Близость слов: Окончание:





«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20217 болып тіркелді
1. «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:
«6) көлік құралын бастапқы тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу.
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралын бастапқы тіркеу болып табылмайды;».
3-тармақ 17) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
«17) МТНБ телнұсқасы – бұл белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралына МТНБ орнына берілетін МТНБ;».
3-тармақ 18) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындаушы ретінде әрекет ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;»;
«9. Көлік құралдарын тіркеу, тіркеуге өзгерістер енгізу, есептен шығару кезінде барлық қажетті деректер БАЖ-ға енгізіледі. Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерден келген көлік құралдарын тіркеген кезде КҚТК-ның ерекше белгілерінде жазба көрсетіледі: Ресей Федерациясынан ‒ РФ КҚ, Армения Республикасынан ‒ АР КҚ, Беларусь Республикасынан ‒ БР КҚ, Қырғыз Республикасынан ‒ Қырғыз Республикасы КҚ»;
«30. Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктері, консулдық мекемелері қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің көлік құралдарын, сондай-ақ КҚ мұрагерлікке берілген жағдайда құқықтық мирасқордың (мұрагердің) ерік білдіруі бойынша мұрагер автомобильдерге және автобустарға 2,8 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), мотокөлік пен тіркемелер үшін 1,4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлегеннен кейінгі жағдайды қоспағанда, бұрын пайдалануда болған, оның ішінде жоғары сұраныстағы МТНБ-ларды өзге көлік құралдарының иелеріне беруге жол берілмейді.»;
«53. Жеңіл автомобильдің немесе автобустың шанағын, жүк автомобилінің шассиін ауыстырған, оның ішінде басқа модельге (модификацияға) ауыстырған жағдайда, КҚТК-ге көлік құралының бұрынғы шығарылған жылы, маркасы, моделі жазылады. КҚТК-нің «Ерекше белгiлер» деген бағанына тиісті өзгерістің күні көрсетiлiп, «Шанақ ауыстырылды» деген жазба жасалады. Рамасын немесе негізгі шанағын ауыстырған кезде Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Шешімімен бекітілген, «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентімен жекелеген көлік құралы үшін көзделген сызба бойынша сәйкестікті бағалау жүргізіледі.».
«59. Кәдеге жаратуға жататын көлік құралы осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде есептен шығарылады. КҚТК мен МТНБ көлік құралын есептен шығару орны бойынша тапсырылады.
Кәдеге жаратылатын көлік құралының КҚТК, МТНБ болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді. Бұл ретте ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi