Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 380 қаулысы
Редакция 09.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 маусымдағы № 380
қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.10.2020 жылғы № 662 Қаулысына сәйкес (06.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 681-құжат):
«2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;»;
3. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 60, 325-құжат.):
«1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
3) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 47 Қаулысына сәйкес (14.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 маусымдағы № 380
 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1288 қаулысына
қосымша
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Р/с №

Келісетін мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.

2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.

3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.

4. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.

5. Құрамында психотроптық заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.

2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.

3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.

4. Құрамында есірткі заттар бар 3өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.

5. Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

3


 

Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган

Полная версия
ИС BestProfi