Toggle Dropdown
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11526 тіркелді
Редакция 02.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 429 бұйрығына
1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидалары
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектісі) жұмыскерлерін көтермелеу тәртібін айқындайды.
2. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу:
сараланған қосымша ақы түрінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың қалыптасқан үнемдеуінің (бұдан әрі – қаражатты үнемдеу) есебінен;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (бұдан әрі – МСАК субъектісі) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің (бұдан әрі – КЖНЫК) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, жұмысты, оның ішінде айрықша күрделі және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастама жасағаны, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін жүргізіледі.
4. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеудің мөлшерін олардың қызметтерін бағалау нәтижелері бойынша:
1) медицина қызметкерлеріне – осы Қағидалардың 2 және 3-бөлімдеріне сәйкес денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижелерін бағалау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия);
2) медициналық емес білімі бар қызметкерлерге (бұдан әрі – медициналық емес қызметкерлер) – көтермелеу тәртібі осы Қағидалардың 3-бөлімімен айқындалған Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарын қоспағанда, осы Қағидалардың 2-бөліміне ұқсас денсаулық сақтау субъектісінің басшысы айқындайды.
Медициналық емес қызметкерлерді көтермелеу туралы ұсынымды денсаулық сақтау субъектісінің басшысы айқындаған, олардың қарамағындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауына жауапты адамдар және (немесе) денсаулық сақтау субъектісінің басшысы қалыптастырады.
5. Комиссия денсаулық сақтау субъектісінің басшысының бұйрығымен құрылады, мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде бес адамды құрайды.
отырыста комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы денсаулық сақтау субъектісінің басшысы орынбасарларының немесе бөлімшесі меңгерушілерінің қатарынан сайланатын төраға;
комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы сайланатын комиссия төрағасының орынбасары;
денсаулық сақтау субъектісінің басшысы айқындаған құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
кәсіподақ комитетінің өкілдері және денсаулық сақтау субъектісі қызметкерлерінің жаппай дауыс беруі арқылы сайланатын денсаулық сақтау субъектісінің басқа да қызметкерлері.
1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметін басқарады;
2) комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;
3) көтермелеудің мөлшерін есептеу үшін денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижесіне қол жеткізуге қызметкерлердің үлесін айқындаудың объективтілігін қамтамасыз етеді;
4) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлеріне көтермелеуді төлеудің уақтылылығын қамтамасыз етеді.
денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеуге және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған қаражаттардың нысаналы пайдаланылуын;
осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес КЖНЫК қаражаттарын нысаналы пайдалануын, МСАК субъектілерінің қызметкерлеріне КЖНЫК сомаларын аудару мен бөлудің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
МСАК субъектілерінің қызметкерлеріне КЖНЫК сомаларын қате аудару мен бөлу фактілері анықталған жағдайда, осы қызметкерге КЖНЫК сомаларын өтеу КЖНЫК сомаларын қоспағанда, МСАК субъектісінің өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
8. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді, оны денсаулық сақтау субъектісінің басшысы денсаулық сақтау субъектісінің лауазымды адамдарының ішінен айқындайды. Комиссияның хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде оның дауыс беруге құқығы жоқ.
9. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде 2/3 мүшесі қатысқан жағдайда заңды болады. Комиссияның шешімі қатысушы комиссия мүшелері, комиссия хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді және денсаулық сақтау субъектісінің кадр қызметіне денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлеріне көтермелеуді төлеу туралы тиісті бұйрық шығару үшін беріледі.
Комиссияның мүшесі болмаған жағдайда оның болмау себебі комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады. Комиссияның төрағасы мен оның орынбасары бір уақытта болмаған кезінде комиссияның отырысын өткізуге жол берілмейді.
10. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің отырысына қатысатын мүшелердің жалпы санынан дауыстардың көпшілігі берілсе қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданды деп есептеледі. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның мүшесі жазбаша түрде баяндалған комиссия отырысының хаттамасына қоса берілетін ерекше пікірін қоса береді.
11. Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін осы Қағидалардың шарттарымен, сараланған еңбекақы төлеу туралы ережемен, қаражатты үнемдеудің есебінен және (немесе) КЖНЫК қаражатының есебінен медицина қызметкерлерін көтермелеуге қатысы бар бұйрықтармен және комиссияның хаттамасымен таныстырады. Таныстыру қызметкердің қолтаңбасымен куәландырылады.
12. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес МСАК субъектілеріне есепті кезең үшін КЖНЫК сомаларын аударудың уақтылығын қамтамасыз етеді.
13. Есепті кезең үшін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлеріне көтермелеу мөлшерін есептеу кезінде нақты жұмыс істеген күндері есепке алынады.
14. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлеріне көтермелеу сомасына «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексіне сәйкес (Салық кодексі) жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары және басқа да ұстап қалулар кіреді.
15. Осы Қағидаларда көзделген ақшалай сыйақы түрінде денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу тұрақты сипаттағы емес біржолғы төлемдер болып табылады.
16. Есепті кезең үшін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу есепті кезеңнен кейінгі айдан кейін негізгі еңбекақыны төлеген кезде жүзеге асырылады.