Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 187 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.02.2022 жылғы № 65 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 812-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Депозитарий – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен Уәкілетті ұйымға «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматында аудиторлық есепті де (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесін) береді. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар аудиторлық есепті шоғырландырылған есептілік бойынша ұсынады.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Уәкілетті ұйымның өңірлік бөлімшелерінде (электрондық ақпарат тасығыштарда) немесе депозитарийдің веб-сайтында алуға болатын бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қаржылық есептілікті дайындайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жұмыс істеу нәтижесінде қаржылық есептілігі, оны бекіту туралы шешімі және аудиторлық есебі, сондай-ақ оның сәйкестендіру көрсеткіштері бар бір мұрағат файлы (бұдан әрі – электрондық есеп) қалыптастырылады, оған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұлттық куәландырушы орталық берген ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылуы қажет;»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті ұйым ұсынылған аудиторлық есептің және қаржылық есептіліктің мазмұнын қарамайды.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 187 қаулысына қосымша
Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларына қосымша
Қаржылық есептілік депозитарийі ұйымының сәйкестендіру көрсеткіштері
Р/с № |
Көрсеткіш | Түсіндірме |
1. | БСН | Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
2. | Мемлекеттік тіркелген күні | Ұйымның мемлекеттік (есептік) тіркелген (қайта тіркелген) күні |
3. | Атау | Ұйымның толық атауы |
4. | Орналасқан жері | Ұйымның заңды мекенжайы (пошталық индексі, облыс, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің, пәтердің, телефонның, факстың нөмірі, веб-сайты, е-mail) |
5. | Басшы (жоғары лауазымды тұлға) | Ұйымның бірінші басшысының (ұйымның жоғары лауазымды тұлғасының) тегі, аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |
6. | Бухгалтер | Ұйымның бас бухгалтерінің тегі, аты-жөні және ЖСН, сондай-ақ кәсіби бухгалтердің сертификаты туралы мәліметтер (кім берді, берілген күні, сертификаттың нөмірі), ол мүшесі болып табылатын бухгалтердің кәсіби ұйымының атауы (мүшелік билеттің немесе бухгалтердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні) |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |