• Мое избранное
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы Қазақстан Республиксы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қарашада № 12318 болып тіркелді

Осы Қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес 
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
Редакция 25.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі белгіленсін.
3. Мыналар:
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 44 Қаулысымен (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 204 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (12.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1)  сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейі сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1,5 (бір жарым) пайызынан және әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерде;
2) сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесі кемінде 7 (жеті) пайыз мөлшерде белгіленсін.
4. «Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8814 тіркелген, 2013 жылғы 26 қарашада «Заң газеті» газетінде № 178 (2379) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
8. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2015 жылғы 20 қазандағы
 № 194 қаулысына
 1-қосымша
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты
Үлгілік шарт өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
Үлгілік шарт өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 204 Қаулысымен (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Үлгілік шарт өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 157 Қаулысымен (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Үлгілік шарт өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысымен (12.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Үлгілік шарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (26.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шарты
______________ 20___жылғы «___» ________
 Сақтандыру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру ұйымының филиалы _________________________________________ (сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент- _____________________________________________________________________ сақтандыру ұйымы филиалының толық атауы және орналасқан жері)
 бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталады, Жарғы (Ереже), қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган «өмірді сақтандыру» саласы бойынша «Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берген 20___жылғы «____» ___________ №______ лицензия және Сақтандырушы бекіткен «Зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша сақтандыру қағидалары негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)),
 арқылы бір жағынан, және Жеке тұлға (Жеке тұлғалар) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), ____________________________________________________________________ туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат, ____________________________________________________________________, (сериясы, нөмірі) ____________________________________________________________________ _____ жылы «_____»___________________________________________берген, (берілген күні) (кім берген) _________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)), __________________________________________________________________ туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат, ___________________________________________________________________, (сериясы, нөмірі) ____________________________________________________________________ _____ жылы «_____»___________________________________________ берген, (берілген күні) (кім берген) бұдан әрі «Сақтанушы» немесе «Сақтанушылар» (екінші сақтанушы болған кезде) деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталады, төмендегілер туралы осы Зейнетақы аннуитеті шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады:
1-тарау. Шарттың мәні
1. Сақтанушы (Сақтанушылар) Шартқа сәйкес сақтандыру сыйлықақысы сомасын Сақтандырушыға беруге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) пайдасына өмір бойы жүзеге асыруға міндеттенеді.
2-тарау. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары
  2. Сақтанушының (Сақтанушылардың) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері _____________ (санмен және жазумен) теңгені құрайды және _____________ (санмен және жазумен) теңге мөлшерінде басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасынан және _____________ теңге (санмен және жазумен) және _____________ теңге (санмен және жазумен) (екінші сақтанушы болған кезде) мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақы жинақтарынан тұрады.
3. Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеу Шартқа сәйкес әрбір Сақтанушыдан біржолғы төлеммен және толық көлемде жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру төлемі Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесі бойынша «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 59-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемін Сақтандырушы Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабы 13-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
  Сақтандырылушыға бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) және _______ теңгені (цифрлармен және жазумен) (екінші сақтандырылушы болған кезде) құрайды.
  6. Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері _______ пайызды (цифрлармен және жазумен) құрайды. Шарт бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшері жыл сайын индекстеу мөлшерлемесінің мөлшеріне ұлғаяды. Индекстеу ескерілген сақтандыру төлемдері мөлшерінің өзгерістері Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру төлемдерінің кестесінде көрсетіледі.
7. Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (бар болса) жүзеге асыру кезеңі 20__ жылғы «___»______ 20__ жылғы «___»______ және 20__ жылғы «___»______ - 20__ жылғы «___»______ аралығында _____ жыл (екінші сақтанушы бар болса) құрайды.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезінде Сақтандырушы сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен төлем көзінен салық салынатын кірісінен есептелген салық сомасын ұстап қалады.
9. Сақтандырушы сақтандыру төлемін (төлемдерін) сақтандырылушының (сақтандырылушылардың) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында ашылған банктік шоттарына аударады.
Сақтандыру төлемдері сомаларын аударумен, есепке алумен және төлеумен байланысты банктік қызметтер үшін ақы төлеу Сақтандырушының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  10. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушылар қайтыс болған жағдайда, Сақтандырушы отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға _______ теңге (цифрлармен және жазумен) мөлшерінде, бірақ әрбір Сақтанушыға (екінші сақтанушы болған жағдайда) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің кемінде 15 еселенген мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түріндегі сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
11. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушылар қайтыс болған жағдайда Шартта көрсетілген тұлға, ал ол болмаған кезде Сақтанушының (Сақтанушылардың) мұрагерлері Шартта көзделген, Сақтандырушы төлемеген кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін (ол бар болса), егер Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушылар оларды тірі кезінде толық көлемде алмаған не алмаған жағдайда алады.
12. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылғандар Шарт бойынша бірінші ай сайынғы сақтандыру төлемін алғанға дейін қайтыс болған жағдайда, Шартта көрсетілген тұлға, ал ол болмаған кезде Сақтанушының (Сақтанушылардың) мұрагерлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3190 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысымен бекітілген Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидаларын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттары қағидаларына (бұдан әрі – № 274 Қағидалар) сәйкес есептелген, Сақтанушы (Сақтанушылар) қайтыс болған кезде жинақтау кезеңіне сәйкес келетін сатып алу сомасын бір рет алады.
13. Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін және (немесе) сатып алу сомасын алуға (Сақтанушының (Сақтанушылардың) қалауы бойынша толтырылады) мынадай тұлға (Тұлғалар):
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
______________________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),
  ______________________________________________________________
  (тұрғылықты мекенжайы),
  ______________________________________________________________
  (жеке сәйкестендіру нөмірі),
  ________________________________(жеке басты куәландыратын құжат) (бірнеше алушылар болған кезде деректер әрбір алушы бойынша жеке көрсетіледі) болып табылады.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
14. Сақтанушы (Сақтанушылар):
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2) Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
3) Шарттың көшірмесін алуға;
4) Сақтандырушымен Шарт жасасу кезінде немесе қолданыстағы Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.
15. Сақтанушы (Сақтанушылар):
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Шарт жасасқан немесе Шартқа өзгерістер енгізілген күннен бастап осындай шарттың және (немесе) Шартқа қосымша келісімнің түпнұсқасын бере отырып, күнтізбелік 10 (он) күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) Шарт бұзылған кезде Шартты бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартынның түпнұсқасын ұсынуға;
3) Сақтандырушы олар бойынша ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыратын дербес деректер және (немесе) банктік деректемелер өзгерген кезде бұл туралы Сақтандырушыға осындай өзгерту болған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабарлауға міндетті. Сақтандырушыға банктік деректемелердің өзгергені туралы хабарламау Сақтандырушыны дұрыс банктік деректемелер бергенге дейін ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатады.
16. Сақтандырушы:
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Сақтанушыны (Сақтандырушыларды) сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
2) Шартты Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге;
3) жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған сәттен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына сатып алу сомасын аударуға;
Жаңа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған күннен бастап кесте бойынша төлемдерді тоқтатуға;
4) Шартта көзделген сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде Сақтанушыға (Сақтанушыларға) немесе сақтандырылушыға (сақтандырылушыларға) мерзімін өткізіп алған әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 (бір жарым) пайызы мөлшерінде өсімпұл төлеуге, бірақ төленбеген соманың 50 (елу) пайызынан артық емес;
5) Сақтандырушының шотына сақтандыру сыйлықақысы сомасы аударылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша оның түскені туралы Сақтанушыға аударылған зейнетақы жинақтарының сомаларын көрсете отырып, жазбаша немесе Шарт тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен хабарлауға;
6) Сақтанушы (Сақтанушылар) және (немесе) сақтандырылушы (сақтандырылушылар) қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Шарттың 10-тармағында белгіленген мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;
7) шарттың талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Шарттың 26-тармағында көзделген мөлшерде қайтаруға жататын ақша сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.
4-тарау. Тараптардың міндеттемелерді еңсерілмейтін күш салдарынан орындамаған кездегі жауапкершілігі
17. Егер тиісінше орындау еңсерілмейтін күш салдарынан мүмкін болмаса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Мына жағдайлармен шектелмей, оларды қоса алғанда: өрт, су тасқыны, зілзала, табиғи апаттар, қоршауда қалу, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер және Тараптар болжай алмаған және Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен осыған ұқсас өзге де жағдайлар еңсерілмейтін күш жағдайлары болып табылады.
18. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей басқа Тарапқа Шарттың 17-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны туралы хабарлайды.
5-тарау. Басқа да талаптар
19. Шарт Сақтанушының (Сақтанушылардың) жазбаша өтініші негізінде жасалады.
20. Шарт Сақтандырушыға зейнетақы сыйлықақысының сомасын толық көлемде аударған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болып табылады.
21. Зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
22. Шарт өмір бойы қолданылады.
23. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісіммен ресімделеді және оған Тараптар қол қояды.
24. Шарт заң күші бірдей, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды.
25. Шартты бұзу Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабының 9-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Сақтанушылардың шартты бұзу және зейнетақы аннуитетінің жаңа шартын жасау үшін Сақтандырушыға жүгінуге құқығы бар. Бұл ретте зейнетақы аннуитетінің жаңа шарты бойынша сақтандыру төлемдері мен сатып алу сомаларының мөлшері өзгеріссіз қалады және Шарттың 1-қосымшасында көзделген сақтандыру төлемдері мен сатып алу сомаларының мөлшерлеріне сәйкес болады.
Шартты бұзған кезде:
1) сатып алу сомасы № 274 қағидаларға сәйкес айқындалады.
Екі Сақтанушы Шарт жасасқан кезде сатып алу сомасы әрбір сақтандырылушы үшін жеке айқындалады. Әрбір сақтандырылушы үшін сатып алу сомасын есептеу мақсатында сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері пайдаланылады.
2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалынан ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері әрбір сақтанушы (сақтандырылушы) үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес мөлшерді құрайды.
26. Сақтанушы (Сақтанушылар) Сақтандырушыға Шарт талаптарын сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде өзгерту және ақшаны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару туралы өтінішпен жүгінуге құқылы, бірақ Шарт жасалған күннен бастап екі жылдан ерте емес.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуы тиіс ақша сомасы Шартқа өзгерістер енгізілген күнгі Шарт бойынша сатып алу сомасы мен Шартқа өзгерістер енгізілген күнгі, Шарттың 5-тармағында айқындалған төлем мөлшеріне сүйене отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.
27. Шарт бұзылған жағдайда Сақтандырушының іс жүргізуге арналған шығыстары сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1,5 (бір бүтін оннан бес) пайызы және жүзеге асырылған әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызы болады.
28. Шартты жасау кезінде Сақтандырушы Сақтанушыны (Сақтанушыларды) сақтандыру дивидендтеріне, яғни Шарт кепілдік бермеген, Сақтандырушының ішкі қағидаларына сәйкес есептелген сақтандырушының пайдасын бөлу есебінен тиесілі ақша сомасына қатысты етуге құқылы.
6-тарау. Дауларды шешу тәртібі
29. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер туындаған кезде Тараптар оларды соттан тыс тәртібімен реттеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдауға міндетті.
30. Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген даулары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында қаралады.
7-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары

САҚТАНДЫРУШЫ

________________________________

(Сақтандырушының, филиалдың атауы,

заңды мекенжайы, телефоны, факсы, E-mail)

________________________________

банк деректемелері

(банктің атауы, ағымдағы шоттың №)

________________________________

Сақтандырушы өкілінің тегі, аты,

әкесінің аты (ол бар болса), қолы

Күні _______________________

САҚТАНУШЫ (САҚТАНУШЫЛАР)

___________________________________

___________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

тұрғылықты мекенжайы, телефоны,

E-mail)

___________________________________

жеке сәйкестендіру нөмірі

___________________________________

___________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса),

тұрғылықты мекенжайы, телефоны,

E-mail)

___________________________________

жеке сәйкестендіру нөмірі

___________________________________

банктік деректемелері (банктің атауы,

ағымдағы шоттың №)

___________________________________

Сақтанушының қолы

___________________________________

Сақтанушының қолы (екінші сақтанушы

болған кезде)

Күні _____________________________

Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сақтандыру төлемдерінің кестесі

Бірінші сақтандырылушы үшін төлеу күні

Бірінші сақтандырылушы үшін мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

Бірінші сақтандырылушы үшін сатып алу сомасының мөлшері (теңге)

Екінші сақтандырылушы үшін төлеу күні

Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері (теңге)

Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) сатып алу сомасының мөлшері (теңге)


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша мерзімді сақтандыру төлемдері ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы, немесе жартыжылдық, немесе жылдық негізде жүзеге асырылады.
Жыл бойы тоқсан сайынғы немесе жартыжылдық, немесе жыл сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді төлемдер сомасы жыл ішінде ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын мерзімді сақтандыру төлемдері сомасының мәнінен кем болмайды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
 Актуарий ____________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Зейнетақы аннуитетінің
үлгілік шартына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
 20___ жылғы «___» ___________ № ___________ зейнетақы аннуитеті шартына қорытынды

Сақтандырылушы туралы ақпарат

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


 

Туылған күні, жасы


 

Жынысы


 

Екінші сақтандырылушы туралы ақпарат (бар болса)


 

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


 

Туылған күні, жасы


 

Жынысы


 

Шарт бойынша ақпарат


 

Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі


 

Сақтандыру сыйлықақысының сомасы


 

Бірінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері


 

Екінші Сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қарай есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде)


 

Басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері


 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы


 

Екінші Сақтанушы үшін басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасының мөлшері (екінші сақтанушы болған кезде)


 

Екінші Сақтанушы үшін (екінші сақтанушы болған кезде) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы


 

Бірінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі


 

Екінші аннуитент үшін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі


 

Бірінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса)

20___ жылғы «____» ______________ бастап 20___ жылғы «____» _____________ аралығы.

Екінші сақтандырылушы үшін кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімі (бар болса)

20___ жылғы «____» ______________ бастап 20___ жылғы «____» _____________ аралығы.

Кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі


 

Индекстеу мөлшерлемесінің мөлшері


 

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда)


 

Сақтандыру төлемінің мөлшерінен істі жүргізуге арналған шығыстар (пайыздарда)


 

Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері ескерілген ағымдағы құн факторы (бар болса)


 

Кепілдік берілген сақтандыру төлемдері (бар болса) мен шығыстар ескерілген ағымдағы құн факторы


 

Бірінші сақтандырылушы үшін бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері


 

Екінші сақтандырылушы үшін (бар болса) бірінші мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері


 

«Зейнетақы аннуитеті шартын жасау негіздемесі» жолында зейнетақы аннуитеті шартын жасауға негіз болған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормасын (нормаларын) көрсету қажет.
 Актуарий _____________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2015 жылғы 20 қазандағы
 № 194 қаулысына
 2-қосымша
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі
1. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің есебіне қойылатын талаптарды белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (12.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеменің сақтандыру ұйымдарына қатысы бойынша қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағында ашылған филиалдарына қолданылады.
2. Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 204 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (12.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (26.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі – зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күніне қолданыста болатын ең төмен күнкөріс шамасының (екі адам зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде ең төмен күнкөрістің 1,4 еселенген мөлшері) 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес айлық сақтандыру төлемінің мөлшерімен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін талап етілетін зейнетақы жинақтарының сомасы;
2) кепілдік берілген сақтандыру төлемдері – сақтанушыға (сақтанушыларға) және (немесе) сақтандырылушыларға не зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлғаға, ал ол болмаған кезде сақтанушының мұрагерлеріне зейнетақы аннуитеті шартында айқындалған уақыт кезеңі ішінде сақтанушының және (немесе) сақтандырылушының немесе сақтандырылушылардың өмір сүруіне қарамастан жасалатын мерзімді сақтандыру төлемдері;
3) қор (қорлар) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры);
4) сақтандыру сыйлықақысы – басқа сақтандыру ұйымымен немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартын бұзу кезінде алынған, сақтанушы (сақтанушылар) зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін өзінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымына немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына жіберген зейнетақы жинақтары және (немесе) сатып алу сомасы;
5) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) «зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы – заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның «зейнетақы аннуитеттік сақтандыру» сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы негізінде сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының оқшауланған бөлімшесі;
7) сақтандырылушы – зейнетақы аннуитеті шартында айқындалған және зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы төлемдерін алушы болып табылатын жеке тұлға;
8) сақтанушы – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 60-бабына сәйкес зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жеке тұлға.
3. Зейнетақы жинақтарын қор (қорлар) сақтанушының (сақтанушылардың) таңдауы бойынша зейнетақы аннуитетін сатып алуға Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарының біріне жібереді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (26.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін істі жүргізуге арналған шығыстары ескерілген ағымдағы құн факторы пайдаланылады.
5. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ағымдағы құн факторы Әдістемеге 1-қосымшаның 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалады.
Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу кезінде ағымдағы құн факторының барлық өлшемдері жылдық көрсеткіш бойынша пайдаланылады.
6. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігін және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру ұйымының штатындағы актуарий Әдістемеге 1-қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептейді.
7. Сақтандыру ұйымдары зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6156 болып тіркелген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптар туралы қағидаларға 1-қосымшада (бұдан әрі – № 28 Қағидаларға 1-қосымша) белгіленген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша болашақ сақтандыру төлемдерінің ағымдағы құн факторын есептеу кезінде мынадай өлім-жітім көрсеткіштері пайдаланылады:
1) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 90-100%-ға жоғалтқан тұлғалар үшін;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 60-89%-ға жоғалтқан тұлғалар үшін;
3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 30-59%-ға жоғалтқан тұлғалар үшін;
4) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген және осы тармақтың екінші бөлігі 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген тұлғалар үшін – № 28 Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген кәсіби еңбекке жарамдылығын 5-29%-ға жоғалтқан тұлғалар үшін;
5) осы тармақтың екінші бөлігі 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген – Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген тұлғалар үшін.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде ұлттық валютада жылдық 9 (тоғыз) пайыздан аспайтын мөлшерде кірістіліктің тиімді жылдық пайыздық мөлшерлемесі пайдаланылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері Әдістемеге 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Зейнетақы аннуитеті шарты 
бойынша сақтандыру ұйымынан 
сақтандыру сыйлықақысын және 
сақтандыру төлемін есептеу 
әдістемесіне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 204 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-қосымша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 12.09.2019 жылғы № 157 Қаулысымен (27.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 29.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысымен (12.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (26.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Зейнетақы жинақтарының және сақтандыру сыйлықақысының ағымдағы құнының факторын, жеткіліктілігін, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу
1. Ағымдағы құн факторы дисконтталатын фактордың, тиісті дәрежелердегі индекстеу мөлшерлемесінің және зейнетақы аннуитеті шартын жасасу күнгі жастан бір жылға сақтандыру төлемдерін алу жасына дейінгі алушының өмір сүру көрсеткіші (көрсеткіштері) көбейтіндісі сомасының, дисконтталатын фактордың және тиісті дәрежелердегі индекстеу мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде әрбір сақтанушы бойынша жеке айқындалады:
  
мұндағы:
ä x  0x 0   – жастағы аннуитенттер үшін ағымдағы құн факторы;
     – дисконтталатын фактор;
i   – кірістіліктің тиімді пайыздық мөлшерлемесі;
j   – индекстеу мөлшерлемесі;
  x   жасынан x + t   жасына дейін аннуитенттің өмір сүру ықтималдылығы;
x   – аннуитенттердің аннуитеттік төлемдерді ала бастаған күнгі жасы;
x 0   – аннуитенттердің зейнетақы аннуитеті шарты жасалған сәттегі жасы;
t   – мәні 0-ден ∞-ге дейінгі ауыспалы.
Кепілдік берілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезеңінде және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 13-тармағында көрсетілген жасқа дейінгі кезеңде аннуитенттің өмір сүру ықтималдығы бірге тең;
m   – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі.
2. Сақтандыру ұйымының шығыстарын есептегендегі ағымдағы құн факторы:
  
мұндағы:
ä   – ағымдағы құн факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріндегі істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемінің мөлшеріндегі істі жүргізуге арналған шығыстар (пайызбен).
3. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі және зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:
  
мұнда:
СС – сақтандыру сыйлықақысы;
ЗЖ – зейнетақы жинақтары, екі Сақтанушы болған жағдайда, Сақтанушылардың зейнетақы жинақтарының сомасы;
СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыстағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес;
m   – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
ä 1   – аннуитенттің ағымдағы құнының факторы (бірінші аннуитенттің, шартты екі сақтанушы жасаған кезде);
ä 2   – екінші аннуитенттің ағымдағы құнының факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
– екінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдері мөлшерінің бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қатынасына тең коэффициент (шартты екі сақтанушы жасаған кезде). Бір сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезінде 0 (нөлге) тең мән қабылданады.
Екі сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде зейнетақы жинақтары мен зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының жеткіліктілігін есептеу мақсатында сақтандыру төлемінің мөлшері ретінде бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемінің мөлшері пайдаланылады.
Екі сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде әрбір сақтанушы үшін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін негізге ала отырыпй есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері былайша айқындалады:
  
мұнда:
СС – әр сақтанушы бойынша сақтандыру сыйлықақысы;
СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыстағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес;
m – сақтандыру төлемінің кезеңділігі;
ä   – әр аннуитент бойынша ағымдағы құнның факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен).
4. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша мерзімді сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
  
мұнда:
СС – сақтандыру сыйлақысы;
СТ – сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитеті шартын жасау күніне қолданыстағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 (жетпіс) пайызынан төмен емес.
Екі сақтанушы зейнетақы аннуитеті шартын жасасған кезде екінші сақтандырылушының сақтандыру төлемінің мөлшері бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемінің және γ мөлшерінің көбейтіндісі ретінде айқындалады
m – сақтандыру төлемдерінің кезеңділігі;
ä 1   – аннуитенттің ағымдағы құнының факторы (бірінші аннуитенттің, шартты екі сақтанушы жасаған кезде);
ä 2   – екінші аннуитенттің ағымдағы құнының факторы;
c – сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
d – сақтандыру төлемі мөлшерінен істі жүргізуге жұмсалатын шығыстар (пайызбен);
– екінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдері мөлшерінің бірінші сақтандырылушының сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне қатынасына тең коэффициент (шартты екі сақтанушы жасағаан кезде). Бір сақтанушымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау кезінде 0 (нөлге) тең мән қабылданады.
Зейнетақы аннуитеті шарты
 бойынша сақтандыру ұйымынан
 сақтандыру сыйлықақысын және
 сақтандыру төлемін есептеу
 әдістемесіне
 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдерін
есептеу үшін өлім-жітім көрсеткіштері

Жасы

Ерлер

Әйелдер

45

0,00506324

0,00105021

46

0,00541322

0,00115314

47

0,00578732

0,00126615

48

0,00618720

0,00139024

49

0,00661461

0,00152647

50

0,00707133

0,00167605

51

0,00755957

0,00184026

52

0,00808139

0,00202055

53

0,00856150

0,00221848

54

0,00911608

0,00243578

55

0,00974127

0,00267434

56

0,01043421

0,00293622

57

0,01119231

0,00322371

58

0,01212124

0,00353929

59

0,01305795

0,00388571

60

0,01400278

0,00426596

61

0,01501191

0,00468334

62

0,01596719

0,00514145

63

0,01692128

0,00564423

64

0,01787294

0,00619604

65

0,01882189

0,00680160

66

0,01976891

0,00746613

67

0,02067111

0,00819532

68

0,02161884

0,00899540

69

0,02256598

0,00987319

70

0,02351273

0,01083618

71

0,02551640

0,01189253

72

0,02781936

0,01305117

73

0,03048121

0,01432187

74

0,03357435

0,01571531

75

0,03718733

0,01724312

76

0,03942173

0,01891804

77

0,04240343

0,02075393

78

0,04527532

0,02276590

79

0,04833681

0,02497042

80

0,05159970

0,02738210

81

0,05507533

0,03002636

82

0,05877769

0,03292159

83

0,06272054

0,03609071

84

0,06691831

0,03955854

85

0,07138613

0,04335197

86

0,07613984

0,04750000

87

0,08119598

0,05203393

88

0,08657181

0,05698741

89

0,09325468

0,06239659

90

0,10149249

0,06830019

91

0,11160518

0,07473955

92

0,12400550

0,08175869

93

0,13922717

0,09042079

94

0,15632075

0,10110721

95

0,17551690

0,11431587

96

0,19707469

0,13069990

97

0,22128032

0,15112112

98

0,24847002

0,17473764

99

0,27900683

0,20205015

100

0,31330354

0,23363790

101

0,35182396

0,27016395

102

0,39508920

0,31241675

103

0,44368478

0,36128724

104

0,49826864

0,41781337

105

0,55958003

0,48319612

106

0,62844965

0,55882516

107

0,70582143

0,64631980

108

0,79272471

0,74751993

109

0,87892804

0,85071915

110

1

1