Bestprofi Logo

Қаулы № 537 от 2015-07-16г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Қазаэросервис" акционерлік қоғамын тарату туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

"Қазаэросервис" акционерлік қоғамын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 537 қаулысы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазаэросервис» акционерлік қоғамының мүлкін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне берсін.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 758 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 321-құжат) күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріК.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 537 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж. № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 123-105-жол алып тасталсын.

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 20-8-жол алып тасталсын.

3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (16.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)

4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 736 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 624-құжат):

«3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, радиотехникалық құралдарды және байланыс құралдарын пайдалануға, ұшуды метеорологиялық және іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз етуге, аэронавигациялық ақпаратты ұсынуға байланысты кешенді қызмет көрсетуді көздейтін аэронавигациялық қызмет көрсету болып табылады.».

5. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«4. «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы» деген реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание