ 13496.15-97 Азық, құрама жем, құрама жем шикізаты. Құрамындағы шикі майды анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.17-95 Азық. Каротинді анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.18-85 Құрама жем, құрама жем шикізаты. Майдың қышқылдық санын анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.19-93 Азық, құрама жем, құрама жем шикізаты. Құрамындағы нитраттар мен нитриттерді анықтау әдістері.
ГОСТ 13496.20-87 Құрама жем, құрама жем шикізаты. Пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау әдісі.
ГОСТ 13634-90 Жүгері. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 13797-84 Ағаш көгінен жасалған витамин ұны. Техникалық шарттар.
ГОСТ 13979.0-86 Күнжара, шроттар және қыша ұнтағы. Қабылдау ережесі және сынамаларды іріктеу әдістері.
ГОСТ 13979.1-68 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы. Ылғал мен ұшпалы заттарды анықтау әдістері.
ГОСТ 13979.2-94 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы. Майдың және экстрабелсенді заттардың үлестік салмағын анықтау әдістері.
ГОСТ 13979.4-68 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы. Түсін, иісін, қара қосындылар мен ұсақтардың мөлшерін анықтау әдістері.
ГОСТ 13979.5-68 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы. Металл қоспаларды анықтау әдісі.
ГОСТ 13979.6-69 Күнжаралар, шроттар мен қыша ұнтағы. Күлді анықтау әдісі.
ГОСТ 8758-76 Ноқат. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 8759-92 Құмай жүгері. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 17109-88 Соя. Дайындау және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 9353-90 Бидай. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 9404-88 Ұндар мен кеуектер. Ылғалдылығын анықтау әдісі
ГОСТ 17483-72 Жануардың жемдік майы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 17498-72 Бор. Түрлері, маркалар мен негізгі техникалық талаптар.
ГОСТ 17536-82 Жануарлардан алынатын жемдік ұн Техникалық шарттар. ГОСТ 17681-82 Жануарлардан алынатын жемдік ұн. Сынақ әдістері.
ГОСТ 18057-88 Ірі азықтар. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың бөліну әдісі.
ГОСТ 18221-99 Ауыл шаруашылығы құсына арналған толық үлесті құрама жем. Техникалық шарттар.
ГОСТ 18691-88 Жасанды кептірілген шөп азықтары. Техникалық шарттар. ГОСТ 19092-92 Қарақұмық. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 19856-86 (СТСЭВ 5367-85) Пестицидтер. Жалпы атаулары.
ГОСТ 20083-74 Азықтық ашытқылар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 21650-76 Көлік пакеттерінде ыдыс-дара жүктерді бекіту құралдары. Жалпы талаптар. ГОСТ 21669-76 (СТ СЭВ 6530-88) Құрама жем. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ 21149-93 Сұлы үлпектері. Техникалық шарттар.
ГОСТ 22391-89 Күнбағыс. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 22455-77 Ұн және жемдік балдыр жармасы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 22983-88 Тары. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 23153-78 Азық өндіру. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ 23423-89 Азықтық метионин. Техникалық шарттар.
ГОСТ 23635-90 Ферменттік амилосубтилин Г3х препараты. Техникалық шарттар.
ГОСТ 23637-90 Пішендеме. Техникалық шарттар.
ГОСТ 23638-90 Көк өсімдіктерден дайындалған сүрлем. Техникалық шарттар.
ГОСТ 26663-85 Көлік пакеттері. Пакеттеу құралдарын қолданып қалыптастыру. Жалпы техникалық талаптар.
ГОСТ 23999-80 Азықтық кальций фосфаты. Техникалық шарттар.
ГОСТ 26180-84 Азық. Аммиак азотын және белсенді қышқылды (рН) анықтау әдісі.
ГОСТ 26498-85 Азықтық ашытқылар. Буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау.
ГОСТ 26826-86 Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстары және құстарды азықтандыруға арналған құрама азықтарды өндіруге арналған әк ұны.
ГОСТ 26927-86 Шикізат және тамақ өнімдері. Сынапты анықтау әдісі.
ГОСТ 26929-94 Шикізат және тамақ өнімдері. Сынамаларды дайындау. Уытты элементтерді анықтауға арналған минералдау.
ГОСТ 26932-86 Шикізат және тамақ өнімдері. Қорғасынды анықтау әдісі.
ГОСТ 27262-87 Өсімдіктен алынатын азық. Сынамаларды іріктеу әдістері.
ГОСТ 27668-88 Ұн мен кеуектер. Қабылдау және сынамаларды іріктеу әдістері.
ГОСТ 27547-87 Азықтық микро түйіршіктелген Е витамині (а-токоферола ацетат). Техникалық шарттар.
ГОСТ 27668-88 Ұн мен кеуектер. Қабылдау және сынамаларды іріктеу әдістері.
ГОСТ 27786-88 (СТ СЭВ 5896-87) Кормагризин. Техникалық шарттар.
ГОСТ 27850-88 Сараптауға арналған азық-түлік қара бидай. Техникалық шарттар.
ГОСТ 25344-82 Азықтық шикізат. Техникалық шарттар
ГОСТ 27978-88 Көк азық. Техникалық шарттар.
ГОСТ 28001-88 Жемдік астық, оны қайта өңдеу өнімдері, құрама жем. Микотоксиндерді анықтау әдістері: Т-2 токсин, зеараленон (Ф-2) және А охратоксині
ГОСТ 28256-89 Сауын биелерге арналған құрама жем-концентраттар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 28672-90 Арпа. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар.
ГОСТ 28673-90 Сұлы. Дайындама және жеткізу кезінде қойылатын талаптар
ГОСТ 28736-90 Азықтық түбіртамырлар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 29136-91 Балықтан, теңіз сүт қоректілерінен, шаян тәрізділерден және омыртқаларсыздардан алынатын азықтық ұн. Уыттылықты анықтау әдісі.
ГОСТ 29272-92 Құрғақ қара бидай уыты. Техникалық шарттар.
ГОСТ Р 51095-97 Премикстер. Техникалық шарттар.
ГОСТ Р 51417-99 (ИСО 5983-97) Азық, құрама жем, құрама жем шикізаты. Азоттың үлес салмағын анықтау және шикі протеиннің үлестік салмағын есептеу. Кельдаль әдісі.
ГОСТ 12.3.041-86 ЕҚСЖ Өсімдіктерді қорғауға арналған пестицидтерді қолдану. Қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ Р 51425-99 Азық, құрама азықтар, құрама азық шикізаты. Зеараленонаның үлес салмағын анықтау әдісі.
ГОСТ 51899-2002 Түйіршіктелген құрама жем. Жалпы техникалық талаптар.
ГОСТ Р 50817-95 Азық, құрама жем, құрама жем шикізаты. Құрамындағы шикі протеин, шикі клетчатка, шикі майды және ылғалды инфра қызыл көлемдік салада жақын спектроскопияны қолдану арқылы анықтау әдісі.
ГОСТ Р 51422-99 Азық, құрама жем, құрама жем шикізаты. Мочевинаның үлес салмағын анықтау әдісі.
«Жем-шөп және жем-шөп қоспаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы « » № бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның
ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 22) тармақшасына және «Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Қарастырмайды |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz интернет- ресурсында жарияланған |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жо қ |
Құқықтық қамтамасыз ету
департаментінің директоры Ә. Жеңісов