• Мое избранное
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 маусымда № 9504 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес 
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында кадр резервін қалыптастыру қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары қызметкерінің дербес деректері бар жеке істерін жүргізу қағидалары;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру қағидалары;
4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі нұсқаулық;
5) Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану қағидалары;
6) Осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары;
7) Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында тәртіптік комиссияны құру және жұмыс жасау қағидалары;
8) Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне демалыстар беру жөніндегі нұсқаулық;
9) Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қаржы полициясы органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Агенттік) Кадрлар басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Р. Түсіпбеков