Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 671 бұйрығына
5-қосымша
«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Редакция 25.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - автокөлік құралымен 1, 6 және 7 сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат (бұдан әрі - арнайы рұқсат), немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде № 11476 тіркелген) «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) автоматты түрде электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
2) 6 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін қарау;
3) 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу:
белгіленген талаптардың сәйкестігінде рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушысына қол қоюға жолдау;
бас тарту туралы дәлелді жауапты ХҚО-ға және жеке кабинетке ақпараттық жүйе арқылы жолдау.
4) 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау:
арнайы рұқсатты Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы;
бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорацияға және жеке кабинетке ақпараттық жүйе арқылы.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдар) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіз болады 1-көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:
1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
электрондық өтінішті ақпараттық жүйеде тіркеу;
ұсынылған құжаттарды жауапты орындаушысымен қарастыру;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жауапты орындаушысымен рәсімдеу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы арнайы рұқсатқа қолын қойып, көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкеріне жіберу;
арнайы рұқсатты Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы беру.
2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеу;
ұсынылған құжаттарды жауапты орындаушысымен қарастыру;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жауапты орындаушысымен рәсімдеу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы арнайы рұқсатқа қолын қойып, көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкеріне жіберу;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелігінің сипаттамасы:
1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ақпараттық жүйеге автоматты түрде тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың Стандартымен белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау – 6 (алты) жұмыс күн;
мемлекеттік қызмет көрсетуғе жауапты орындаушысы 4 (төрт) сағат ішінде:
Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде арнайы рұқсатты рәсімдеуін;
Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауапты рәсімдеуін қамтамасыз етеді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы арнайы рұқсатқа қолын қойып, көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкеріне жіберу – 4 (төрт) сағат;
арнайы рұқсат курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдау - 4 (төрт) сағат;
2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу - 1 (бір) сағат;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен ұсынылған құжаттардың Стандартымен белгіленген талаптарына сәйкестігін қарау - 4 (төрт) жұмыс күн;
мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты орындаушысы 4 (төрт) сағат ішінде:
Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздердің жоқтығы кезінде арнайы рұқсатты рәсімдеуін;
Стандарттың 10-тармағында ұсынылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауапты рәсімдеуін қамтамасыз етеді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы арнайы рұқсатқа қолын қойып, көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкеріне жіберу – 4 (төрт) сағат;
көрсетілетін қызметті алушыға арнайы рұқсатты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру - 4 (төрт) сағат;
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштері мен өзге де құжаттарын Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) портал көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беру тәртібінің сипаттамасы қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграмма, портал арқылы № 2 диаграммада осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде рәсімдерінің (іс-қимылдарының) дәйектілігі мен ұзақтыгы:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы:
1-процесс – өтінішті және құжаттарды қабылдау;
1-шарт – ұсынылған құжаттарын тексеру;
2-процесс – өтінішті қабылдаудан бас тарту;
3-процесс – өтінішті тіркейуі және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметті берушіғе жіберу;
көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
1-шарт – порталда жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және құпия сөзі арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректер дұрыстығының тексеру;
2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – портал арқылы ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімі ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
6-процесс – қызметті көрсетуге сұратуға толтырылған нысанды (енгізілғен деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
7-процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;
8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының арнайы рұқсатты беру туралы хабарландыруын (электрондық түрде) жіберу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолдану арқылы жасалынады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті
тасымалдауға арнайы рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу № 1 диаграммасы
Портал арқылы электронды қызмет көрсетуде функционалды өзара әрекеттесу № 2 диаграммасы
Бастапқы хабарлама;
Аяқталған хабарлама;
Аралық хабарлама;
Ақпараттық жүйе;
Процесс;
Шарты;
Хабарламалар ағыны.
«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті
тасымалдауға арнайы рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру»