Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.10.2023
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы №8-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 39-Ө бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 06.10.2023 жылғы № 4-Ө Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 8-П бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылысжайларының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде он жылдық кезеңге арналған су пайдалану лимиттерін белгілейді;»;
«14) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;»;
«21) су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;»;
«28) жер үсті су объектілері үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
«2) Министрлікке Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;»;
«4) Министрлікің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;»;
20-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары орынбасарларын лауазымға (конкурстық рәсімдер өткізуді қоса алғанда) тағайындайды және лауазымынан босатады;
4-2) аумақтық бөлімшелердің басшылары орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;»;
«6) Министрлікке аумақтық бөлімшелердің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;»;
20-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) Комитетте, Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады және іс-шараларды ұйымдастырады;
8-2) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;»;
«11) аумақтық бөлімшелердің басшыларын іссапарға жіберу (шетелге іссапарды қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;»;
«11-1) Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеумәселелерін шешеді, тәртіптік жаза қолданады;»;
«13) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін және өз құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;».
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурстарына орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев
Полная версия
ИС BestProfi