Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы сайлау органдарының сайлау процесі субъектілерімен өзара іс-қимылының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 4 қазан № 17/210 қаулы 
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 7 маусымда ратификациялаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына атысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны, Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 20 ақпанда ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны, «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында тіркелген саяси партиялар 2020 жылғы 15 қазанға дейінгі мерзімде өз жарғыларын 2018 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдасын.
1) саяси партиялардың және өзге қоғамдық бірлестіктердің құрылымдарымен сайлауды әзірлеу мен өткізу, электораттық оқыту жөніндегі жұмысты тұрақты жоспарлы негізде ұйымдастырсын және ол туралы ақпаратты Ортсайлаукомға жартыжылдықта бір рет (10 шілдеге және 10 қаңтарға дейін) ұсынып отырсын.
2) саяси партиялардың және өзге қоғамдық бірлестіктердің құрылымдарымен сайлауды әзірлеу мен өткізу, электораттық оқыту бойынша өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізсін және ол туралы ақпаратты 2019 жылғы 10 шілдеге дейінгі мерзімде Ортсайлаукомға ұсынсын.
3. Саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктерге:
1) сайлау заңнамасының, оның ішінде барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізуді, сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыруды, сайлау комиссияларының құрамында кеңесші дауыс құқығы бар саяси партиялар өкілдерінің қатысуын көздейтін жаңа ережелерін зерделеу және тиісінше қолдану жөнінде шаралар қабылдау;
2) сайлау комиссияларының құрамдарындағы өз өкілдерін, кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын және байқаушыларды жеке резервтері есебінен өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының әдістемелік сүйемелдеуімен электораттық оқытуды жүргізу;
3) сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында олардың құрамы бойынша ұсыныстар енгізу кезінде заң, қаржы салаларындағы және АТ-технологиялар облысындағы тиісті тәжірибесі мен құзыретін, көпшілікпен қызмет машықтарын, ал аумақтық сайлау комиссиялары үшін сондай-ақ сайлау комиссияларында кемінде бір сайлау науқанындағы жұмыс тәжірибесін ескеру;
4) мүмкіндіктері шектеулі адамдардың белсенді және бәсең сайлау құқығын қамтамасыз ету, оның ішінде сайланбалы лауазымдарға, сондай-ақ сайлау комиссияларының құрамдарына ұсыну бойынша қосымша шаралар қабылдау;
5) ұлттық және халықаралық байқаушылар ретінде қатысу құқығын белсенді пайдалану ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ортсайлауком мүшесі А.Ж. Ихдановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi