Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктерін, сондай-ақ Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 190 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте № 17399 болып тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 жылғы № 59 Қаулысына сәйкес  
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидалары бекітілсін.
2. «Сақтанушының сақтандыру ұйымының инвестицияларына немесе кірістеріне қатысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 134 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6540 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 506-512 (26355) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.  
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 190 қаулысына
1-қосымша
Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктері
1. Осы Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі – Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi