Близость слов: Окончание:





 ​Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2018 жылғы 29 маусымдағы № 162-VI
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат):
«2. Мәслихаттардың депутаттары аумақтық сайлау округі бойынша саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдермен сайланады.»;
«3. Аумақтық сайлау комиссияларын – Орталық сайлау комиссиясы, ал учаскелiк сайлау комиссияларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.
Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды.
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және олардың өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерiстер енгiзуге құқылы.
4. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы шешiмдер, олардың құрамы мен орналасқан жерi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.»;
«7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе Орталық сайлау комиссиясының өтініші негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.»;
3)11-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi