• Мое избранное
«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына 8-қосымша

«Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 24.05.2016 жылғы № 216 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың осы стандарттың 9 тармағында көрсетілген толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған (немесе) түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы акт осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
порталға: 
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға белгіленген нысандағы өтініш;
2) техникалық жарықтандыру бойынша жұмыс жобасының көшірмесі;
3) техникалық жарықтандыру жүргізген мердігерлердің лиценциялары;
4) техникалық регламенттерде қойылған талаптарға сәйкестігін растауға жататын энергия объектілеріне және (немесе) оның бөліктеріне сәйкестігін растау саласындағы құжаттардың көшірмелері;
5) жұмыстарды жүргізу және авторлық қадағалау журналының көшірмесі;
6) жасырын жұмыстарды куәландыру актілерінің көшірмелері;
7) жауапты конструкцияларды аралық қабылдап алу актілерінің көшірмелері;
8) жобада көзделмеген қосымша жұмыстар тізбесінің көшірмелері;
9) энергия объектісін сынаудың нәтижелері туралы актілердің көшірмелері.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Астана қаласы, Орынбор көшесі., 8-үй мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, Министрліктің атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартып отырады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты пошталық мекенжайы көрсетіледі; 
2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы шығыс нөмірі және күні көрсетіледі 
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.kaenk.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
12. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға құқылы.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы алуға құқылы.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 92 14.Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Техникалық жарақтандырудан кейін
электр станцияларының, электр және
жылу желілерінің энергия объектілерін
пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы акт
______________                      20__ жылғы «___» __________
(елдімекен)
Осы акт арқылы мынадай энергия объектісі пайдалануға
қабылданады:
_____________________________________________________________________
(энергия объектісінің атауын, оның орналасқан жерін, сәйкестендіру
_____________________________________________________________________
сипаттамаларын (сериялық нөмірі, артикул және т.б.) және энергия
_____________________________________________________________________
объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін негізгі техникалық
_____________________________________________________________________
                    сипаттамаларын көрсету)
Мына құрамдағы қабылдау комиссиясы энергия объектісін
пайдалануға қабылдап алды:
1) Төраға – ___________________________________________________
                    (қабылдау комиссиясы төрағасының Т.А.Ә., жұмыс
      ______________________________________________________________;
                       орнын және лауазымын көрсету)
2) Хатшы – ____________________________________________________
                    (қабылдау комиссиясы хатшысының Т.А.Ә., жұмыс
      ______________________________________________________________;
                        орнын және лауазымын көрсету)
3) ____________________________________________________________
           (қабылдау комиссиясының мүшелері, қабылдау комиссиясының
______________________________________________________________.
            тиісті мүшесінің Т.А.Ә., жұмыс орны және лауазымы)
Қабылдау комиссиясы ___________________________________________
                           (қабылдау комиссиясын құру туралы бұйрықты
_____________________________________________________________________
шығарған органды, бұйрықтың күнін және нөмірін көрсету,
_____________________________________________________________________
қажет болғанда қабылдау комиссиясының құрамын өзгерту жөніндегі
__________________________________________ бұйрығы негізінде құрылды.
бұйрықтар туралы мәліметтермен толықтыру)
Қабылдау комиссиясының энергия объектісін пайдалануға қабылдап
алу туралы шешімі ___________________________________________________
                         (отырыс өткізілетін орынды көрсету)
20__ жылғы «___» _______
өткізілген қабылдау комиссиясының отырысында қабылданды.
Энергия объектісін пайдалануға қабылдап алу туралы мәселені
қарау кезінде энергия объектісін қабылдап алу туралы ________________
_____________________________________________________________ жазбаша
                     (санын көрсету)
ұсынымдар және энергия объектісін пайдалануға жарамсыз деп тану
туралы _______________________________ жазбаша ұсынымдар келіп түсті.
               (санын көрсету)
Қабылдау комиссиясының энергия объектісін пайдалануға қабылдап
алу туралы шешімі мынадай дауыс беру қорытындысымен ашық дауыс беру
арқылы қабылданды: «энергия объектісін пайдалануға қабылдау» -
дауыстар __________________, «энергия объектісін пайдалануға жарамсыз
           (санын көрсету)
деп тану» - дауыстар _________________. Энергия объектісі пайдалануға
                      (санын көрсету)
қабылдансын деп шешілді.
Төраға ______________________________________________________________
                              (қолы, Т.А.Ә.)
Хатшы _______________________________________________________________
                              (қолы, Т.А.Ә.)
«Техникалық жарақтандырудан кейін
электр станцияларының, электр және
жылу желілерінің энергия объектілерін
пайдалануға қабылдап алу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
______________________________________
(уәкілетті органның атауы)
______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)
Өтініш
_____________________________________________________________________
              (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
_____________________________________________________________________
(СИК), куәліктің*, немесе өтініш берушіні заңды тұлға, жеке кәсіпкер
ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірі мен күні)
Пайдалануға қабылдап алу туралы акт беруді сұрайды.
Өтініш берушінің заңды мекенжайы (орналасқан жері):
_____________________________________________________________________
Телефон нөмірлері ___________________________________________________
E-mail ________________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Қоса берілген құжаттар тізбесі (парақ санын көрсете отырып):
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
5._____________________________
6._____________________________
7._____________________________
8._____________________________
9._____________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_____________________________________________________________________
         (қолы)                      (Ұйым басшысының Т.А.Ә.)
МО «__» ______________ 20 ___ ж.
Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік
заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.