• Мое избранное
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген

  • 4
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары
Қағидалар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 25.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мемлекеттік гранттар беру «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
3. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысына сәйкес (19.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-1. Мемлекеттік гранттар бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бизнес-инкубаторлардың резиденттеріне өтеусіз негізде жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімді (тауар, көрсетілетін қызмет) шығару немесе бизнес-процесті қалыптастыру үшін беріледі.
Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеусіз беріледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте мыналар мемлекеттік грант алу  конкурсына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін –  Бағдарлама шеңберінде  оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы;
2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобалар үшін бизнес-инкубатордың резиденті болу, Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен, бизнес-инкубатормен әріптестік келісім жасасқан заңды тұлға – шағын кәсіпкерлік субъектісі.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің бизнес-инкубаторда орналасу мерзімі оны бизнес-инкубатордың резиденті болып айқындаған сәттен бастап үш жылдан аспауы тиіс.
6. Қаржы агенттігінің және ұлттық институттың көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Мемлекеттік гранттар беру үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан аударады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысына сәйкес (19.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысына сәйкес (19.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Терминдер мен анықтамалар
9. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) бизнес-инкубатор – өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну арқылы Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен шағын кәсіпкерлік субъектілерін олардың қалыптасу кезеңінде қолдау үшін құрылған заңды тұлға;
2) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруының және жаңа жұмыс орындарын құруының мерзімдерін қамтитын жоспары;
3) индустриялық-инновациялық жоба – белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын (оларды пайдалану жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін бірыңғай өндірістік циклда жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені технология деп түсініледі, қандай да бір жаңа өнімді  (тауарды немесе көрсетілетін қызметті) немесе процесті, маркетингтің жаңа тәсілін немесе іскерлік практикада, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланысты ұйымдастырудың жаңа ұйымдастырушылық тәсілді тұтынуға енгізу инновация болып табылады) жаңа немесе жұмыс істеп тұрған өндiрiстерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жетілдіруге немесе жаңасын құруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
4) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттармен қоса берілетін өтінім;
5) жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант беріледі;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
6) инновация – жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де экономикалық тиімділікті жоғарылату мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, қоғамдық пайдалы нәтиже түрінде практикалық іске асырылған нәтиже;
7) конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен құрылатын алқалы-кеңесші орган. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды;
8) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған кәсіпкер  (жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
9) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған, жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі дара кәсіпкер (ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы оның Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтініш жасаған күні айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
10) ұлттық институт – бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау және бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттарды ұсыну процестерін сүйемелдеу операторының функцияларын жүзеге асыратын технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
11) жаңа бизнес-идея – мұндай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте бұрын іске асырылмаған тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады);
12) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, әйелдер, мүгедектер және  50 жастан асқан адамдар;
13) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
14) ұлттық институттың ұсынымдары – бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобалар бойынша ұлттық институттың технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамаларының қорытындылары;
15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
16) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын сүйемелдеу үшін тартылатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
17) бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаны іске асыруға грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, ұлттық институт және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант беріледі;
9-тармақ 17-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес
18) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
9-тармақ 18-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес
19) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға арналған өтініш;
9-тармақ 19-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес
20) электрондық құжаттар топтамасы – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін, өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыру өкілеттіктеріне ие адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өзі болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттар.
9-тармақ 20-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес
3. Жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру тәртібі. Мемлекеттік гранттар беру шарттары
3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын, осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 17-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттарын ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
11. Бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатында әрбір кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның ішінде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.
Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:
1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) франшизаға құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске үшін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлікті сатып алуға, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.
11-1. Бір жоба бойынша бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатында әрбір шағын кәсіпкерлік субъектісі конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды