Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.10.2021 жылғы № 725 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы |
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіз |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты ұлт жоспары; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыстар мен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы. |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Бағдарламаның мақсаты |
Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету |
Міндеттер |
Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту; медициналық көмектің сапасын арттыру; денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамыту |
Іске асыру мерзімі |
2020 – 2025 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
2025 жылы: - азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі; - жүрек-тамыр, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30-70 жас аралығында мезгілсіз қаза болу қаупінің деңгейін 15,43 %-ға дейін төмендету; - аналар өлімін 100 мың тірі туғанға шаққанда 14,5-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша); - нәрестелер өлімін 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша). |
Қаржыландыру көздері мен көлемдері |
2020 – 2025 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘлМСҚ) активтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға арналған жалпы шығын 3,2 трлн. теңгені құрайды. |
мың теңге
Жылдар бойынша |
Барлығы |
РБ |
Басқа қаржыландыру көздері |
2020 ж. |
101 479 659 |
79 758 902 |
21 720 757 |
2021 ж. |
190 302 331 |
112 473 864 |
77 828 467 |
2022 ж. |
283 529 037 |
171 364 273 |
112 164 764 |
2023 ж. |
712 064 057 |
483 520 916 |
228 543 141 |
2024 ж. |
892 247 182 |
580 797 471 |
311 449 711 |
2025 ж. |
1 000 696 116 |
616 975 228 |
383 720 888 |
Барлығы: |
3 180 318 382 |
2 044 890 654 |
1 135 427 728 |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде және республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің, ӘлМСҚ активтерінің мүмкіндіктеріне байланысты, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған қаржыландырудың балама көздерін тарта отырып нақтыланатын болады.
2. Кіріспе
«Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсаты айқындалған болатын, бұл қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын (бұдан әрі – КӨҰ) дамыған мемлекеттердің орташа деңгейіне дейін жеткізуді де көздейді. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын – азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен жеке жауапкершілігін іске асыруды қамтамасыз ету ұзақ мерзімді жеті басымдықтың бірі ретінде айқындалған.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) орнықты дамудың түйінді элементі – бұл саламатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдар үшін қолайлы жағдай жасау деген анықтамасын қолдайды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі орта мерзімді стратегиялық даму жоспарында Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) маңызды бағдар етіп айқындаған, онда үшінші мақсаты болып халықтың жақсы денсаулығы мен әл-ауқаты көрсетілген.
Блумберг халықаралық агенттігінің рейтингтік бағалауына сәйкес денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың тиімділік көрсеткіші бойынша Қазақстан 2012 жылы рейтингке қатысушы елдер арасында 111-позицияға ие болды, 2018 жылы 44-позицияға дейін көтерілді. Бұл көрсетілген кезеңде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі жоғарылағанын айғақтайды.