Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.09.2017
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 188 қаулысы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 қыркүйекте № 14263 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.09.2017 жылғы № 170 Қаулысына сәйкес
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"2) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 20-1) тармақшасында көзделген есептілікті – есепті күннен кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей;";
2. "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерінде және есептеу әдістемесінде:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Өтімділікті өтеу коэффициенті сапасы жоғары өтімді активтердің өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде банктің операциялары бойынша ақша қаражаттың нетто әкетілуіне қатысты есептеу күніндегі жағдай бойынша қатынасы ретінде есептеледі.";
екінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"банктің меншігінде болады, оның ішінде банктің бағалы қағаздарды репо, своп операциялары шеңберінде, оларды қайтару міндеттемелерін орындау мерзімі басталғанға дейін тартылатын қаражат бойынша қамтамасыз етумен сату, беру құқықтарына шектеулер болмаған жағдайда қайтарымды негізде жасалатын операциялар (кері репо, своп операциялары және басқа да операциялар) шеңберінде алынған не орналастырылған қаражат және туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде алынған бағалы қағаздар. Банк бағалы қағаздарды орналастырылған қаражат, кері репо операциялары немесе туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша қамтамасыз етуге басқа қарсы агентке берген жағдайда, бағалы қағаздар бастапқы меншік иесі өтімділікті өтеу коэффициентін есептеу күнінен кейінгі күнтізбелік ай ішінде оларды қайтаруы мүмкін болмаған кезде сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне енгізіледі.";
"71. Сапасы жоғары өтімді активтер бірінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Нормативтерге 12-қосымшағасәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген және екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтердің Нормативтерге 12-қосымшаға сәйкес Банктің сапасы жоғары өтімді активтерінің кестесінде белгіленген коэффициенттерге көбейтілген сомасы ретінде есептеледі. Бірінші және екінші деңгейлердегі сапасы жоғары өтімді активтер әділ (нарықтық) құны бойынша сапасы жоғары өтімді активтердің есебіне қабылданады.";
"73. Екінші деңгейдегі сапасы жоғары өтімді активтер деп Нормативтердің 70-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін және:
1) егер Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін жағдайда, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына қойылатын талаптар, оның ішінде Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар;
2) шет мемлекеттердің орталық үкіметтеріне, шет мемлекеттердің орталық банктеріне, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар, оның ішінде шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің орталық банктері, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары, халықаралық қаржы ұйымдары кепілдік берген, Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiнде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы және мынадай талаптардың әрқайсысына сай келетін бағалы қағаздар:
Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес, Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне сәйкес 20 (жиырма) пайыз кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің екінші тобына жатады;
Полная версия
ИС BestProfi