Близость слов: Окончание:





Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктерін, Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидаларын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидалары мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидаларын, сондай-ақ Сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктерін, Сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің құнын сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша айқындау қағидаларын, талаптары мен әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 59 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20736 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 жылғы № 74 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидалары;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау қағидалары мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидалары;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру ұйымын ерікті, мәжбүрлеп тарату немесе ерікті түрде сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтерді сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктері;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және оларды инвестициялаудан алынған (жұмсалған) кірістердің (шығыстардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған активтердің құнын сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша айқындау қағидалары, талаптары мен әдістемесі бекітілсін.
2. «Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу қағидалары мен ерекшеліктерін, сондай-ақ Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды, Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 190 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17399 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Орталық депозитарий 2020 жылғы 1 шілдеге дейін мерзімде Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын және бағдарламалық қамтамасыз етуін осы қаулының талаптарына сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Полная версия
ИС BestProfi