• Мое избранное

Отправить по почте

6

Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысы

1
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282, 286, 294-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.01.2021 жылғы №4 Қаулысына сәйкес (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.02.2023 жылғы №158 Қаулысына сәйкес (23.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт (бұдан әрі – модельдік келісімшарт);
2) инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі;
3) Мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін модельдік келісімшарттың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2016 жылғы 14 қаңтардағы
 № 13 қаулысымен
 бекітілген
1
Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт
Келісімшарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.12.2019 жылғы №987 Қаулысымен (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Келісімшарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2022 жылғы № 840 Қаулысымен (25.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт бұдан әрі Тараптар деп аталатын, _____________________________________________ негізінде әрекет ететін (ереже немесе бұйрық) __________________________________ (бұдан әрі - уәкілетті орган) атынан (уәкілетті органның атауы) ____________________________________________________________ мен (басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________ негізінде әрекет ететін, инвестициялық жобаны іске (жарғы немесе сенімхат) асыратын _______________________________________________________, (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы, мемлекеттік тіркеу нөмірі, күні) атынан _________________________________________________________ (басшының немесе өзге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – инвестор) арасында жасалды.
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген, бағыттарының бірі экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау және заманауи технологияларды қолданып инвестицияларды жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға салуды ынталандыру, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау болып табылатын Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын;
2) уәкілетті органға тікелей инвестициялық келісімшартты жасасумен және орындалуын бақылаумен байланысты құқықтар берілгенін;
3) уәкілетті орган мен инвестор инвестициялық келісімшарттың ___________________________________ (инвестициялық жобаның атауы) іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандарын назарға ала отырып, уәкілетті орган мен инвестор мыналар туралы осы инвестициялық келісімшартты жасасты.
1. Осы инвестициялық келісімшартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) инвестициялық келісімшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;
2) кірістер – төленетін нысанына қарамастан, пайданы, дивидендтерді және басқа да сыйақыларды қоса алғанда, инвестициялық немесе онымен байланысты қызметтен алынатын кірістер;
3) материалдық емес активтер – жиынтық жылдық кіріс алу үшін ұзақ мерзімді кезең ішінде (бір жылдан астам) пайдаланылатын материалдық емес объектілер;
4) форс-мажор – инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермейтін еңсерілмейтін күш мән-жайлары (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және т.с.с.);
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.05.2024 жылғы № 381 Қаулысына сәйкес (23.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) үшінші тұлға – инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап болып табылмайтын кез келген тұлға;
6) жұмыс бағдарламасы – өндiрiсті пайдалануға бергенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа 1-қосымша;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.07.2018 жылғы № 468 Қаулысына сәйкес (14.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірісін қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешені;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.07.2018 жылғы № 468 Қаулысына сәйкес (14.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.05.2024 жылғы № 381 Қаулысына сәйкес (23.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) инвестициялық басым жоба – ол:
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.07.2018 жылғы № 468 Қаулысына сәйкес (14.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.08.2021 жылғы № 535 Қаулысымен (12.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.05.2024 жылғы № 381 Қаулысына сәйкес (23.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
егер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем болмайтын мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құру бойынша;
8-тармақшаның екінші абзацы 09.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР Үкіметінің 15.05.2024 жылғы № 381 Қаулысымен
егер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем болмайтын мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық жоба.
8-тармақшаның үшінші абзацы 09.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР Үкіметінің 15.05.2024 жылғы № 381 Қаулысымен
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.07.2018 жылғы № 468 Қаулысына сәйкес (14.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 12.01.2021 жылғы №4 Қаулысымен (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы инвестициялық келісімшарттың нысанасы инвесторға инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
3. Инвесторға:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.07.2018 жылғы № 468 Қаулысымен (14.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.01.2021 жылғы №4 Қаулысымен (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.10.2021 жылғы № 764 Қаулысына сәйкес (12.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:
технологиялық жабдықты және оның жинақтауыштарын импорттау кезінде инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ осы инвестициялық келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге кедендік баж салудан босату;
инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін импорттау кезінде 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату;
жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтер пайдалануға берілген күннен бастап осы инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде 5 (бес) жыл мерзімге кедендік баж салудан босату;
инвестициялық келісімшартқа 4-қосымшаға сәйкес жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1 күнінен бастап қатарынан 5 (бес) жыл мерзімге шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату;
  мемлекеттік заттай грант: инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық міндеттемелерін орындаған жағдайда _______________ түрінде _________________ құқығында кейіннен ______________;
2) инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi берiледi:
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.05.2024 жылғы № 381 Қаулысына сәйкес (23.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құру бойынша:
2-тармақшаның үшінші абзацы 09.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР Үкіметінің 15.05.2024 жылғы № 381 Қаулысымен
инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан бастап және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 10 (он) жылдан кешіктірмей аяқталатын инвестициялық келісімшартта көрсетілген басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту;
инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен бастап және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 10 (он) жылдан кешіктірмей аяқталатын жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бірінші актив негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-і күнінен бастап және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және (немесе) қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бірінші актив негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 8 (сегіз) жылдан кешіктірмей аяқталатын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептеу;
жұмыс істеп тұрған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірістерін кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша:
2-тармақшаның жетінші абзацы 09.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР Үкіметінің 15.05.2024 жылғы № 381 Қаулысымен
инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өнім шығаратын соңғы тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өнім шығаратын соңғы тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 3 (үш) жылдан кешіктірмей аяқталатын инвестициялық келісімшартта көрсетілген басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту;
инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген өнімді шығаратын тіркелген активтерді кезең-кезеңімен енгізу кезінде жұмыс істеп тұрған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірістерін кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша:
2-тармақшаның тоғызыншы абзацы 09.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР Үкіметінің 15.05.2024 жылғы № 381 Қаулысымен
инвестициялық жоба шеңберінде өнім шығаратын тіркелген активті пайдалануға беру жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап және инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, өнім шығаратын тіркелген активті енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін 3 (үш) жылдан кешіктірмей аяқталатын инвестициялық келісімшартта көрсетілген басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту.