Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 20 қарашадағы
№ 759 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 598-құжат).
2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 35, 462-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 557-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 647 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 259-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 357 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 161-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.
8. «Мұнай операцияларына байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1335 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 48, 551-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 және 2005 жылғы 27 маусымдағы № 635 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 1468 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 40, 390-құжат).
10. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1277 қаулысы.
11. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 880 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 833-құжат).
12. «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1530 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 24-құжат).
13. «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1547 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 35-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi