Toggle Dropdown
63
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 21.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне 17697 теңге мөлшерінде базалық лауазымдық айлықақы белгіленсін;
Toggle Dropdown
2) азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі – ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және (немесе) кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін.
Toggle Dropdown
Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі:
Toggle Dropdown
1) азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі негізінде.
Toggle Dropdown
Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптау қызмет саласына, біліміне, біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персоналдардан қалыптасады;
Toggle Dropdown
2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын (бұдан әрі – ЛА) есептеуге арналған базалық лауазымдық айлықақыға (бұдан әрі – БЛА) қолданылатын коэффициенттер;
Toggle Dropdown
3) жұмысшылар ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған БЛА-ға қолданылатын коэффициенттер;
Toggle Dropdown
4) ұйымдар қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар және үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен өтемақылар;
Toggle Dropdown
5) Бірінші бөлік алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді.
Toggle Dropdown
2. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша ЛА есептеуге арналған коэффициенттер;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жұмысшылардың ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;
Toggle Dropdown
1
4) осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 17-1, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;
Toggle Dropdown
5) тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6) осы қаулыға 24 және 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
1
3. Мыналар:
Toggle Dropdown
1
1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағында көзделген қызметкерлерді қоспағанда, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына берілетін бір ЛА (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, ЛА (тарифтік мөлшерлеме), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;
Toggle Dropdown
2) ұйымдар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Toggle Dropdown
Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) аптасына белгіленген оқу жүктемесін негізге ала отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
Toggle Dropdown
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
Toggle Dropdown
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, еңбек мобильділігі орталықтары мен олардың филиалдарының басқарушы, негізгі персоналы жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
Toggle Dropdown
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
Toggle Dropdown
біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блоктарының негізгі персоналы):
Toggle Dropdown
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3,42 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блоктарының негізгі персоналы):
Toggle Dropdown
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2,34 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Toggle Dropdown
Мыналарды:
Toggle Dropdown
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтерін;